Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

Систематикасы

Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

Таспа құрттар класы – Cestoda

Лентецтер отряды – Pseudophyllidea

Өкілі: кең сақиналы таспа құрт – Diphyllobothrium latum

2.Кең сақиналы таспа құрттың ылғалды препаратын лупамен қарап, ботриясын және сақиналарының пішініне назар аудару.

3.Кең сақиналы таспа құрттың бас бөлімінің және даму кезеңдерінің суреттерін салып, тиісті белгілерін қою.

4.Кең сақиналы таспа құрттың даму кезеңінің сызбанұсқасын альбомға жазу.

5.Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1.Кең сақиналы таспа құрттың басқа таспа құрттардан қандай ерекшеліктері бар?

2.Ботрия дегеніміз не және ол не үшін керек?

3.Даму кезеңінде қандай дернәсілдер болады?

4.Кең сақиналы таспа құрттың қандай соңғы және аралық иелері бар?

5.Адамды қандай ауруға шалдықтырады және сақтану жолдары қандай?

6.Кең сақиналы таспа құрттың жүйелілікте алатын орны қандай?

Келесі сабаққа тапсырма: «Жұмыр құрттар типі. Нағыз жұмыр құрттар класы» тақырыбы бойынша аскаридалардың, острицалардың құрылыстарындағы ерекшеліктері мен даму кезеңдерін оқып келу.

14-сабақ

Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі. Нағыз жұмыр құрттар класы.

Мақсаты: Жылқы аскаридасының және острицалар мысалында жұмыр құрттардың жүйелілік жағдайы мен дене құрылыстарының және даму ерекшеліктері мен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар:Микроскоптар формалинде қатырылған аскарида денесінің көлденең қимасы бар және острицалардың микропрепараттары, кестелер.

Жалпы түсінік

Жылқы аскаридасының (аналығының) ұзындығы 37 см-ге дейін жетеді, дене тұрқы өте созылыңқы болып, ұштарына қарай біртіндеп сүйірлене түседі, көлденеңінен қиып қарағанда жұмыр болады, денесінің сырты кутикуламен қапталған, кутикуланың астында гиподерма және бұлшық еттер қабаты орналасқан. Осы аталған компоненттер тері-ет қапшығын түзеді. Еттері ұзын бойында төрт таспа түрінде болады: екі арқа және екі құрсақ. Ал олардың арасында төрт гиподерма білігі орналасқан. Гиподерманің бүйір біліктерінен арқа және құрсақ жүйке тізбектері кетеді.

Тері-ет қапшығымен ішектің арасында дененің алғашқы қуысы жатады. Бұл қуыстың өзінде меншікті қабырғасы болмайды және де ол қуыс көп сұйықтыққа толы болады. Оның құрамында валериан қышқылы болғандықтан, сол себепті үлкен улылық қасиетке ие.

Ас қорыту жүйесі үш ерін төмпешігімен қоршалған ауыздан басталады.(24-сурет).Ауыз кутикуламен астарланған эктодермальды жұтқыншаққа жалғасады. Оның керегесі бұлшық етті, ал кейбіреулерінің хитинді тісшелері бар. Жұтқыншақтың артқы ұшын бульбус деп атайды. Жұтқыншақтан кейін эктодермалық ортаңғы ішек келеді. Оның керегесі бір қабатты эпителийден тұрады. Ет талшықтары болмайды. Ортаңғы ішек ешқандай иін жасамай дене қуысында бос жатады. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардың ас қорытуларынан ерекшелігі-ас жасушадан тыс ішектің қуысында қортылуында. Ортаңғы ішек қысқа эктодермалық артқы ішекке жалғасады. Артқы ішекте алдыңғы ішек сияқты кутикуламен астарланған.

24-сурет. Аскарида

I – Аналық аскариданың ішкі құрылысы. II – Аскариданың жыныс диморфизмі. III – Аталық аскариданың жыныс жүйесі.

1 – ауыз тесігі, 2 – бульбус, 3 – бұлшық ет, 4 – жұтқыншақ маңы жүйке сақинасы, 5 – зәр шығару жүйесінің жолы, 6 – құрсақ жүйке бағанасы, 7 – қынап, 8 – жатын, 9 – ішек, 10 – жұмыртқа жолы, 11 – тұқым безі, 12 – ішек 13 – спикуласы, 14 – тұқым шашатын жол, 15 – жұмыртқа, 16 – фагоцитарлы жасуша.

Тамақтың қорытылуы негізінен ортаңғы ішекте жүреді. Өйткені жұқыншақта арнайы бездер болады да, олардан бөлінген сөл тамақпен бірге ортаңғы ішекке келеді. Сөйтіп оның құрамындағы ферментердің әсерінен тамақ қорытылып, ортаңғы ішектің керегесі арқылы денеге сіңіріледі. Қалдық заттар артқы ішек аналь тесігі арқылы денеден бөлінеді. Тіршілік ету тәсіліне қарай жұмыр құрттардың қоректік заттары, қоректену тәсілі түрліше болып келеді.

Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.

Нерв жүйесі және сезім мушелері. Жүйке жүйесі жұтқыншақ айналасындағы сақинасынан және оған жанасып жатқан жүйке жасушаларынан бас бөліміне-ерін төмпешігіне қарай алты жүйке сабақшалары кетіп, ерін төмпешіктерінде болатын өсінділерді жүйкелендіреді. Денесінің артқы бөлігіне жұтқыншақ айналасындағы жүйке сақинасынан алты жүйке сабақтары кетеді. Оның ішінде біршама жақсы жетілгені құрсақ гиподермасындағы білікте орналасқаны. Жұтқыншақ айналасындағы жүйке сақинасы онымен байланысқан ганглия және құрсақ жүйке сабағы орталық жүйке жүйесін құрайды. Құрсақ жүйке сабағынан басқа гиподерма арқылы өтетін арқа екі бүйір және төрт өте жіңішке жүйке сабақтары болады. Мұндай жүйке сабақтары негізінен ганглиядан таралады. Құрсақ және арқа жүйке сабқтары өзара жартылай жүйке сақиналары арқылы жалғасып жатады.

