Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

Жүйесімен танысып, альбомға жазып алу:

Жүйесі

Саркомастигофоралар типі - Sarcomastigophora

Саркодиналар немесе жалған аяқтылар класы - Sarcodina

Амебалар отряды - Amoebina

Өкілі: кәдімгі амеба – Amoeba proteus

Қабыршақты амебалар отряды - Testacea

Өкілдері: арцелла – Arcella, диффлюгия - Difflugia

2. Кәдімгі амеба өсірілген судың бір тамшысын алып, уақытша препарат дайындау керек. Ол үшін зат әйнектің үстіне бір тамшы су тамызып, оны жабын әйнекпен жабу керек. Жабын әйнектің астынан шыққан артық суды сүзгіш қағазбен сорғызып, препаратты ең алдымен кіші ұлғайтқыш объективпен амеба табылғанша қарау керек.

3. Амеба денесінің сыртқы пішініне қарап, жалған аяқтарының пайда болуын бақылай отырып, эндоплазмадағы ядроны, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдерін тауып алу керек.

4. Өсірілген тірі амеба болмаса, онда амебаны тұрақты микропрепараттан қарап, амебаның суретін альбомға салып, тиісті белгілерін қою керек.

5. Тұрақты микропрепараттардан арцелла мен диффлюгияның құрылыстарындағы ерекшеліктерін қарап, тиісті белгілерін көрсетіп, суреттерін салу.

6. Салған суреттерін көрсете отырып, қайталауға арналған сұрақтарға жауап беру.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Не себептен амеба денесінің тұрақты пішіні болмайды?

  2. Амеба цитоплазмасы қандай қабаттарға ажыратылады?

  3. Амеба тіршілігі үшін қажетті негізгі органоидтарды (органеллаларды) атаңыздар?

  4. Амебаның ас қорытуы, тыныс алуы, зәр шығаруы қалай жүзеге асады?

  5. Жиырылғыш вакуоль қандай қызмет атқарады?

  6. Амеба қалай көбейеді?

  7. Қорғаныш қабықшасы-циста дегеніміз не және оның биологиялық маңызы қандай?

  8. Арцелла және диффлюгияның кәдімгі амебадан айырмашылығы неде?

Келесі сабаққа тапсырма: «Саркомастигофоралар типі, Талшықтылар класының» өкілдері жасыл эвглена мен вольвокстың және трипаносоманың құрылыстарын оқып, дайындалып келу.

4-сабақ

Тақырыбы: Саркомастигофора типі- Sarcomastigophora. Талшықтылар класы- Mastigophora

Мақсаты: Жасыл эвглена мен вольвоксты және трипаносоманы мысалға ала отырып, олардың жүйесімен, дене құрылыстарымен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоптар, өсірілген тірі жасыл эвглена, жабын, заттық әйнектер, тамызғыш, сүзгіш қағаздар, жасыл эвгленаның, вольвокстың, трипаносоманың тұрақты препараттары, кестелер

Жалпы түсінік

Жасыл эвглена – денесінің алдыңғы ұшында алға қарай бағытталған бір талшығы бар, денесі ұршық пішінді алдыңғы жағы доғалдау, ал артқы ұшы сүйір микроскопиялық жәндік (3-сурет). Эвглена цитоплазмасының сыртқы қабаты тығыз болып, оның денесінің сыртында қабықша (пелликула) пайда болады. Осындай қабықшасы болғандықтан эвгленаның қозғалғанда дене пішіні көп өзгермейді, тұрақты болады. Эвглена талшығының көмегімен бұранда тәрізді қозғалыс жасайды.

Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз тез қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б) ауыз тесігіне жиналып жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.

Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хромотофорлары болады. Осыған байланысты эвглена аутотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты ағзалар қатарына жатады. Үздіксіз қоректену арқасында цитоплазмада көптеген қор зат ретінде парамил түйіршіктері пайда болады, олар крахмалға жақын көмірсу-парамилі. Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі - стигма орналасқан, қызыл пигмент - гематохромнан

3-сурет. Жасыл эвглена.

1 – ядро, 2 – жиырылғыш вакуольдің алып келгіш каналы, 3 – хромотофорлар, 4 – стигма, 5 – жиырылғыш вакуоль, 6 – жиырылғыш вакуоль резервуары, 7 – талшық, 8 – парамил дәндері

құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады да жұтқыншақ арқылы сыртқа шығарылады.

