Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Жүйесімен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Буынаяқтылар типі – Arthropoda

Желбезектыныстылар тип тармағы – Branchiata

Шаянтәрізділер класы – Curustacea

Он аяқтылар отряды – Decapoda

Өкілі: өзен шаяны – Potamobius astacus

2. Коллекциялардан өзен шаянының сыртқы құрылысымен танысу керек. Бұдан баскөкірегін, құрсағын, жүзу қанаттарын, құйрық өсіндісін (тельсонын) тауып, бас бөліміндегі антеннулаларына, антенналарына, көздерінің орналасуына назар аударыңыздар.

3. Аяқтарының жеке көрсетілген ылғалды препараттарынан немесе коллекцияларынан әр бөлімдеріндегі аяқ бөліктерінің аттарын атап, жеке-жеке талдау.

4. Өзен шаянының коллекцияларынан құрсақ жағынан лупалармен қарап, жақ аяқтарын, құрсақ аяқтарын табу.

5. Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылыстарының суреттерін салып, мүшелерін белгілеу керек.

6. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Өзен шаянының денесі қандай бөлімдерге бөлінеді?

2. Өзен шаянында қандай аяқтар бар және олар қандай қызмет атқарады?

3. Өзен шаянының ас қорыту жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

4. Қан айналу және тыныс алу жүйелері қандай құрылысты болып келеді?

5. Зәр шығару процесі қалай орындалады?

6. Өзен шаяны мен жауын құрттың зәр шығару мүшелерінің ұқсастықтары неде?

7. Өзен шаяны мен жауын құрттың жүйке жүйесіндегі ұқсастықтары неде?

8. Өзен шаянының жыныстық деморфизмі қалай байқалады?

9. Жыныс бездерінің құрылыстары қандай және қалай көбейеді?

Келесі сабаққа тапсырма: «Буынаяқтылар типі. Өрмекші тәрізділер класы» тақырыбы бойынша дайындалып келу.

20 – сабақ

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Өрмекші тәрізділер класы

Мақсаты: Шаршылы (крест) өрмекші мен жайылым кенесін мысалға алып, өрмекші тәрізділердің жүйелілік жағдайы мен құрылыстарындағы және көбею ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Шаршылы өрмекшілер мен кенелердің ылғалды препараттары, коллекциялары, қол лупалары, шаян тәрізділер мен өрмекші тәрізділердің диафильмдері, түрлі түсті таблицалар.

Жалпы түсінік

Шаршылы өрмекшінің денесі баскөкірек пен құрсаққа айқын бөлінген. Баскөкірегінің бас бөлімінде төрт жұп жай көздері болады. Олар әр жаққа бағыттала орналасқандықтан, өрмекші айналасындағы заттарды түгел көре алады. Баскөкірегінде 6 жұп аяқтары болады. Солардың ішіндегі алдыңғы жұбы – хелицералар деп аталып, екі буыннан тұрады. Ол ауыздың алдыңғы жағында орналасқан. Осы хелицералардың түп жағында улы бездері болады, қорегін ұстағанда және жауынан қорғанғанда хелицераларын сұғып алғанда улы безден бөлінген уы жәндіктерді өлтіреді. Хелицераларының түбінде ауыз мүшелеріне айналған екінші жұбы – педипальпалары (аяққармалауыштары) бар. Педипальпалар бірнеше буындардан тұрады. Өрмекші жемін жеген кезде оны осы педипальпаларымен сипап сезіп, аударыстырады. Баскөкірегіндегі қалған төрт жұбы – жүру аяқтары деп аталып, әрбір жүру аяғы жеті буыннан құралған.

Құрсағында аяқтары болмайды. Оның артқы ұшынан үш жұп өрмек сүйелдерін көруге болады, оған өрмек бездері ашылады.

Сыртқы жамылғысы хитині бар кутикуладан және оның астында төселе орналасқан қабат эпителиальді жасушалардан – гиподермадан тұрады. Сыртқы жамылғысының астында әртүрлі бағыттағы ет шоғырларынан тұратын бұлшық ет орналасқан.

Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектерге бөлінген (37-сурет). Алдыңғы ішегінде жұтқыншақ, өңеш және қарын орналасқан.

37-сурет. Өрмекшінің құрылыс схемасы:

1 – жай көздері, 2 – сорғыш қарын, 3 – жүрек, 4 – ортаңғы ішек, 5 – бауыр, 6 – мальпигий түтікшелері, 7 – ректальды қапшық, 8 – аналь тесігі, 9 – өрмек

сүйелдері, 10 – өрмек бездері мен оның жолдары, 11 – жыныс бездері, 12 – жыныс безінің жолы, 13 – өкпе қапшығы, 14 – жұтқыншақ асты ганглиозды масса, 15 – қарынның тұйық өсінділері, 16 – хелицера, 17 – улы без, 18 – педипальпа

Жұтқыншаққа жұп сілекей бездері ашылады. Ортаңғы ішек өте жақсы дамыған және де ол қарын мен ащы ішектен тұрады. Қарыннан тұйық өсінділер кетеді. Ащы ішек бөлімінен жұп бауыр жолдары ашылады. Ал ортаңғы ішектің артқы ішекке өтер жолында зәр шығару мүшесі болып табылатын мальпигий түтікшелері ашылған. Бұдан басқа да артқы ішекте кеңейген – ректальді қапшық түзіледі, бұдан соң қысқа тік ішек кетеді.

