Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Жүйесімен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Былқылдақденелілер немесе моллюскалар типі - Mollusca

Бауыраяқтылар класы -Gastropoda

Өкпелілер отряды- Pulmonata

Өкілі: үлкен тоспа ұлуы- Limnaea stagnalis

2. Судағы тірі үлкен тоспа ұлуының бақалшағын, бас бөлімін, аяқтарын байқау. Өкпемен тыныс алуын, қозғалуын бақылау.

3. Үлкен тоспа ұлуының ішкі құрылысының ылғалды препаратын лупамен қарай отырып, қандай мүшелерінің көрініп тұрғанын анықтау.

4. Үлкен тоспа ұлуының сыртқы және ішкі құрылыстарының суреттерін салып, мүшелерін белгілеңіздер.

5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Үлкен тоспа ұлуы не себептен бауыраяқтылар деп аталады?

2. Үлкен тоспа ұлуы қайда тіршілік етеді және сыртқы құрылысы қандай?

3. Тоспа ұлуының ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жүйке жүйелерінің қандай ерекшеліктері бар?

4. Буылтық құрттар мен үлкен тоспа ұлудың зәр шығаруында қандай айырмашылықтар бар?

5. Үлкен тоспа ұлуы қалай көбейеді?

6.Үлкен тоспа ұлуының жүйедегі орны қандай?

Келесі сабаққа тапсырма: "Былқылдақденелілер немесе Моллюскалар типі. Қосжақтаулылар класы" тақырыбы бойынша дайындалып келу.

18 – сабақ

Тақырыбы: Былқылдақденелілер немесе моллюскалар типі. Қосжақтаулылар класы.

Мақсаты: Айқұлақтың жүйелілік жағдайы және құрылыстары мен көбеюін оқып білу.

Қажетті құрал-жабдықтар: айқұлақтың ылғалды препараттары, айқұлақтың бақалшақтарының коллекциялары, лупалар, түрлі түсті кестелер.

Жалпы түсінік

Айқұлақ – баяу қозғалатын жәндік. Оның бақалшағы денесін жауып тұратын болып байланысқан екі қозғалмалы жақтаудан тұрады. Екі жақтау қыр арқасының жиегімен өзара иілгіш те серпімді сіңір (лигамент) арқылы байланысады. Бақалшақ жақтауының ішінде мантия төселе орналасқан, ал оның астында моллюсканың денесі бар мантия қуысы болады. Мантияның екі қыртысы аяғының артқы жағында жартылай өсіп, екі сифон түзеді: жоғарғы (клоакалы) және төменгі (желбезекті).

Айқұлақтың денесі сопақша, екі қырынан қысыңқы келіп, тұлғадан және құрсақ жағында орналасқан мускулды (етті) аяқтан тұрады. Айқын бөлінген басы жоқ.

Оның екінші дене қуысы қарапайымдалына жойылған. Ол тек қана жүрек маңы қапшығымен және жыныс бездері қуысымен берілген.

Ас қорыту жүйесі. Айқұлақтың бас бөлімінің жойылуына байланысты жұтқыншағы, жақтары және сілекей бездері жойылған. Аузы денесінің алдыңғы ұшында орналасып, қапшық тәрізді қарынға жалғасатын өңешке ашылады. Қарыннан соң ұзындау орта ішек, сосын артқы ішек кетеді. Артқы ішек денесінің соңғы ұшында орналасқан аналь тесігіне ашылады. Қарынның екі жағында бауыры орналасқан (34-сурет).

Тыныс алу мүшелері – мантияның ішкі жағына орналасқан желбезектер. Олар аяқ түбі мен мантияның арасындағы денесін жағалай байланысқан пластинкалы пішінді болып, денесінің екі бүйірінен салбырап тұрады.

Қан айналу жүйесі ашық. Жүрегі үш камералы болып, бір қарыншадан және екі құлақшадан тұрады. Жүрегі денесінің арқа жағында орналасқан. Оның қарыншасынан екі ірі қан тамыры: алдыңғы (ішек үсті) және артқы (ішек асты) қолқалар шығады. Қолқалар өз кезегінде артерияларға, ал артериялар капиллярларға айналады. Қан капиллярлар арқылы дәнекер болып тұратын ұлпадағы лакун жүйесіне (шұңқырға) құйылады. Көмірқышқыл газына қаныққан қан венаға жиналып, вена арқылы желбезекке келіп, одан көмірқышқыл газ сыртқа шығарылады.

34-сурет. Айқұлақтың ішкі құрылысы.

1 – мантия, 2 – аяқ, 3 – су кіретін сифон, 4 – су шығатын сифон, 5 – алдыңғы және артқы түйістіргіш бұлшық еттер, 6 – ауыз маңы қармалауыштары, 7 – ауыз, 8 – қарын, 9 – бауыр, 10 – ішек, 11 – аналь тесігі, 12 – жүрек, 13 – жүрек маңы қапшығы, 14,15 – бүйрек және оның зәр шығару тесігі, 16,17,18 – бас, аяқ және висцеральді жүйке түйіндері, 19 – жыныс бездері, 20 – желбезек.

Жүйке жүйесі. Айқұлақтың орталық жүйке жүйесі өзара комиссуралармен байланысқан үш жүйке түйіндерінен тұрады.

Баяу жылжуына және су түбіндегі тұнбаға көміліп тіршілік етуіне байланысты сезім мүшелері нашар жетілген.

Зәр шығару жүйесі түрі өзгерген метанефридия сияқты екі бүйректен (боянусов жүйесі) тұрады. Олар екі иілген түтікшелі қапшық тәрізді болып келген. Бүйректің бір ұшы (ішкі) перикардиямен жалғасқан да, ал екінші ұшы (сыртқы) мантия қуысымен байланысқан. Бұдан басқа да зәр шығару мүшесі болып перикардияның алдыңғы бөлімінде орналасқан безді жуандау жері – Кеберов мүшесі болып табылады.

Жыныс мүшесі. Айқұлақтар – дара жынысты. Жыныс бездері денесінің алдыңғы бөлімінде денесінің екі қырын жағалай орналасқан. Шығару жолдары (жұмыртқа бездерін жалпы шығару каналы мен жұмыртқа бездері) бүйрек тесігінің жанынан мантия қуысына ашылады.

Аталық айқұлақ сперматозоидтарын тікелей суға шашады да, су арқылы сперматозоидтар аналықтың үстіңгі кіріс сифонымен аналықтың денесіне енеді. Осы арада олар ұрықтанып, жұмыртқадан глохидий дернәсілі дамиды. Дернәсілдер шығару сифоны арқылы сыртқа сығады. Олар балықтың денесіне немесе желбезегіне жабысып, сөлімен қоректенеді де жетіле береді. Сөйтіп, балық дернәсілдердің иесіне айналады. Біраз уақыттан соң дернәсілдер жас былқылдақденелі жәндікке айналып, иесін тастап, су түбіне түседі. Бұл айқұлақтың даму барысында уақытша паразиттік тіршілік ететінін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]