Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Жүйесімен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Былқылдақденелілер немесе Моллюкалар типі – Mollusca

Қосжақтаулылар класы – Lamellibranchia

Айқұлақтар отряды – Anodonta

Өкілі: айқұлақ – Anodonta cyqnea

2. Айқұлақтың сыртқы құрылысымен танысу үшін, айқұлақтың бақалшақтарының коллекцияларынан: лупамен қарай отырып бақалшақ жақтауларының арқа және құрсақ жақтарының байланысқан жерін табу керек. Бұдан басқа да, оның денесінің кеңдеу және дөңгелек алдыңғы ұшын, қысқа үшкірлеу – артқы ұшын ажыратыңыздар.

3. Бақалшағын көлденеңінен кесіп, бақалшақтың үш қабатын: сыртқы – конхилин, ортаңғы – ақ фарфорлы, ішкі – інжу (перламутырлы) қабаттарын ажыратыңыздар. Бақалшақтарының сыртындағы жылдық өсу сызықтарынан жасын анықтаңыздар.

4. Айқұлақтың ылғалды препаратынан: арқа жағындағы бүтін жабық сияқты шапаншасын (мантиясын) қарап, олардың алдыңғы және артқы шеттеріндегі қатпарларынан түзілген астыңғы – су кіретін, үстіңгі – су шығатын сифондарына және бұлшық етті аяқтарына, ас қорыту мүшелеріне назар аударыңыздар.

5. Айқұлақтың сыртқы және ішкі құрылыстарының суреттерін салып, мүшелерін белгілеңіздер.

6. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналаған сұрақтар

  1. Айқұлақтың сыртқы құрылысындағы және тіршілігіндегі ерекшеліктер қандай?

  2. Су кіретін және су шығатын сифондары қалай пайда болады?

  3. Айқұлақтың дене бөліктерінің үлкен тоспа ұлудың дене бөліктерінен қандай айырмашылықтары бар?

  4. Айқұлақтар қалай қоректенеді?

  5. Айқұлақтың тыныс алу, қан айналу және зәр шығару жүйелерінің қандай ерекшеліктері бар?

  6. Айқұлақтың жүйке жүйесі қандай құрылысты болып келеді?

  7. Айқұлақ қалай көбейіп, дамиды?

  8. Бауыраяқты және қосжақтаулы моллюскалардың дамуында қандай айырмашылықтар бар?

Келесі сабаққа тапсырма: «Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы» тақырыбы бойынша дайындалып келу.

19 – сабақ

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.

Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы құрылысымен танысып, мүшелеу (бунақтау). Өзен шаянының анатомиялық ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: өзен шаянының ішкі құрылысының, жеке аяқтарының ылғалды препараттары, сыртқы құрылысының коллекциялары, қол лупалары, түрлі түсті кестелер.

Жалпы түсінік

Өзен шаянының денесі баскөкірек және құрсақ бөлімі деп екіге бөлінеді. Басы – бас қалағы мен одан кейінгі орналасқан бес сегменттің қосындысынан тұрады және де соған сәйкес бес жұп мұртшалары – антенналары мен антеннулалары (35-сурет), тағы да басқа үш жұп жақтары: жоғарғы бір жұп жақтары (мандибуллалары) мен екі жұп жақтары (максиллдері) жатады.

Көкірегі сегіз сегменттен тұрады, ал оның үш алдыңғы сегменті басқа қарай өскен. Осы сегменттердің соңғылары жақаяқтарға айналған. Шаяндар бұл жақтарымен ұстаған жемін демеп, жақтарымен ұнтақтайды. Басқа қалған соңғы бес сегменттері қозғалту және тыныс алу қызметтерін атқарады.

Құрсағы бірімен-бірі қозғалмалы болып жалғасқан алты сегменттен (бунақтан) құралған. Мұнда бес жұп құрсақ аяқтары болады. Аталықтарының бірінші және екініші жұп құрсақ аяқтары шағылыс (коопулятивті) аппаратқа айналған, аналықтарында бірінші жұп құрсақ аяғы болмайды. Құрсағы құйрық өсіндісімен (тельсонмен) бітеді, ал оның екі шетінде екі жұптан құйрық жүзу қанаттары немесе жүзу пластинкалары орналасқан.

Денесі хитинді кутикуламен қапталынған, ал оның астында гиподермальды эпителий қабаты жатады.

Еттері жеке шоғырлардан тұрады. Олар бір ұштарымен дененің бір сегменттерінің қабырғаларына немесе аяқтарына бекінеді де, екінші ұшымен екінші бір сегменттерінің қабырғаларына немесе аяқтарына бекінеді.