Тыныс алу екі жолмен: өкпе қапшықтары және кеңірдектерімен (трахеялармен) жүзеге асады. Өкпе қапшықтары сыртынан саңылау тесіктерге – тыныс тесігіне немесе таңба тәрізді тесіктерге (стигмаға) ашылады. Кеңірдектері өте жіңішке түтікшелердің ішінде түтік қабырғаларын ұстап тұратын жіңішке жіп тәрізді спираль болады. Сондықтан да ауа түтік ішінде еркін айналады.

Қан айналу жүйесі ашық. Түтік тәріздес жүрегі құрсағының арқа жағында орналасқан. Қан жүректен шығып қан тамырлармен лакун немесе шұңқыр (мүшелер арасындағы аралық) және синустар системалары дене қуысына құйылады.

Жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті түйіннен және құрсақ жүйке тізбекшелерінен тұрады.

Сезім мүшелері. Өрмекшінің 8 жай көздері болғанымен заттарды айқын ажырата алмайды: өрмекші ортаңғы екі көзімен төңірегіндегі бір метр қашықтықтағы көріністі ғана бағдарлайды.

Өрмекші тұтқы аяқтары (педипальпалары) және аяқтарының ұшымен иісті сезе алады, сондықтан бұлар иіс сезу мүшесі болып табылады. Жұтқыншақ өрмекшінің дәм сезу мүшесі.

Зәр шығару жүйесі. Өрмекшілер аяғындағы сатанбез және мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығарады. Сатанбез – көкіректегі, ал мальпигий түтікшелері дененің құрсақ бөлігіндегі ыдыраған өнімдерді бөліп шығарады.

Жыныс жүйесі және көбеюі. Шаршылы өрмекші – дара жынысты, оның аталығы аналығынан кішкене болады. Жұмыртқа бездері мен тұқым бездері құрсақтарында орналасады. Жыныс бездері жұп болып, ал олардың жолдары өзара қосыла келе, барлық өрмекші тәрізділердің құрсағының бірінші сегментінде орналасқан жыныс тесігінен сыртқа ашылады. Аналық өрмекші күзге қарай қалқалы жерлерде өрмектен сары пілде тоқып, оған мыңға жуық ұрықтанған жұмыртқаларды құндақтайды да, жұмыртқалар қыс бойы жылы пілдеде жатып, көктемде жас өрмекшілерге айналады.

Жайылым кенесінің денесі бунақтарға бөлінбеген, ұзындығы 4 мм-ге дейін келген, сопақша пішінді және де арқасынан құрсағына қарай нығыздалып келген болады. Ауыз ұштары (хелицералары мен педипальпалары) тесіп-сорғыш ауыз аппаратына айналған. Ересек түрлерінде 4 жұп жүретін аяқтары бар, ал ол аяқтарының ұштарында тырнақтары болады. Көздері болмайды. Денесі созылғыш кутикуламен қапталынған. Ал оның астында гиподерма қабаты мен етті талшықтар шоғыры орналасқан.

Ас қорыту жүйесі. Қорегі ауыздан жұтқыншаққа түседі. Жұтқыншаққа сілекей бездерінің жолдары ашылған. Ас жұтқыншақтан ортаңғы ішекке ашылатын жіңішке өңешке (38-сурет) өтеді. Ортаңғы ішегінде кенелердің тұйық

38 – сурет. Кененің ішкі құрылысы:

1 – хелицера, 2 – пальпа, 3 – сілекей бездері, 4 – мальпигий түтікшелері, 5 – кеңірдектері, 6 – жұмыртқа, 7 – ми массасы, 8 – өңеш, 9 – ортаңғы ішек, 10 – ортаңғы ішектің тұйық өсінділері

өсінділері болады. Қорытылмаған өнімдер – артқы ішегі арқылы аналь тесігінен сыртқа шығарылады.

Тыныс алу мүшелері – кеңірдектер (трахеялар).

Кенелердің қан айналу жүйесі нашар дамыған. Жүрегі арқа жағындағы тері жамылғысының астында орналасқан. Жүректен алға қарай аорта (қолқа) кетеді. Қан айналу жүйесі ашық болады.

Жүйке жүйесі өңешті айнала тұтас ганглиялы (түйінді) сақина түзеді. Мұнда жүйке сақинасының үстіңгі бөлімі бас миға, ал астыңғы бөлімі құрсақ жүйке тізбегіне сәйкес келеді.

Зәр шығару мүшелері артқы ішекке ашылатын жұп ұзын мальпигий түтікшелерінен тұрады.

Көбею мүшелері мен дамуы. Аналықтарында бір жұмыртқа безі болады. Жұмыртқа жолы қынапқа өтетін жұпсыз жатынға ашылады. Қынап алдыңғы жағынан жыныс тесігімен сыртқа ашылады. Аталығында екі тұқым бездері, тұқым шашатын жолдары, сыртқа ашылатын бір тұқым шығарғыш каналынан тұрады.

Кенелердің дамуы түрленіп өтеді. Жұмыртқадан ересек кенелерден айырмашылығы бар алты аяқты өте кішкентай дернәсіл шығады. Дернәсілге тән белгі сол, аяқтарының төртінші (артқы) жұбы болмайды. Дернәсілде тыныс, жыныс мүшелері болмайды. Дернәсілдер біраз өмір сүргеннен кейін, тыныштық күйге көшеді. Осы тыныштық күйінде жатып ересек кенелерге ұқсап, төрт жұп аяқ пайда болып нимфаға айналады, бірақ әлі жыныс мүшелері болмайды. Нимфаның жасы бір жастан үш жасқа дейін болады. Нимфалар түлеу арқылы жыныс мүшелері жетілген ересек кенелерге айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]