Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

  1. Коллекциялардан шала түрленіп дамитын насекомдарды тауып, қөрсетіңіздер.

  2. Коллекциялардан толық түрленіп дамитын насекомдарды тауып, көрсетіңіздер.

  3. Шала және толық түрленіп дамитын насекомдардың коллекцияларынан дернәсілдің, қуыршақтың түрлерін анықтау керек.

  4. Шала және толық түрленіп дамуларлың суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.

  5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар.

1.Эмбриональды және постьэмбриональды даму дегеніміз не?

2. Шала түрленіп дамудың толық түрленіп дамудан қандай айырмашылықтары бар?

3. Бунақденелілердің дамуында дернәсілдік сатысының қандай биологиялық маңызы бар?

  1. Бунақденелілердің дамуында қуыршақ сатысының қандай биологиялық

маңызы бар?

  1. Дернәсілдердің, қуыршақтардың қандай маңызы бар?

  2. Диапауза дегеніміз не?

  3. Диапаузаның бунақденелілер тіршілігінде қандай маңызы бар?

Келесі сабаққа тапсырма: "Бунақденелілердің негізгі отрядтары"тақырыбы бойынша дайындалып келу.

25-сабақ

Тақырыбы. Бунақденелілердің негізгі отрядтары

Мақсаты: Бунақденелілердің негізгі отрядтарының ерекшеліктерімен танысу

Қажетті құрал-жабдықтар: бунақденелілердің коллекциялары, негізгі отрядтар өкілдерінің ылғалды препараттары, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Инеліктер отряды- Odonata

Инеліктер әртүрлі унақденелілермен қоректенетін, жақсы ұша алатын, күрделі көзді жыртқыштыр. Аузы кеміргіш, дернәсілдері суда дамиды, балықтырға тамақ ретінде пайдаланады. Ересектері қорегін аулау ұшып жүріп ұстап, ұшып жүріп жейді. Олар шыбындарды, масаларды, шіркейлерді, соналарды т.б. зиянды бунақденелілерді жеп пайда келтіреді. Инеліктер, олардың дернәсілдері кейбір паразиттік құрттардың аралық иесі қызметін атқарады.

Біркүндіктер l поденки l отряды – Ephemeroptera

Біркүндіктер өздерінің атына сай ересек кезінде өмірінің өте қысқа болуына байланысты алған, ал бірақ дернәсілдері бірнеше жыл бойы өмір сүреді. Біркүндіктер-өте қысқа өмір сүргендіктен, ересек кезінде қоректенбейді, бірнеше сағат немесе бірнеше күндей ғана өмір сүреді. Біркүндіктер нәзік ақшыл қанаттары бар, денесі жұмсақ жабындымен жабылған ұсақ бунақденелілер. Дамуы суда өтеді. Дернәсілдің судағы дамуы екі жылға дейін созылып, бірнеше рет түлеп 25 ретке дейіні суда тіршілік етеді. Бунақденелілердің ересектері ұшып шығып, ұрғашылырын ұрықтандырғасын еркектері өледі, ал жұмыртқаларын суға салғаннан кейін ұрғашылары да өліп қалады. Дернәсілдерін балықтар жейді.

Түзуқанаттылар отряды- Orthoptera

Бұл отрядқа шырылдау мүшесі бар, кеміретін жақ аппараттары бар және артқы аяқтары секіргіш қызметін атқаратын, қанаттары түзу бунақденелілер тобы жатады.

Түзуқанаттылар отрядына шегірткелер, обыр шегірткелер жатады. Көпшілігінде ұзын жұмыртқа салғыш бар. Біразы жыртқыштыр, кейбір түрлері аралас қоректенеді. Түзуқанаттылардың барлығының да еркектері шырылдайды.

