Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Жүйесімен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Буылтық құрттар типі -Annelida

Белдеушесіздер тип тармағы- Aclitellata

Көп қылтандылар класы- Polychaeta

Кезеген көп қылтанды құрттар клас тармағы- Errаntia

Өкілі: нереида- Nereis pelacica

Отырып өмір сүретін көп қылтанды құрттар

класс тармағы- Sedentaria

Өкілі: құмқазар - Arenicola narina

2. Нереида мен құмқазардың ылғалды препаратынан қол лупаларымен бас бөліміндегі - мұртшаларын, көздерін және сегменттеріндегі параподияларын табу.

3. Нереида мен құмқазардың сыртқы және ішкі құрылыстарының суреттерін кестелерден салып, мүшелерін белгілеу.

4. Трохофора дернәсілінің суретін салып тиісті белгілерін қою.

5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Нереида мен құмқазарды көп қылтандылар класына жатқызу себебі неде?

2. Нереида мен құмқазардың денелері қандай бөлімдерден тұрады?

3. Параподияның құрылысы қандай болып келеді және қандай қызмет атқарады?

4. Нереиданың бас бөлімінің құрылысы қандай болып келеді?

5. Көп қылтанды құрттардың ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

6. Көп қылтанды құрттардың тыныс алу, қан айналу, жүйке, зәр шығару жүйелері қандай құрылысты болып келеді?

7. Көп қылтанды құрттар қалай көбейеді?

8. Трохофора дернәсіліне сипаттама беріңіздер.

Келесі сабаққа тапсырма: "Буылтық құрттар типі, Аз қылтандылар класы" тықырыбы бойынша дайындалып келу.

16 – сабақ

Тақырыбы: Буылтық құқрттар типі. Аз қылтанды құрттар класы

Мақсаты: Жауын құртын мысалға алып, жүйелілік жағдайы мен құрылыстарындағы және көбеюіндегі ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал - жабдықтар: микраскоптар, қол лупалары, инелер, скальпелдер, табақшалар, тірі жауын құрттары, жауын құртының ішкі құрылысының ылғалды препараттары, көлденең қимасының тұрақты препараттары, рельефті кестесі, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Жауын құртының денесі біркелкі буылтықтан (сегменттерден) тұрады. Оның алдыңғы ұшын бас бөлімі - простомиум деп атайды. (31-сурет) Жауын құртының простомиумында ешқандай өсінді болмайды.

31-сурет. Жауын құртының денесінің алдыңғы бөлімі (бүйір және құрсақ жағының көрінісі). Рим цифрларымен сегменттерінің реттік қатарлары көрсетілген:

1-простомиум, 2-перистомиум, 3-бүйір қылтандары, 4-құрсақ қылтандары,5- аналық жыныс тесігі, 6- аталық жыныс тесігі, 7- белдеушесі.

Одан кейін бірінші ауыз буылтығы - перистомиум орналасқан, оның төменгі жағында аузы болады. Одан кейін көптеген дене сегменттері кетеді. Денесінің екінші сегментінен бастап, әрбір сегментте төрт жұп қысқа қылтандары болады. Өйткені аз қылтанды құрттардың топырақта, ылайда тіршілік етуге көшуімен байланысты параподиялары жойылып, қылтандарының қалдықтары сақталған. Бұл қылтандары денесінің артқы жағына қарай бағытталып құрттың кейін қарай жылжуына кедергі жасайды. Сол себепті аз қылтанды құрттар тек қана алға қарай жылжиды. Денесінің алдыңғы жақ бөлігінде шырыш бөліп шығаратын белдеушесі бар. Оларда шүйке пайда болатын көптеген безді жасушалар болады.

Жауын құртының денесі тері-ет қапшығы кутикуламен, тері немесе жамылғы эпителиймен қапталынған. Бір қабат эпителий қабатының астында ұзын салалы бұлшық еттері болады. Бірақ ұзын салалы еттері денесін тұтас жауып жатпай, төрт таспа түрінде бүкіл дене бойына созылып жатады. Оның екеуі арқа бөлімінде, екеуі құрсақ бөлімінде орналасқан.

Жауын құртының екінші қайтара пайда болған дене қуысы - целом перделермен жеке бөлімдерге бөлінген. Бұл қуыс сұйықтыққа толы болады, сұйықтық денесінің сегменттерінің арқа жағындағы тесіктері арқылы сыртқа шығып, дене сыртын дымқылдап тұрады.

Ас қорыту жүйесі. Жауын құрты өсімдіктердің шірінділерімен, жапырағымен, сабағымен қоректенеді. Қоректену кезінде кездескен топырақты ас қорыту жолдары арқылы өткізіп, түнге қарай жер бетіне шығарып отырады. Оның алдыңғы ішегі жұтқыншақтан, өңештен, жемсаудан және етті қарыннан тұрады. (31-сурет) Аузы денесінің алдыңғы ұшына орналасып, ауыз қуысымен жалғасады. Ауыз қуысындағы қорек жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Өңештің соңғы бөлігі кеңейе келіп жемсауға айналған. Жемсауға етті қарын, қарынға ішек жалғасады. Қарында қорек құрамындағы өсімдік қалдықтары ұсақтанады. Ол ары қарай ас қорыту мүшесінің ең ұзын бөлігі - ортаңғы ішекке айналады. Ортаңғы ішектің арқа жағында оның асты қорыту және сіңіру бетін ұлғайтатын тифлозоль деп аталатын қатпарлы ойысы болады. Тамақтың толық қорытылып, денеге сіңуі ішектің осы бөлімінде орындалады. Қорытылмай қалған қалдық заттар артқы ішекте қиыршыққа айналып, сыртқа шығарылады. Артқы ішек қысқа, әрі тифлозоль болмайды.

