Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

  1. Кестеден жануарлар жүйесінің суретін салу.

  2. Альбомға жануарлар типтерінің қазақша, латынша аттарын жазу.

  3. Жүйедегі жануарлар типтерінің қазақша, латынша аттарын жатқа айту.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Не себептен жануарларды жүйелеу керек?

  2. Қандай таксондар бар?

  3. Қосарлы номенклатура дегеніміз не, оны кім ашты?

  4. Таксондар тобы қалай біріктіріледі?

  5. Қандай аралық таксондар бар?

  6. Қазіргі кезде жануарлар әлемінің қандай типтері бар?

  7. Омыртқасыз және омыртқалы жануарларға қандай типтер жатады?

Келесі сабаққа тапсырма: «Саркомастигофора типі. Саркодиналар класы» тақырыбы бойынша дайындалып келу.

3-сабақ

Тақырыбы: Саркомастигофора типі- Sarcomastigophora. Саркодиналар класы- Sarcodina.

Мақсаты: Кәдімгі амебаны және арцелла мен диффлюгияны мысалға ала отырып, саркодиналар класының ерекшеліктерін, жүйесін білу.

Қажетті құрал – жабдықтар: микроскоп, өсірілген тірі амебасы бар су, тамызғыш, жабын және заттық әйнектер, сүзгіш қағаздар, амебаның, арцелланың, диффлюгияның тұрақты микропрепараттары, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Кәдімгі амеба тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. Жасушасының көлемі - 0,5 мм. Денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталған. Цитоплазма екі қабат түзеді, ашық түсті, түйіршіксіз сыртқы – эктоплазма және қоңырқай келетін түйіршікті ішкі – эндоплазма, цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органоидтар орналасқан.

Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде (1 - сурет) пайда болып, сол өсінділердің бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сонымен амебаның тұрақты пішіні болмайды.

Амеба бактериялармен, көк - жасыл балдырлармен ұсақ қарапайымдармен фагоцитоз жолымен қоректенеді. Қорек ететін заттарын жалған аяқтарымен орап алып денесінің ішіне тартады, содан кейін ас қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді. Қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез-келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез-келген жерінен сыртқа шығарып отырады.

I-сурет. Кәдімгі амеба.

1-мембрана, 2-эктоплазма, 3-эндоплазма, 4-ядро, 5-ас қорыту вакуолі, 6- жиырылғыш вакуолі, 7- жалған аяғы (псевдоподиясы)

Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді. Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады, зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға, судың артық мөлшеріне толып жиырылып тұрады.

Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді: ядросы митоз жолымен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады.

Қабыршақты амебалардың құрылысы кәдімгі амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы олардың денесі бір камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршақтар органикалық заттан немесе қоймалжың заттан құралған, бұған майда қиыршық құм тағы басқа бөгде заттар жабысып тұрақты пішінін жасайды. Пішіні қапшық тәрізді, табақша тәрізді т.б. болып келеді. Қабыршақтың устье деп аталатын арнайы тесігі болады, осы тесігі арқылы қабыршақ қуысы сыртқы ортамен қарым қатынас жасайды және псевдоподиялары шығып тұрады. Псевдоподиялары арқылы қозғалады және қоректі заттарын жинап алады. Жыныссыз жолмен көбейеді. Пайда болған екі жасушаның біреуі устье арқылы сыртқа шығып жаңадан қабыршақ түзейді.

Қабыршақты амебаларға (2-сурет) арцелла және диффлюгия туыстарының өкілдері жатады. Бұлар тұщы суларда (судың түбіндегі шөгінділердің бетіне қоныстанады), батпақтарда, ылғалды мүктерде жиі кездеседі.

2-сурет. Арцелла және диффлюгия.

А-арцелланың үстіңгі жағынан қарағандағы түрі, Б-арцелланың бүйір жағынан қарағандағы түрі, 1-қабыршағы, 2-устья, 3-ядро, 4-жалған аяғы, В-диффлюгия, 1-қабыршақ, 2-устья, 3-жалған аяғы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]