Жұмыртқаларын топыраққа бір-бірлеп немесе топтастырып салады. Ондай жұмыртқалар қыстап шығады да келесі жылы көктемде дернәсіл шығып, бүкіл жаз бойы бірнеше 4-6 рет түлеп, ересек ағзаға айналады. Олар туғанан кейін қауымдасу инстинктімен бір бағытқа қарай үйірімен жаяу жылжи отырып өре бастайды. Бұлардың бұндай ауа бастауының себебі-олар өздеріне тамақ іздейді (миграция) қанаты өсіп жетілгеннен кейін ересек бунақденелілер, ұзақ уақыт ауада ұшып жүреді. Сөйтіп өздерінің туған жерінен алысқа кетеді. Түзуқанаттылар мәдени өсімдіктерді жеп, ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізеді. Әсіресе, обыр шегірткелер жаппай көбейген кезінде егістікке үлкен зиянын тигізеді, кейде егісті бүтіндей құртып жібереді.

Мамықжегіштер отряды – Mellophaqa

Мамықжегіштер құстардың қауырсындарының, сүтқоректілірдің түгінің арасында кездесетін паразиттер. Олар сырт пішініне қарағанда биттерге ұқсайды. Паразиттік тіршілікке байланысты қанаттары жоқ, көзі болмайды, аузы кеміргіш. Терінің эпидермис қасаңдарымен, мамықпен, түкпен және иесінің қанымен қоректенеді.

Қоректенген кезде қатты қышынып, иесін мазалап, әлсіретіп, олардан алынатын өнімнің азаюына себепші болады. Мамық жегіштер сау ағзаның екінші бір ауру ағзаға жанасу кезінде жұғады, немесе қос қанатты қан сорғыштар дернәсілдерін тасымалдап жұқтырады. Паразиттер иесіз 2-3 күн ішінде өліп қалады. Көптеген түрлері тауықтың, су құстарының, сүтқоректілірдің паразиті.

Биттер отряды – Anoplura

Биттер тек сүтқоректілердің ғана паразиті, солардың қанын сорады. Қанатсыз, қысқа аяқтары бар, пісіп-сорғыш ауыз аппараты, адамда паразиттік тіршілік ететін биттерде көз бір шамалы жақсы дамыған, ал үй жануарларында тіршілік ететіндерінде нашар, әйтпесе тіпті көрінбейді. Биттер жануарлардың жүнінің арасында тіршілік етіп, тек қана қанмен қоректенеді. Олардың жұмыртқаларын сірке деп атайды. Әртүрлі биттер сүтқоректілірдің белгілі бір түрлеріне үйренген. Үй жануарларының ішінде бұл паразиттерден шошқалар мен жылқылар азап шегеді, сонымен бірге олар ірі қара малдарда, ешкілерде, иттерде, үй қояндарында т.б. кездеседі. Адамдарда биттердің үш түрі паразиттік тіршілік етеді. Олар: бас биті, іш киім биті, шап биті.

Паразит ретінде биттердің екі түрлі рөлі бар. Біріншіден паразиттік тіршілік еткен иесін әлсіретеді. Екіншіден адам мен жануарлардың өміріне қауіпті ауруларды жұқтырады. Олар бөртпе сүзек, сібір жарасы, шошқа обасын т.б. аурулар биттер арқылы жұғады. Біздің еліміздің жоспарлы жүргізілетін жұмысының нәтижесінде олар сирек кездеседі.

Тең қанаттылар отряды – Homoptera

Өсімдіктермен қоректенетін ұсақ бунақденелілер. Ауыз аппараты пісіп-сорғыш, екі жұп қанаттары да артқы қанаттары алдыңғы қанаттарынан кішірек болып келеді, кейбір түрлерінде мүлдем болмайды. Көпшілік түрлері партеногенез жолымен көбейеді. Көптеген өкілдері жеміс ағаштарының, огород өсімдіктерінің, егістіктердің, орман ағаштарының және басқа да пайдалы өсімдіктердің зиянкестері. Бұларға шөп биттері, щитовкалар т.б. жатады. Шөп биттерінің барлығы дерлік зиянкестер. Әсіресе жүзім, алма, капуста т.б. ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіреді. Шитовкалар жеміс ағаштарының, ағаш, бұта өсімдіктерінің зиянкестері.