Тыныс алу жүйесі. Арнайы тыныс алу мүшесі болмайды. Тыныс алуы қан тамырларының ұсақ капиллярларымен торланған тері арқылы жүзеге асады. Сондықтан жауын кезінде топырақ арқылы өткен су жауын құртының айналасындағы қуысты толтырып, терісі арқылы тыныс алуын қиындатып, тұншықтыра бастайды. Сол себепті топырақтың бетіне, ауасы бар кеңістікке шығуға мәжбүр болады. Міне осы ерекшелігіне байланысты жауын құрты деп атап кеткен.

Қан айналу жүйесі тұйық. Арқа қан тамыры қанның айналуына себепші болатын бөлігі. Ол құрсақ қан тамырларымен метамерлі орналасқан өңеш айналасындағы сақина тәрізді қан тамырларымен жалғасады. Өңеш маңындағы 5-6 сақиналы қаң тамырлары жуандау болып келеді, бұларды жүрек деп атайды. Арқа қан тамырында қан денесінің артқы жағынан алдыңғы жағына қарай ағады, ал құрсақ қан тамырында бұған керісінше болады.

Нерв жүйесі жұтқыншақ айналасындағы жүйке сақинасынан және де құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады. Жүйке сақинасы екі жұтқыншақ айналасындағы (сақиналы) комиссурадан және екі жұтқыншақ асты жүйке түйінінен құралған. Құрсақ жүйке тізбекшелері ұзынша тәжі болып орналасқан екі - екіден қосылған жүйке түйіндерінен (ганглиялардан) тұрады.

Сезу мүшелері нашар жетілген. Әйткенмен жауын құрты жарықты өте жақсы сезеді. Олардың жарық сезгіш жасушалары денесінің алдыңғы ұшында шоғырланған.

Зәр шығару жүйесі - күрделі құрылысты метанефридия. Әдетте әрбір сегментінде екі - екіден орналасқан кішкене имек түтікшелері - зәр шығару мүшесі. Имек түтікшенің бір жағы шұқырақ (воронка) тәрізденіп дене қуысына, екінші жағы келесі сегмент арқылы сыртқа ашылады. Бірақ зәр шығару процесінде ерекше-хлорогенді жасушалардың рөлі зор. Зат алмасуында сұйық бөлігі қанмен келіп ортаңғы ішекті сыртынан қаптап жататын хлорогенді жасушаларға жиналады. Олар ортаңғы ішектің сыртынан дене қуысындағы сұйықтыққа одан шұқырақ (воронка), нефридия түтігі арқылы сыртқа шығарылады.

Жыныс жүйесі және көбеюі. Жауын құрты гермафродитті.

Аталық жыныс мүшесі 10 және 11 сақиналарда орналасқан екі жұп тұқым бездерінен, олардан воронкамен басталып, 15 сақинаның бауыр жағына ашылатын бір жұп тұқым жолынан тұрады. Сол сияқты 9-13 дене сақиналарын алып жатқан үш жұп тұқым қалталары болады. Бұларда дайын тұқым жасушалары сақталады. Ұрықтану кезінде воронка және тұқым жолы арқылы сперматозоидтар сыртқа шығарылады.

32- сурет. Жауын құртының ұзынынан жарып көрсетілген кесіндісі:

1-жұтқыншақ, 2-өңеш, 3-өңеш маңындағы сақиналар, 4-жемсау, 5-етті қарын, 6-метанефридия, 7-ішек, 8-арқа қан тамыры, 9-тұқым қапшығы, 10-тұқым қабылдағыш, 11-диссепимент, 12-жұтқыншақ үсті ганглий.

Аналық жыныс мүшесі 13 сақинада орналасқан бір жұп жұмыртқа безінен, осы сақинадағы воронкадан басталып, 14 дене сақинасының бауыр жағынан сыртқа ашылатын бір жұп жұмыртқа жолынан тұрады. Аналық жыныс мүшесіне осы айтылғандардан басқа 9, 10 сақиналардың құрсақ жағындағы эктодермалық дене жабындысының кеңеюінен пайда болған бір жұп тұқым қабылдағышы болады.

Ересек құрттар айқаспалы ұрықтанады. Бұл кезде екі құрт белдеушелері біріне - бірі қарама- қарсы келетіндей болып алдыңғы ұштарымен жалғасады. Сол кезде әрбір құрттың белдеушесінен шырышты секрет бөлініп, ауада қатайып шүйкеге айналады, яғни құрттың екеуі де (15сақинадан) шүйкеге сперматозоид шығарады. Олар шүйкедегі ерекше жолақ бір құрттың сперматозоиды екіншісінің тұқым қабылдағышына, екіншісінің сперматозоиды біріншісінің тұқым қабылдағышына құйылып, тұқымдарын алмастырады. Содан кейін екеуі ажырасып кетеді. Кейінірек екеуінде де жаңадан шүйке пайда болады. Құртың денесінің алдыңғы ұшының толқын тәрізді қозғалысының нәтижесінде шүйке басына қарай жылжиды, ол 14 дене сақинасының тұсына келгенде оған жұмыртқа 9,10 сақинаның маңына келгенде сперматозоидтар еніп, ұрықтанады. Шүйке құрттың басынан сыпырылып топыраққа түскенде екі ұшы бітеліп, бітеу шүйкеге айналады. Жұмыртқадан кішкене құрт шығып, түрленбей дамып ересек құртқа айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]