Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

  1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

Систематикасы

Саркомастигофоралар типі – Sarcomastigophora

Талшықтылар класы – Mastigophora

Эвглена отряды – Euglenoidea

Өкілі: жасыл эвглена – Euglena viridis

Фитомонадалар отряды – Phytomonadina

Өкілі: вольвокс – Volvox

Кинетопластидтер отряды – Kinetoplastida

Өкілдері: трипаносома – Trypanosoma

лейшмания – Leischmania

  1. Микроскоппен жасыл эвгленасы бар судан уақытша препарат жасап, содан немесе тұрақты препараттан жасыл эвгленаның стигмасын, жиырылғыш вакуолін, хромотофорларын, парамил дәндерін (қоректік заттар қоры), ядросын тауып ажыратыңыздар.

  2. Вольвокстың өсірілген тірі немесе тұрақты препараттарын қарап, аналық және жас қауымын табу керек.

  3. Трипаносоманың, лейшманияның тұрақты препараттарын қарау керек.

  4. Жасыл эвгленаның, вольвокс қауымының жалпы түрін, трипаносоманың, лейшманияның суреттерін салып, құрылыстарын белгілеу керек.

  5. Салған суреттерді көрсетіп, қайталауға арналған сұрақтарға жауап беру.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Жасыл эвглена денесінің тұрақты пішінін қалай түсіндіруге болады?

  2. Жасыл эвглена жасушасында қандай органоидтар бар?

  3. Жасыл эвгленаның аутотрофты, гетеротрофты қоректенуін қалай түсіндіруге болады?

  4. Жасыл эвглена қалай көбейеді?

  5. Жасыл эвглена мен вольвокстің құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

  6. Вольвокстың қауымы қандай жасушалардан түзілген және ол жасушалардың атқаратын рөлі қандай?

  7. Паразитті талшықтылардың қандай ерекшеліктері бар және қандай аурулар тудырады?

Келесі сабаққа тапсырма: «Споралылар типі» тақырыбы бойынша қоян кокцидииі мен безгек плазмодииін мысалға алып, құрылыстарын, даму сатыларын оқып дайындалу.

5-сабақ

Тақырыбы: Споралылар типі- Sporozoa

Мақсаты: Қоян кокцидиясы мен безгек плазмодиясын мысалға алып, споралылардың жүйелік жағдайын, құрылысын және даму сатысын білу.

Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоптар, қоян кокцидиясы мен безгек плазмодиясының тұрақты препараттары, даму сатысының кестелері

Жалпы түсінік

Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, бунақденелілердің ішек эпителий жасушаларында паразитті тіршілік етеді. Кокцидия ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялар бір ядролы, денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит, трофозоит). Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтары болады. Олар спираль тәрізді фибрилді-коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған, саны 2-ден 14-ке дейін роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің жасушаларының ішіне кіреді.

Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі, олар кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды (7-сурет). Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішегіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады.

7-сурет. Қоян кокцидиясының даму сатысы

1-ішек қабырғасының эпителииіне еніп келе жатқан спорозоит, 2-трофозоит, 3-шизонт, 4-мерозоиттарға ыдыраған шизонт, 5,7,8-мерозоиттар, 6-жыныссыз көбеюдің қайталануы, 9-макрогаметаның дамуы, 10-микрогаметаның дамуы, 11-гаметалардың қосылуы, 12-ооциста ішіндегі ұрық, 13,14-споробластардың дамуы, 15-төрт спорасы бар жетілген ооциста (әрбір екіден спорозоиттар бар)

Спорозоиттар әрі қарай даму үшін ішектің эпителий жасушасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит жасушаға еніп, денесі дөңгеленіп, ядросы бар шар тәрізді жасуша-трофозоитқа айналады. Трофозоит өсе келе шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар эпителий жасушаларын әбден зақымдап ішекқуысына шығады да, қайтадан жаңа жасушаларға еніп, денесі дөңгеленіп, шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке бөлініп, шизогония арқылы тағы да мерозоиттар пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді.

Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбей, өсіп макрогаметаларға айналады, ал микрогамонттардың ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Коопуляция нәтижесінде пайда болған зигота, сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын жасуша түзіледі. Әрбір споробласт арнаулы қабықпен қапталынып, спораға айналады. Спораның ядросы екіге бөлініп – екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түссе даму сатысы қайтадан басталады.

Кокцидиялар адамды, жануарларды кокцидиоз деген ауруға шалдықтырады. Кокцидиоз-ішек ауруына душар етеді.

Қанды споралылар кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан жасушаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, үнемі қан сорғыш бунақденелілердің анофелес туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.

Адамда паразиттік тіршілік ететін безгек плазмодиясының даму сатысын қарастырмыз (8-сурет). Безгек масасы адамды шаққанда, сілекеймен бірге адам қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоиттар құрылысына өте ұқсас, тек коноиды болмайды. Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары арқылы бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбею кезеңі басталады. Әрбір спорозоит бауыр жасушасына еніп, жұмырланып шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр жасушаларына еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол жерде жұмырланып шизонтқа айналады, 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тәрізді болады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар пайда болады.

8-сурет. Безгек плазмодиясының даму сатысы

1-масаның сілекей безінен шығып, адам денесіне еніп келе жатқан спорозоиттар, 2,3-адамның бауыр жасушасындағы спорозоиттардың дамуы, 4-спорозоиттардың мерозоиттарға ыдырауы, 5,6,7,8,9,10,11-адамның қызыл қан түйіршігіндегі паразиттің даму сатысы мен көбеюі (шизогониядағы мерозоиттардың пайда болып, эритроцитті тастап шығуы), 12-макрогаметоцит, 13-макрогамета, 14-микрогаметоцит, 15-жетілген микрогаметоцит, 16-маса денесінде микрогаметоциттен микрогаметаның пайда болуы, 17-ұрықтану, 18-маса ішегінің қабырғасына еніп бара жатқан ұрық-оокинета, 19-көптеген спорозоиттардың пайда бола бастауы, 20-спорозоиттардың шығуы, 21-масаның сілекей бездеріне спорозоиттардың жинақталуы, 22,23,24,25,26-адам ұлпасы жасушасындағы плазмодияның даму сатысы.

Бұлар эритроцитті зақымдап қанға шығады да жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп шизогония бауыр жасушасында және эритроциттерде өтеді. Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал эритроциттердің саны азаяды. Сау адамның 1қанында 5 млн эритроциттер болса, ал безгек ауруымен ауырған кезде эритроциттердің саны азайып 1қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады.

Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады: макрогамонттар немесе макрогаметоциттер, бұлар пісіп жетілмеген аналық жыныс жасушалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер, бұлар пісіп жетілмеген аталық жыныс жасушалары. Осыдан кейін әрі қарай даму адам қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.

Безгек масасы ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро- және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде макрогамонттар (макрогаметоциттер) пісіп жетіліп макрогаметаға айналады, ал микрогамонттардың (микрогаметоциттердің) ядросы көпке бөлініп, пісіп-жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар және макрогаметалар қосылып зигота түзіледі. Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозғалуын тоқтатады да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған (10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоиттар пайда болғаннан кейін жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек масасының аралас қуысына түсіп, гемолимфа ағынымен сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен бірге спорозоиттар түседі. Даму кезеңі әрі қарай жалғасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік кезеңі өте күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбею адам қанында, ал жынысты көбею безгек масасының ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі безгек масасы, ал адам аралық иесі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]