Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Тірі тарақаннан және бунақденелілердің коллекциясынан қатырылған тарақандардың ауыз аппаратын лупамен қарап, кеміргіш ауыз аппаратының бөліктерін анықтау.

2. Коллекциядағы аралардан кеміргіш-сорғыш ауыз аппаратының бөліктерін анықтау.

3. Масалардан шаншып-сорғыш ауыз аппаратының құрылыстарымен танысу.

4. Лупамен қарап, көбелектердің сорғыш ауыз аппаратының бөліктерін анықтау.

5. Бунақденелілердің әр түрлі ауыз аппараттарының суреттерін салып, бөліктерін тисті белгілермен белгілеу.

6. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салынған суреттіне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Бунақденелілердің ауыз аппараты не себептен әр түрлі болып келеді?

2. Кеміргіш ауыз аппаратының құрылысы қандай, қандай бунақденелілерде кездеседі?

3. Кеміргіш-сорғыш ауыз аппараты қандай бунақденелілерде кездеседі және қандай құрылысты болып келеді?

4. Шаншып-сорғыш ауыз аппаратының кеміргіш-сорғыш ауыз аппаратынан қандай айырмашылықтары бар?

5. Шаншып-сорғыш ауыз аппараты қандай бунақденелілерде кеэдеседі?

6. Көбелектердің ауыз аппаратының қандай ерекшеліктері бар?

7. Бунақденелілерде ауыз аппараты қалай пайда болған?

Келесі сабаққа тапсырма: “Бунақденелілердің дамуы “тақырыбы бойынша дайындалып келу.

24-сабақ

Тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы

Мақсаты: Бунақденелілердің эмбриональды және постэмбриональды дамуымен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуының коллекциялары, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Бунақденелілердің ұрықтанған жұмыртқаларының дамуы екі стадияда өтеді: эмбриональдық және постэмбриональдық даму. Эмбриональдық даму кезеңі бірнеше жасушаларға бөлінуінен бастап сыртқы және ішкі қабаттардың түзілуі мен дернәсіл қалыптасқанға дейінгі барлық өзгерістерді қамтиды.

Постэмбриональдық даму бунақденелілердің әр түрлі отрядтарында біріне- бірі ұқсамай түрленіп дамиды. Постэмбриональдық дамудың сипатына қарай, бунақденелілерді екі үлкен топқа бөлуге болады. Кейбір бунақденелілерде, мысалы, обыр шегірткеде (саранча), қара күйе (тля), кандалаларда (клопы), биттерде (вши) т.б. үш кезеңді: жұмыртқа, дернәсіл, ересек ағза дамуымен сипатталады. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл ағзаға ұқсайды, бірақ өзіне тән ерекшелігі болады. Дернәсілде қанат болмайды, реңі бөлек, жыныс мүшелері жетілмеген және т.б. Мұндай бунақденелілер бірнеше рет түлейді, өседі, ересектеріне айналады. Түлеген кезде қанат пайда болады, жыныс мүшесі жетілмеген дернәсіл нимфа деп аталады. Ал суда дамитын болса наяда дейді.

45-сурет. Бунақденелілердің постэмбриональды дамуының түрлері

А-шала түрленіп даму: 1-дернәсілдер, II-ересек обыр шегіртке; Б-толық түрленіп даму: 1-дернәсіл, П-қуыршақ, Ш-ересек бүрге

Дернәсілден ересек бунақдене пайда болу сатысы имаго деп аталады. Бунақденелілердің осылай дамуын шала түрленіп даму дейді (45-сурет,А). Сонымен бунақденелілерде тіршілік айналымдағы шала түрленіп даму үш сатыда өтеді, оны сызбанұсқа түрінде былай жазуға болады: жұмыртқа- дернәсіл-имаго.

Екінші бір бунақденелілерде (мысалы қоңыздарда, көбелектерде, шыбындарда, және т.б.) төрт саты: жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек ағза кезеңдерін өту арқылы жүзеге асырылады. Жұмыртқалардан ересектеріне мүлдем ұқсамайтын тіршілік ету тәсілі де басқаша құрт тәрізді дернәсіл дамиды. Дернәсіл өсіп, қозғалмайтын тыныштық сатысына – қуыршаққа айналады (қуыршақ негізінде қозғалмайды және еш уақытта қоректенбейді). Қуыршақтың даму кезеңінде оның морфологиялық, анатомиялық құрылысында күрделі өзгерістер болып, ағза қайта қалыптасады. Бұндай жолмен дамуды толық түрленіп даму дейді (45-сурет Б). Сызбанұсқасы: жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-ересек бунақдене (имаго).

Дернәсілдердің және қуыршақтардың құрылыстары әр түрлі болып келеді. Толық түрленіп даму кезеңіндегі дернәсілдердің бірнеше түрлері бар (46- сурет) : а-дернәсілдің жақсы дамыған басы және көкірегінде үш жұп аяқтары болады, мысалы, көпшілік қоңыздардің дернәсілдері б - дернәсілдің басы болады және көкірегінде, құрсағында аяқтары болады, мысалы, көбелектерде в-дернәсілдің басы болады, аяқтары болмайды, мысалы, аралардың дернәсілдері г-дернәсілдердің басы және аяқтары болмайды, мысалы, шыбындарда.

46-сурет. Бунақденелілердің дернәсілдері

А-қоңыздікі, Б-көбелектікі, В-аранікі, Г-шыбындікі

47-сурет. Бунақденелілердің қуыршақтары.

А.ашық қуыршақ (қоңыздікі), Б-жабық қуыршақ (көбелектікі), в-кеспек тәрізді қуыршақ (шыбындікі); 1-антенна, 2-аяқтары, 3-қанаты, 4-тыныс тесіктері

Қуыршақтардің үш түрі бар (47 – сурет) А). Ашық қуыршақтар (аралар, қоңыздар және т.б.) ересектерінде болатындай денесінің бөліктері, мұртшалары, аяқ, қанат, көз және кейбір басқа мүшелері сыртынан жақсы көрініп тұрады Б) Жабық қуыршақтарда ересектердің аяқтары мен қанаттарының өсінділері сыртынан байқалғанымен денесінде тығыз жабысып тұрады. Мұндай қуыршақтар көбелектерге, қоңыздарға, қаңқыздарға тән қуыршақтар. В) кішкене кеспек тәрізді қуыршақтар (шыбындарда), дернәсілінің соңғы сатысындағы қабығы сақталынып, ересектерінің ешқандай белгісі болмайды.

Бунақденелілерде қолайсыз жағдайлар кезінде тыныштық кезеңі немесе диапауза басталады. Диапауза кезеңінде даму болмайды. Диапауза жұмыртқа дернәсіл, қуыршақ сатысында да болуы мүмкін. Қолайлы жағдай туғанда дамуы басталады. Диапаузаның түрлердің сақталуында маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]