Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

I.Жүйесімен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Буынаяқтылар типі- Arthropoda

Кеңірдек тыныстылар тип тармағы - Tracheata

Бунақденелілер класы-Insecta

Тарақандар отряды-Blattoptera

Өкілі: қара тарақан-Blatta orientalis

2. Тірі қара тарақанды немесе коллекциядағы тарақандарды алып, лупаның көмегімен денелерінің бас, көкірек, құрсақ бөлімдерін қарап, әр бөлімнің өзіне тән ерекшеліктерін анықтау.

3. Тірі тарақанды сойып, лупамен қарай отырып, қандай ішкі мүшелерінің көрініп тұрғандығын анықтау.

4. Қара тарақанның сыртқы, ішкі құрылыстарының суреттерін салып, мүшелерін белгілеу.

5. «Буынаяқтылар типінің» слаидыларын қарай отырып, салған суреттерін талдау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Қара тарақанның денесі қандай бөлімдерге бөлінеді?

2. Ас қорыту жүйесінің негізгі бөлімдерін атаңыздар?

3. Қара тарақанның ауыз мүшесінің құрылысы қандай?

4. Мальпигий түтікшелері және майлы денелер қандай қызмет атқарады?

5. Тыныс алу және қан айналу жүйелерінің қандай ерекшеліктері бар?

6. Жүйке жүйесі қандай бөлімдерге дифференциаланған?

7. Сезім мүшелері қалай дамыған?

8. Жыныс мүшелерінің құрылыстары қандай?

23-сабақ

Тақырыбы: Бунақденелілердің ауыз аппараттары

Мақсаты: Бунақденелілердің ауыз аппараттарының түрлерімен танысу

Қажетті құрал-жабдықтар: бунақденелілердің ауыз аппараттарының колекциялары, қол лупалары, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Бунақденелілер тіршілік әрекетінің артуына байланысты қоректі көп керек етеді, қорегі көбіне өсімдіктекті заттар, әр түрлі жануарлардың өлекселерімен және түрлі органикалық заттардың қалдықтарымен қоректенеді. Барлық бунақденелілер үшін алдыңғы аяқтары ауыз мүшелеріне айналып кеткен. Олар қорегін ұсап тұруға, аулауға, ал көптеген түрлерінде қорегін ұстауға қызмет етеді. Осыған байланысты ауыздың құрылысы әртүрлі болып келеді.

Кеміргіш ауыз аппараты (44-сурет, A). Бұндай ауыз аппараты тарақандарда, тікқанаттыларда, қоңыздарда және т.б. болады. Кеміргіш ауыз аппараттың жоғарғы және төменгі жағынан жалпақ кутикулды пластинка жауып тұрады-бұл жоғарғы ерін болып табылады. Жоғарғы еріннің астында екі қатты пластинка-күйсегіштері немесе жоғарғы жағы деп аталатын мүшелері болады,

бұның ішкі жағында тісшелері орналасқан. Күйсегіштерін еттер қозғалтып тұрады, сол себепті қорегін кеміреді және ұсақтайды. Бунақденелілердің күйсегіштері бунақты аяқтарынан пайда болған. Үстіңгі жақтың астында күрделі құрылысты төменгі жақтары болады. Төменгі жақ негізгі екі бөліктен тұрады: ілгіш (кардо) және біліктен. Білігіне бес бунақты қармалауштары және ішкі құлақтары бекінеді. Сыртқы қалағының пластинкасында қалың түктері болады, ал ішкі қалағының пластинкасында жуан қатты түктері және иілген ілмектері болады. Сыртқы қалақтары ауыз аппаратының төменгі жағында төменгі ерні болады. Төменгі ерін негізгі екі бөліктен тұрады-иек алды және иек асты, бұдан басқа екі, үш бөлікті қармалауыштардан екі сыртқы, екі ішкі қалақтардан тұрады. Қалақтар мен қармалауыштардың екі еселенген санына қарағанда,

44-сурет. Насекомдардың ауыз аппараттары.