Жартылай қатты қанаттылар немесе қаңдалылар отряды- Hemiptera

Сыртқы пішіні алуан түрлі болып келетін, құрлықта да, суда да, тіршілік ететін бунақденелілер. Көпшілігі өсімдіктермен қоректенеді, аздаған түрі жыртқыш, ал кейбіреулері паразиттік тіршілік етеді. Аузы пісіп-сорғыш, алдыңғы қанаты жартысына дейін қалыңдау, қатты болады да, үш жағы жұқа жарғақпен аяқталады. Ересек қандалаларда ұнамсыз иісі бар сұйықтық зат шығарып тұратын безі болады. Қандалалардың көпшілігі жылына бір рет ұрпақ береді. Жұмыртқаларын өсімдіктердің әр түрлі мүшелеріне салады. Дернәсілдері шала түрленіп, бес рет түлеудің нәтижесінде ересек ағзаға айналады.

Кандалалардың арасында көпшілігі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері (бидай, азықтық өсімдіктер және т.б.) кейбіреулері шабақтарға шабуыл жасап, жыртқыштық өмір сүреді. Отрядтың құрамында қан сорып тіршілік ететіндер де белгілі, олар төсек қандаласы. Қандалалар тек қана үйлерде емес, кеміргіштердің індерінде, құстардың ұяларында кездеседі. Толық анықталмаған, деседе қандалалардың кейбір инфекциялық ауруларды таратуы ықтимал.

Қатты қанаттылар немесе қоңыздар отряды – Coleoptera

Бунақденелілердің ең түрге бай және ең ірі өкілдері. Аузы кеміргіш, аса қатты келген сыртқы жамылғысы және жүйкесі болмайтын қатты үстіңгі қанатын-элитра деп атайды. Артқы қанаты жұмсақ, ұшу қызметін атқарады. Ал кейбір түрлерінде қанат жойылып кеткен. Көкірек аяқтары көпшілігінде жүгіргіш, суда тіршілік етуге бейімделгендерінде ескекке, қазғыш мүшеге айналған. Дернәсілдері құрт тәрізді, ашық қуыршаққа жатады, жетілу кезінде қозғалмайды.

Қоңыздардың түрлеріне қарай тіршілік тәсілдері алуан түрлі. Көптеген жыртқыш қоңыздар егістіктер мен көкөністердің зиянкес бунақденелілерін жеп пайда келтірсе, қи қоңыздар мен өлексе жегіштер жануарлардың қиы мен өлекселерін жойып дала санитарларының қызметін атқарады.

Ызылдық қоңыздардың, жүзегендердің ересектері де, дернәсілдері де зиянды бунақденелілермен қоректеніп үлкен пайда келтіреді. Олар құстар қоректене алмайтын қарағай жібек көбелегінің және басқа көбелектердің түкті жұлдыз құрттарын жояды.

Нағыз жыртқыш қоңыздарға қаңқыз да жатады. Олар шөп биттерімен қоректеніп үлкен пайда келтіреді. Ал скрабейлер қидан домалақтап доп тәрізді жасап, оны жұмсақ топыраққа көміп жұмыртқаларын салады, қалғанымен қоректенеді. Мұндай ерекшеліктері өлексе қоңыздарынан да байқауға болады.

Қоңыздардың бірқатар туыстары таза өсімдік қоректілер. Олар ауыл шаруашылығының, орман ағаштарының қауіпті зиянкестері. Мысалы, зауза қоңызы бидай, күріш сияқты дәнді дақылдардың зиянкесі. Олар жұмыртқасын топыраққа салады, ол одан шыққан дернәсіл өсімдік тамырымен қоректеніп, екі жылдан соң ересек қоңызға айналады.

Шыртылдақ қоңыздардың дернәсілдері жүгерінің, бидайдың т.б. дәнді дақылдардың, картоптың тамырын, тамыр түйнегін жеп зиян келтіреді. Сол сияқты жапырақ кеміргіштер, отыншылыр, шырша ұзын мұрт қоңызы, терек ұзын мұрт қоңызы, су сүйгіштер т.б. жыртқыш қоңыздар тоғандардағы балықтарға және тағы басқаларға шабуыл жасайды.

Бүргелер отряды – Aphaniptera

Денесі екі бүйірінен қысыңқы, қанаты жоқ, аузы пісіп-сорғыш құстар мен сүтқоректілірдің қанын соратын сыртқы паразит бунақденелілер. Үшінші жұп аяғы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілмеген, соған сәйкес секіріп қозғалады. Көзі қарапайым. Дернәсілдері құрт тәрізді, аяқсыз, ал қуыршақтары шүйкеде болатын ашық түріне жатады. Дернәсілдері жануар тектес, шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Дернәсілдері қуыршаққа айналар алдында денесінен жіңішке жіп шығарып, соған оранып шүйкеге айналады.

