Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Шаршылы өрмекші мен жайылым кенесінің жүйесімен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Буынаяқтылар типі – Arthropoda

Хелицералылар тип тармағы – Chelicerate

Өрмекші тәрізділер класы – Arachnida

Өрмекшілер отряды – Aranei

Өкілі: шаршылы (крест) өрмекші – Araneus diadematus

Кенелер отряды – Acarina

Өкілі: жайылым кенесі – Jxodes persulcatus

2. Шаршылы өрмекшінің ылғалды препаратынан баскөкірек, құрсақ бөлімдерін қарап, құрсағындағы шаршыны бақылау.

3. Лупалардың көмегімен бүтіндей қатырылған өрмекшілерді қарап, баскөкірегінен 6 жұп ауыз мүшелері мен аяқтарын табыңыздар. Бірінші жұбы – хелицералар, екінші жұбы – педипальпалар, ал қалған төрт жұбы – жүретін аяқтары.

4. Коллекциялардағы өрмекшілерден аталық, аналықтарын ажыратыңыздар.

5. Коллекциялардағы кенелерді өрмекшілермен салыстыра отырып, дене бөлімдерін ажыратыңыздар. Кенелердің денесінен артқы ұшына жақын жерінен аналь тесігін, ал алдыңғы жағында жыныс тесігін табыңыздар.

6. Шаян тәрізділер және өрмекші тәрізділер диафильмін қарай отырып талдау.

7. Шаршылы өрмекші мен жайылым кенесінің ішкі құрылыстырының суреттерін салып, мүшелерін белгілеңіздер.

8. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Өрмекшілердің және кенелердің денелері қандай бөлімдерге бөлінеді?

2. Өрмекшілерді кенелерден сыртқы түріне қарап қалай ажыратуға болады?

3. Өрмекшілер мен кенелердің жыныс диморфизмі қалай байқалады?

4. Өрмекшілер мен кенелердің ас қорыту жүйесінде қандай ерекшеліктер бар?

5.Өрмекші тәрізділердің тыныс алуы мен қан айналуы қалай жүзеге асады?

6. Өрмекші тәрізділердің (отрядтары бойынша) жүйке жүйесі қандай құрылысты болып келеді?

7. Өрмекші тәрізділер қалай көбейеді?

Келесі сабаққа тапсырма: «Буынаяқтылар типі. Көп аяқтылар класы» тақырыбы бойынша дайындалып келу.

21 – cабақ

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Көп аяқтылар класы.

Мақсаты: Кивсякты мысалға ала отырып, көп аяқтылар класының систематикалық жағдайы мен құрылыстарындағы және көбеюіндегі ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Көп аяқтылардың қатырылған және ылғалды препараттары, қол лупалары, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Көп аяқтылар класының өкілдері құрлықта тіршілік етеді, көбіне ылғалды жерлердегі тастардың, жапырақтардың астында тығылып өмір сүреді. Кивсяктың денесінің хитинді жабындысы, денесі бас және тұлға бөлімдерінен тұрады. Басы кішкентай, онда үш сегменті болады (39 сурет). Басының төртінші сегменті мойын деп аталады. Басының бүйірінде жай көздері және мұртшалары-антенналары болады, денесінің артқы жағында аналь тесігі бар тельсоны орналасқан, дене сегменттері гомономды сегменттер қатарына жатады.

Ас қорыту жүйесі. Көп аяқтылардың аузында төменгі және үстіңгі үш жұп аяқтары болады, осылар арқылы қорегін ұстап ұсатады. Қорек аузында сілекей бездерінің сөліне шыланып, жұтқыншаққа кейін өңешке, одан ортаңғы ішекке, ортаңғы ішектен артқы ішекке өтеді, артқы ішек аналь тесігіне ашылады. Бауыры болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]