А – кеміргіш ауыз аппараты (тарақандарда), Б – кеміргіш-сорғыш ауыз аппараты (араларда), В – сорғыш ауыз аппараты (көбелектерде), Г – шаншып-сорғыш ауыз аппараты (қандалаларда), Д – шаншып-сорғыш ауыз аппараты (ұрғашы сары масаларда), Е – сорғыш ауыз аппараты (ересек сары масаларда):

I – жоғарғы ерін, II – жоғарғы жақтар немесе күйсегіштер, III – төменгі жақтар, IV – төменгі ерін, V – жұтқыншақ асты: 1 – ілгіштер (кардо), 2 – білік (стинесі), 3 – сыртқы қалақ, 4 – ішкі қалақ, 5 – қармалағыштар, 6 – иекалды, 7 – иекасты, 8 – ішкі қалақ, 9 – сыртқы қалақ, 10 – төменгі ерін қармалағыштары.

төменгі ерін, төменгі жақ, иек алды және иек асты ауыз мушелері үш жұп аяқтардан пайда болған. Төменгі жақтың түктерінде, төменгі ерінде, сонымен қатар ауыз аппаратының басқа бөлімдерінде, ауыз қуысында көптеген дәм сезу мүшелері болады. Ауыз мүшелерінде көптеген сезгіш жүйке тармақтары болады.

Кеміргіш-сорғыш және жалағыш ауыз аппараты (44-сурет.B). Мұндай ауыз аппараты араларда, бал арасында, гүлдерден шірнеліктер жинайтын жарғаққанаттыларда болады. Бұл ауыз аппараты кеміргіш ауыз апаратына жақын, дегенмен біраз айырмашылықтары да бар. Күйсегіштері үлкен, тісшелері болмайды, олар басқа қызмет атқарады: ұя жасаған кезде балауызды илеп, өңдейді, ал гүлдерге қонғанда аталықтардан тозаң жинап алады. Төменгі жағы, төменгі ернімен қосылып ұзын тұмсыққа (хоботка) айналған, осы тұмсықтарымен гүлдердің шірнеліктерін сорып алады. Сыртқы қалақтары қатты ұзарған, оған қарапайымдалған ішкі қалақтары жанасып тұрады, түктері көп емес. Төменгі ернінің ұзын тілі болады, бұл ішкі қалақтардан пайда болған, бұның көптеген қысқа түтіктері және шырын ағатын науасы болады. Сыртқы қалақтары немесе қосымша тілі, өте кішкентай, ал түктері ұзын болып келеді.

Шаншып-сорғыш ауыз аппараты (44-сурет.Д)-бұндай ауыз аппараты қандала және масаларда үлкен өзгеріске ұшыраған. Үстіңгі және астыңғы жақтары ұзын ауыз қылдарына айналған, олар төменгі еріннен пайда болған тұмсыққа (хоботқа) орналасқан, масаларда жұтқыншақ астынан пайда болған тағы бір қылы болады-бұл ауыз қуысының алға шығып тұрған түбі. Қылдары ұлпаны тесу және сору қызметін атқарады. Масалардың төменгі жағындағы түктері жақсы дамыған, ал қандалаларда бұл жоқ. Жоғарғы ерні ауыз аппаратын үстіңгі жағынан жауып тұрады. Еркек масаларда, қанмен қоректенбейтіндерінде, гүлдердің шырынын соратындарда, ауыз аппараты қарапайым болады, күйсегіштері және төменгі жағы болмайды, яғни шаншып алатын түгі жоқ.

Көбелектердің сорғыш ауыз аппараты (44-сурет В)-екі ұзын төменгі жақтан тұрады, бір-бірімен қосылмаған және спираль тәрізді бұратылған тұмсықтары болады, бұл шірнеліктерді сору үшін керек. Ауыз аппаратының қалған бөлігі қатты қарапайымдалынған, тек төменгі ерінде қысқа қылдарының қалдықтары сақталады.

Бунақденелілердің басқада ауыз аппараты бар. Мысалы, кейбір масаларда төменгі ерні шірінді заттарды жалауға бейімделген, төменгі жақтары жоқ. Бунақденелілердің ауыз аппараттарының құрылыстары атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі болып келеді. Осылай бола тұра барлық ауыз аппаратында жоғарғы жақ, төменгі жақ және төменгі ерін болады. Бұндай ұқсастықтың болуы шығу тегінде кеміргіш ауыз аппаратының болғандығын дәлелдейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]