Бүргелер аса қауіпті эктопаразиттер. Олар әртүрлі жануарлардың денесінде бір жерде отырып, немесе жылжып жүріп тіршілік етеді. Мысалы, адам бүргесі мысықта, итте, жылқыда т.б. егеуқұйрық бүргесі, ит бүргесі адамға шабуыл жасайды. Жануарларда бүргенің бірнеше түрі паразиттік тіршілік етеді. Мысалы, егеуқұйрықтан бүргенің 15 түрін тапқан.

Бүргелер адамды және жануарларды шағып, қышытып, дұрыс демалуға, малдардың дұрыс жайылуына мүмкіндік бермейтін паразит. Сонымен қатар өте қатерлі ауру обаны (әртүрлі кеміргіштерден саршұнақтар, егеуқұйрықтар, суырлар т.б.) жұқпалы ауруларды таратушылар. Олар кейбір таспа құрттардың аралық қожасы қызметін атқарады.

Жарғақ қанаттылар отряды – Hyenoptera

Жарғақ қанаттылар бунақденелілер класының ішіндегі эволюциясы жақсы дамыған түрге бай топ. Бұларға: шаншарлар, ара құйрықтылыр, аралар, наездниктер, құмырсқалар т.б. жатады. Бұлардың екі жұп жарғақ тәрізді қанаты бар, соңғы қанаты алдыңғы қанатынан кішірек болып келеді. Басы көкірегімен қозғалмалы болып жалғасқан. Басында күрделі көздері болады. Ауыздарының құрылысы әр түрлі: көпшілігінікі кеміргіш, ал аралардікі сорғыш, жалағышта болады. Төменгі сатыдағы жарғақ қанаттылардың (ұрғашылырында) құрсағының ұшында (шаншарларда) жұмыртқа салғышы, ал жоғарғы сатыларында (араларда) жұмыртқа салғыш өзгеріп шаншарға айналады. Дернәсілдері аяқсыз басы нашар жетілген, соқыр, құрт тәрізді болады. Әсіресе ондай ерекшеліктер қауымдасып тіршілік ететін аралар мен құмырысқаларда жүйке жүйесінің қызметі жақсы жетілген. Өйткені ұя салуда, ұрпақтарын күтіп, асырауда жүйке жүйесінің қызметі жақсы көрінеді. Бұлардың арасында көптеген түрлер қауымдасып тіршілік етеді. Сондықтан ондай қауымның ішінде, аналық, аталық жыныс мүшелері дамыған ұрғашылыры, жұмысшылыр, ұрпақтарын қоректендіретін солдаттар сияқты дарақтары болады.

Жарғақ қанаттылардың биоценозда және халық шаруашылығында маңызы зор. Мысалы, ара мен құмырсқалардың келтіретін пайдасы көп. Аралар бал сияқты бағалы тамақ зат, балауыз, прополис, ара сүті, ара уы, гүлді өсімдіктерді тозаңдырады. Құмырсқалар ормандарды қорғауда ағаш зиянкестерін жойып топырақты қопсытып пайда келтіреді. Бунақденелілер дернәсілдеріне, қуыршақтарына өзінің жұмыртқаларын салып, оларды жойып көп пайда келтіреді. Осы отрядтың өкілі, пайда келтіру жағынан бірінші орында тұрған бал арасы. Бал арасы қауымдасып тіршілік етеді. Бір қауымының құрамында бір ғана ұрғашы аналық, бірнеше жүздеген еркек ара және жыныс мүшелері жетілмеген он мыңдаған жұмысшы ұрғашы-аналық аралар болады. Ұрғашы ара мен еркек аралар тек қана көбеюге қатынасады, ал жұмысшы аралар омартадағы барлық жұмысты рет-ретімен орындап отырадыl тазалықтан бастап қорғауға дейінl.

