Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Тапсырмалар

  1. “Жануарлар әлемінің даму эволюциясының” стендімен танысып, альбомға жазып алу.

  2. Кітаптағы геохронологиялық кестемен танысып, альбомға жазып алу.

  3. А

  4. льбомға жазып алғандарын көрсете отырып, қайталауға

  5. арналған сұрақтарға жауап беру.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Биосфераға сипаттама беріңіздер.

  2. Қандай эралар бар?

  3. Эралардың қандай кезеңдері бар?

  4. Эралар мен кезеңдердің ұзақтығы қандай?

  5. Ең алғашқы тіршілік қандай эрада пайда болды?

  6. Эралардың кезеңдерінде қандай жануарлар өрлеп дамыған және құрып біткен?

  7. Ароморфозға сипаттама беріңіздер.

Келесі сабаққа тапсырма: “Жануарлар әлемінің жүйесі” тақырыбы бойынша дайындалып келу.

2-сабақ

Тақырыбы: Жануарлар әлемінің жүйесі.

Мақсаты: Қазіргі кездегі жануарлар жүйесімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Кесте “Жануарлар жүйесі”.

Жалпы түсінік

Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2 миллионға жетеді және жыл сайын жануарлардың жаңа түрлері табылуда, сондықтан оларды жүйелеп отыру қажет.

Жүйелеу, жануарлар әлемінің әртүрлілігіне байланысты, олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай жануарларды жүйеге немесе таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон «түр». Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші сөзі зат есімі-туыстың аты, екінші сөз сын есімі-түрдің аты. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе бинарлы номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы Карл Линней «Табиғат системасы» деген еңбегінде ұсынған. Қазіргі кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақтылынып келеді. Мысалы, жасыл эвглена, бауыр сорғыш, көкқасқа шегіртке, үй шыбыны және т.б. Қосарлы атау ыңғайлы, себебі бұл түрдің қандай туысқа жататындығы бірден көрінеді.

Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы-туысқа, жақын туыстар тобы-тұқымдасқа, жақын келетін тұқымдастар-отрядқа, отрядтар-класқа, кластар-типке біріктіріледі.

Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондарда қосылады. Мысалы, типке-тип тармағы, класқа-клас тармағы, отрядқа-отряд тармағы, тұқымдасқа-тұқымдас тармағы, туысқа-туыс тармағы, түрге-түр тармағы. Бұдан басқа класс үсті, отряд үсті, тұқымдас үсті т.б. таксондар қосылады. Жануарлардың ірі классификациялық бірлігі-тип, ғасырлар бойы дамыған филогенетикалық жүйенің қорытындысы.

Қазіргі кезде жануарлар әлемі жүйесінің негізіне 23 тип алынған:

  1. Саркомастигофора типі – Sarcomastigophora

  2. Споралылар типі – Sporozoa

  3. Книдоспоридиялар типі – Cnidosporidia

  4. Микроспоридиялар типі – Microsporidia

  5. Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі – Ciliophora

  6. Тақта тәрізділер (Пластинкалылар) – Placozoa

  7. Губкалар типі – Spongia

  8. Ішекқуыстылар типі – Coelenterata

  9. Ескектілер типі – Ctenophora

  10. Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

  11. Немертиндер типі – Nemertini

  12. Алғашқы қуыстылар немесе жұмыр құрттар типі – Nemathelminthes

  13. Скребендер типі – Acanthocephales

  14. Буылтық құрттар типі – Annelida

  15. Буынаяқтылар типі – Arthropoda

  16. Онихофоралар типі – Onichophora

  17. Моллюскалар немесе былқылдақденелілер типі – Mollusca

  18. Қармалауыштылар типі – Tentaculata

  19. Тікентерілілер типі – Echinodermata

  20. Погонофоралар типі – Pogonophora

  21. Жаққылқандылар типі – Chaetognatha

  22. Жартылай хордалылар типі – Hemichordata

  23. Хордалылар типі – Chordata

Жануарлар типтерін даму ерекшеліктеріне, денесінің құрылым айырмашылығына қарай екі бөлімге бөледі. Бірінші титен бастап 23-ші типке дейінгі-омыртқасыз жануарлар, ал 23-ші хордалылар типі-омыртқалы жануарлар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]