Жасыл эвглена ұзынынан бойлай бөліну арқылы жыныссыз жолымен көбейеді. Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған қапталып цистаға айналады.

Фитомонадалар отрядының өкілі-вольвокс. Вольвокстар тұщы суларда кең тараған, қауымы шар тәрізді жасыл түсті. Қауымын кілегейлі зат қоршап тұрады, ішінде бір-бірімен цитоплазмалық көпірше (түтікше) арқылы байланысқан жасушалары орналасқан, әрбір жасушаның талшықтары қауымның сыртына қарай шығып тұрады (4-сурет).

Қауымдағы дарақтардың саны 500-ден 20 мыңға дейін жетеді. Жасушаларының құрылысы эвгленаға өте ұқсас, айырмашылығы екі талшықтың болуында. Вольвокстың жасушалары атқаратын қызметтеріне қарай ірілі-ұсақты болып келеді. Ірі жасушалары немесе генеративті жасушалары көбею қызметін атқарады, аналық (макрогамета) және аталық (микрогаметаларды) түзейді. Ал ұсақ жасушалар немесе соматикалық жасушаларының көбеюге қабілеті жоқ, сондықтан қалған барлық қызметтерін атқарады (қозғалу немесе жылжу, ас қорыту т.б)

4-сурет. Вольвокс.

А-қауымның жалпы көрінісі, Б-жынысты жасушалары бар қауымның бір бөлігі, 1-аналық қауымдар, 2-қауымның жеке дарақтары, 3- макрогаметалар, 4-микрогаметалар

Вольвокс жыныссыз полинтомия жолымен көбейеді, шар тәрізді қауымның ішінде жас қауымдар түзіледі. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да, жас шарлар сыртқа шығып, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Жас қауым өсе келе ересек қауымға айналады. Вольвокс жынысты жолмен де көбейеді. Генеративті жасушалардан пайда болған макро- және микрогаметалар қосылып зигота түзейді, зиготаның бөлінуі нәтижесінде қауым түзіледі.

Қауымды талшықты қарапайымдылардың теориялық маңызы зор. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда көпжасушалы жануарлардың ата-тегі біржасушалы қауымды талшықты қарапайымдылар болып саналады.

Трипаносома туысының өкілдері 20-70 мкм-ді сопақша, ұшы сүйірленіп келген талшықтылар (5-сурет). Талшығы ұзын, артқы жағынан басталып

5-сурет. Трипаносома.

1-талшық, 2-толқын тәрізді жарғақ, 3-кинетосома, 4-кинетопласт, 5-ядро

денесінің алдыңғы жағына келіп бос бітеді. Талшық пен жасуша мембранасының арасында толқын тәрізді жұқа жарғақ мембрана түзіледі, сол арқылы жылжиды. Трипаносомалар омыртқалы жануарлар мен адамның қан жасушалары мен ұлпаларында паразиттік тіршілік етеді. Трипаносоманы адамнан адамға тасушы цеце шыбыны.

Лейшмания туысының өкілдері ұсақ, көлемі 2-4 мкм, адамның жасушаларының ішінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты олардың талшықтары жойылған, ал қолдан жасаған қоректік ортада және лейшманияларды тасымалдаушы бунақденелілердің ішінде олар өздерінің ұзын талшықтарын қайтадан шығарады (6-сурет). Лейшмания ауруларын жұқтырушы ұсақ бунақденелілер – москиттер болады (6-сурет Г). Лейшманиоз аурулары Кавказда және Орта Азияда көп тараған. Лейшманиялар адамның тері ауруын немесе пендиканы туғызады. Бұл ауруға шалдыққан адамның терісінде (6-сурет В) терең ойық жаралар пайда болады, олар баяу жазылып орнында кетпейтін тыртық қалдырады.

6-сурет. Лейшмания.

А-жасуша ішіндегі паразиттер, 1-лейшманиялар, 2-жасушаның ядросы, Б- лейшманиялар қолдан жасаған қоректік ортада, 1-талшық, 2-ядро, В-пендика ауруы, 1-жаралар, Г-москит (ауруды тасымалдаушы)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]