Атқаратын қызметтеріне қарай ұрғашы, еркек жұмысшы аралардың дене құрылысы ұқсас болмай әртүрлі болады. Жұмысшы араның аузы шырын жинауға бейімделген, ал жақтары мен аятары гүлдің тозаңдарын жинауға бейімделген. Жұмысшы араның сілекей бездері, дернәсілдерді бірінші күндері қоректендіру үшін арнайы сүт бөліп шығарады. Олардың жемсауларында шырында балға айналдырады т.б. Жұмысшы ара мен ұрғашы араның құрсағының артқы ұшында піспегі (жало) болады. Еркек аралар мен ұрғашы аралар жұмысшы араларға қарағанда ірі болып келеді. Оларда иіс мүшелері орналасқан мұртшалары жақсы дамыған.

Ұрғашы аралар өмірінде бір-ақ рет ұрықтанады. Еркек аралар үрғашы арамен шағылысқаннан кейін өледі. Ұрғашы аралар бір маусымда 150000-200000-ға дейін жұмыртқа салады. Еркек аралар тек ұрықтанбаған жұмыртқадан дамып шығады. Даму ұзақтығы: ұрғашы ара 15 күндей, еркек аралар 24-күндей, жұмысшы аралар – 21 күн. Қысқа қарай еркек араларды омыртқадан қуып шығады, нәтижесінде өледі, ал жұмысшы аралардың да саны белгілі дәрежеде азаяды.

Қабыршақ қанаттылар немесе көбелектер отряды – Lepidoptera

Көбелектердің негізгі белгісі түрлі-түсті болып келетін екі жұп қанаты. Алдыңғы және артқы қанаттары бір-біріне ұқсамайды. Қанаттарында көлденең жүйкелері болмайды. Сұйық тамақпен қоректенуіне байланысты аузы сорғыш болып келеді. Басында бір жұп күрделі көзі, пішіні түрліше болып келетін бір жұп мұртшасы болады. Көбелектің дернәсілдерін басқа бунақденелілер құрт тәрізді дернәсілдерінен оңай айыруға болады. Қабыршақ қанаттылардың құрт тәрізді дернәсілін жұлдыз құрт деп атайды. Олардың басы денесінен айқын бөлінген, аузындағы кеміргіш аяғынан басқа, көкірек аяқтары да бар. Көбелектің қуыршағы жабық түрінде кездеседі, кейбір түрлері пілла жасап, соның ішінде қуыршақтанады. Көбелектердің жұлдыз құрттары жемісті, жапырақты, сабақты, гүлді бүлдіріп, жеп зиянын тигізеді. Ал ересектері өсімдіктерді тозаңдыруға қатысады. Сонымен бірге көбелектер мен олардың жұлдыз құрттарымен көптеген құстар қоректенді. Көбелектердің ішінен ең пайдалысы тұт жібек көбелегі мен емен жібек көбелектерін айтуға болады.

Тұт көбелегі жабайы күйінде кездеспейді. Қолға үйретуге байланысты көбелек ұша алмайды. Тұт көбелегін Қытайда ерте замандардан бері асырап келген (осыдан біздің жыл санауымыздан 2500 жыл бұрын қытайда жібек шарушылығы шыққан дейді). Тұт жібек көбелегі мен емен жібек көбелектерінен табиғи сапалы жібек жіптер алынып, олардан сапалы әртүрлі әсем, бағалы бұйымдар жасалады.

Көбелектердің көпшілігі қауіпті зиянкестер. Оған күйелер, жапырақ ширағыштар, қан көбелектер т.б.жатады. Демек, олар орман, жеміс ағаштарының, бақшалардың және басқа пайдалы өсімдіктердің зиянкестері. Күйелер жұмыртқасын теріден, жүннен жасалған бұйымдарға, кілемдерге т.б. заттарға салатын өте ұсақ көбелек. Оның жұмыртқадан шыққан дернәсілдері жүн- жіппен, теріден істелген бұйымдардың жүнімен қоректеніп, бүлдіріп істен шығарады. Күйенің басқа да түрлері бар. Оларға: алма, капуста, терек т.б. пайдалы өсімдіктердің зиянкестері.