Ас қорыту жүйесі. Қорегі ауыздан жұтқыншаққа одан қысқа өңеші арқылы шайнау қызметін атқатарын қарынға ( 36-сурет) түседі. Ортаңғы ішегі өте қысқа болады және мұнда қарынмен шекаралас жерінде бауыр өзегі ашылады. Астың қорытылуы осы ортаңғы ішекте жүреді. Артқы ішек тік түтік тәріздес болып, денесінің құрсақ жағынан аналь тесігіне ашылады.

Тыныс алу мүшелері көкіректің үстіңгі хитиндерінің астыңғы жағында орналасқан тері жамылғысының шашақталған өсінділерінен құралған желбезектерден тұрады.

Қан айналу жүйесі ашық. Жүрегі денесінің арқа жағында орналасқан және ол жүрек маңы қапшығымен (перикардиямен) қапталған. Жүректен күрделі жүйе – артерия қан тамырлары шығады. Қан артерия қан тамырларынан лакунға немесе шұңқырға ( мүшелер арасындағы аралыққа) құйылады және де ол жерден аға отырып желбезекке келеді. Қанда жиналған көмірқышқыл газ желбезек арқылы сыртқа шығарылады да, ал судағы еріген оттегі желбезектер арқылы қанға өтеді. Оттегіне қаныққан қан желбезек-жүрек каналдарымен жүрек маңы қапшық қуысына келеді де, ол жерден жүрекке өтеді. Жүректің арқа жағында және бүйір жақ қабырғасы мен құрсақ жақ қабырғасында орналасқан, үш жұп остия тесігі қанды жүрек жанындағы синустан жүрек қуысына жіберіп отырады.

35 – сурет. Өзен шаянының арқа жағынан көрінісі. Пунктир сызықпен шаянды союға болатын жерлер көрсетілген:

1– рострум, 2 – антеннула, 3 – антенна, 4 – фасетті көзі, 5 – бірінші жұп жүретін аяғының қысқышы, 6 – жүретін аяқтары, 7 – қарапакс, 8 – желке жігі, 9 – желбезек-жүрек жігі, 10 – құрсағы, 11 – жүзбе пластинкасы, 12 – тельсон.

Жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты жүйке түйіндерінен (ганглиялардан), жұтқыншақ маңы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен құралған. Ал құрсақ жүйке тізбегі әрбір сегментінде орналасқан және жұп ганглияларды қосатын жақындасқан екі ұзын жүйке біліктерінен (стволдарынан) тұрады.

Көру мүшелері – сабақша тәрізді күрделі (фасетті) көздерден тұрады. Тепе-теңдік мүшесі – статоцисталар бірінші жұп мұртшаның бірінші бунағында орналасқан.

Зәр шығару мүшелері – екі жұп бездері – түрі өзгерген метанефридия болып табылады. Бір жұп бездері екінші жұп төменгі жақтың ( максилдің) түбінен сыртқа ашылып, максиллді бездер деп аталады. Ал екіншісі – антенна түбінен сыртқа ашылып, антенді бездер деп аталады. Ересек шаяндар тек антенді бездер арқылы зәр шығарады.

36-сурет. Ұрғашы өзен шаянының ішкі құрылысы:

1 – қарын, 2 – күйсегіш бұлшық ет, 3 – бауыр, 4 – жүрек, 5 – остия, 6 – көз артериясы, 7 – антеннальды артерия, 8 – жоғарғы құрсақ артериясы, 9 – жұмыртқа, 10 – желбезек, 11 – артқы ішек.

Жыныс жүйесі және көбеюі. Өзен шаяны – дара жыныстылар. Жыныстық деморфизм жақсы байқалады. Ұрғашысының құрсағы еркектерінікіне қарағанда жалпақтау болып келеді.

Аталығында ақшылдау келген тақ бөлімі болады, оған алдыңғы жағынан ілгері қарай жатқан жұп бөлімді аталық жыныс бездері жалғасады. Бұдан тұқым жолдары басталып, көкірек аяқтарының соңғы жұбының түбінен барып сыртқа ашылады.

Аналығында алдыңғы жағында қос қалағы бар, тақ аналық безі орналасқан. Қапшық тәрізді аналық безден жұмыртқа жолы кетеді. Аналық бездің ішінде дамып жетілген аналық жасушалар болады. Ұрықтанған аналық өзен шаяны жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын өзінің құрсағында күзден немесе жылдың жазына дейін алып жүреді және жұмыртқадан шыққан жас шаяндар біраз уақытқа дейін құрсағында жабысып жүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]