Қос қанаттылар отряды – Diptera

Қос қанаттылар отряды бунақденелілердің ішіндегі түрге бай, жоғары сатыдағы дамыған топ. Бұлар өте жақсы үша алатын, тек қана алдыңғы бір жұп қанаты бар бунақденелілер. Қанаты жұқа, мөлдір жарғақ тәрізді, ұзыннан және көлденең жүйкелері болады. Оларға тән ерекшеліктер басы өте қозғалмалы, екі өте үлкен көздері болады. Тіршілік ету тәсіліне қарай аузы пісіп сорғыш немесе сорғыш немесе жалағыш болып бейімделген. Дамуы түрленіп дамиды. Дернәсілдерінде аяғы, көпшілігінде басы болмайды. Қуыршақтары қозғалғыш, жалған шүйкенің ішінде жатады. Қос қанаттылардың маңызы зор. Кейбір түрлерінің дернәсілдері зиянды бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік етіп, немесе оларды жеп пайдасын тигізеді, кейбір түрлердің дернәсілдері өліктерімен, іріп-шіріп органикалық қалдықтармен және нәжістермен қоректеніп бізді қоршаған ортада зат алмасу қызметін тездетуде белгілі қызмет атқарады. Хиромид туысна жататын масалардың дернәсілдері суда өмір сүреді, олармен көптеген тұщы су балықтары қоректенеді.

Қос қанаттылардың көпшілігі зиянкестер. Олардың дернәсілдерімен мәдени өсімдіктердің зиянкестері дәнді егістердің, жеміс-жидектердің l(щвед шыбыны, егін сабағының шыбыны т.б.). Көптеген түрлері (масалар, шіркейлер, соналар және т.б.) үй жануарлары мен адамдардың қанын сорады және оларды мазалайды. Қансорғыштардың біразы (масалар, шіркейлер, соналар және т.б.) және қан сормайтын бунақденелілер (үй шыбыны, масалардың басқа түрлері) адамдар мен үй малдырының әртүрлі ауруларын таратады (трипоносомозды, лейшманиозды, малярияны, сібір жарасын киеңкі ауруын, туберкулез, жұқпалы ішек аурулардың, туляремия, энцефалиттің кейбір формаларын – түрлерін және т.б.). Оқыралар мен бөгелектердің дернәсілдері үй және жабайы малдардың әртүрлі мүшелерінде тіршілік ететін паразит, олардың қоңдануына кедергі жасайды.

Қанаттылар отряды екіге бөлінеді: ұзынмұрттылар отряд тармағы, оларға: масалар, үндемес шіркейлер, құмыттылар, шіркейлер, галлицалар т.б. жатады. Бұлардың өзіне тән жіп сияқты мұрттары болады. Дернәсілдердің басы жақсы дамыған суда, топырақта, өсімдіктерде, тірі заттарда өмір сүреді. Қуыршақтары ашық, қозғалғыш болады.

Масалар, құмытылар, шіркейлердің еркектері гүлді өсімдіктердің шырынымен қоректеніп, ұрғашылыры жылы қанды жануарлармен адамдардың қанын сорады. Қан ұрғашылардың жұмыртқаларының жетілуіне қажетті белокты зат.

Қысқа мұрттылар отряд тармағы. Бұлардың мұрттары үш буынды болып келеді. Отряд тармағына: соналар, оқыра мен бөгелектер, швед шыбыны, қансорғыштар (сүтқоректілер мен құстардың қаннын сорады) және т.б. жатады. Дернәсілдерінде бас болмайды, аяқтары да жоқ. Қуыршақтары жалған шүйкеде болады. Бұлар әртүрлі аурулар таратып, ауыл шаруашылық малдарын мазалап, алынатын өнімдерді азайтып, төлдердің өсуіне нұқсан келтіретін бунақденелілер. Ересек оқыралар мейілінше ірі болып келеді (ұзындығы 8-20 мм-ге дейініl). Реңі (түсі) сарғыш-қоңыр, сарғыш-бурыл, қара-бурыл болып келеді. Оқыра қан сормайды, оның теріні тесетін мүшесі болмайды, ересек бунақденелілер тіпті қоректенбейді, өйткені оның ауыз мүшелері толық жетілмеген өздерінің қысқа өмірінде олар қоректенбейді. Үй малдарының айналасында ұшып жүру себебі, малдың жүнінің арасына жұмыртқаларын салу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]