Сезу мүшелері нашар жетілген. Олар ұсақ өсінділер, қылтандар түрінде болады да, негізінен денесінің алдыңғы бөлігіне шоғырланады.

Зәр шығару жүйесі. Аскаридалардың зәр шығару жүйесі екі канал түрінде болады да, бүйіріндегі гиподермада болатын біліктің ішіне орналасады. Бұл каналдар денесінің артқы бөлігінен тұйық болып басталып, алдыңғы бөлігіне жақындағанда құрсақ бөліміне қарай иіліп екеуі қосылып, бір каналға айналып, құрсағында болатын зәр тесігі арқылы сыртқа бөлінеді. Бұдан басқа аскаридаларда жұлдыз тәрізді фагоцитарлы жасушалар болады. Ол жасушалар дене қуысына жинақталатын ыдыраған өнімдерді өздеріне шоғырландырады, әрі бос оттегін ағзаның пайдалануын реттеп отырады.

Жыныс жүйесі. Аскаридалар дара жынысты, бұларда жыныс диморфизмі айқын байқалады. Жыныс диморфизмі дегеніміз аталық және аналығын сыртқы пішініне қарап ажыратуға болады. Әдетте аскаридалардың аталығы қысқа, жіңішке, артқы ұшы қармақ тәрізді иіліп тұрады. Керісінше аналығы біршама ұзын, жуан болып келеді. Жыныс мүшелері түтік пішінді болып, дене қуыстарында орналасқан. Аналықтарында қос, ал аталықтарында тақ бездері болады. Аналық жыныс мүшелері оң және сол жұмыртқа бездерінен тұрады, бұлар өте жіңішке түтік түрінде болады. Ол біртіндеп жуандап жұмыртқа жолына айналады. Бұл ішінде жмыртқа жасушалары болмайтын қуыс түтік. Жұмыртқа жолы біршама жуан бұлшық етті мүше жатынға жалғасады. Оның ішінде ұрықтану кезінде келген тұқым жасушалары сақталады. Жатында жұмыртқа ұрықтанады, сонымен қатар ұрықтық дамудың алғашқы сатысы басталады. Жатын өзара қосылып, сыңар қынапқа айналады. Қынап көбінесе денесінің алдыңғы ұшына жақын құрсақ жағынан сыртқа ашылады.

Аталық жыныс безі бір ғана жіңішке түтік тәрізді тұқым безінен, аздап жуандау түтік тұқым жолынан, артқы ішекке ашылатын тұқым жинағыш каналдан тұрады. Ішектің артқы ұшы клоакаға айналып, оның ішінде ұрықтандырғыш мүше орналасқан. Ол ұзын екі қылтаннан – спикуладан тұрады. Ұрықтану кезінде спикула клоакадан шығып, аналық ағзаның жыныс мүшесіне сперматозоидтарын жібереді.

Аскариданың ұрықтанған жұмыртқасының сыртында бірнеше қабаттан тұратын, күшті жетілген қабығы болады. Ондай қабық сыртқы ортада ұзақ уақыт болғанда даму қабілетін жоймай жата беруіне мүмкіндік береді. Қолайлы жағдай туғанда ұрықтанған жұмыртқаның ішінде дернәсіл дамиды.

Ішінде қалыптасқан дернәсілі бар жұмыртқаны инвазийлі жұмыртқа деп атайды. Осындай жұмыртқа әр түрлі себептермен жылқының, шошқаның ас қорыту жолдарына түссе, одан кішкене құрт шығып ішек керегесі арқылы қанға өтіп, бауырға, одан бауыр венасы арқылы жүрекке, жүректен өкпеге, өкпеден ауызға келіп сілекеймен қайта жұтылса, ащы ішекке барғасын жетіліп ересек құртқа айналады.

Острица дене мөлшері-аналығының 10-12 мм. ал аталығының 2-5 мм. болатын ұсақ құрт. Аталығының денесінің артқы жағы доғалдау болса, аналығының артқы жағы сүйір болып келеді, оны құйрық деп атайды (25-сурет). Ұрғашы острицаның бас бөлемінде кутикулді төмпешік-везикулдары болады. Денесінің алдыңғы жағында аузы, одан кейін жіңішке өңеші кетеді, өңешінің кеңейген жері бульбусы болады, ол ішекпен жалғасады да сыртқа аналь тесігі болып ашылады.

25-сурет. Острица.

1 – ауыз, 2 – везикул (кутикулды төмпешік), 3 – өңеш, 4 – бульбус, 5 – ішек, 6 – жыныс тесігі, 7 – жатын, 8 – аналь тесігі, 9 – құйрығы.

Острицалар дамуы кезінде иесін ауыстырмайды. Ұрғашылары ұрықтанғасын тік ішек арқылы аналь тесігіне барып, одан сыртқа шығып, айналасындағы теріге жұмыртқаларын салады. Осы кезде қатты қышытып, балалардың мазасы кетеді. Орта есеппен бір аналық тіршілігі барысында 11000-дай жұмыртқа салады. Жұмыртқалары өте ұсақ болғандықтан кеңістікке өте тез таралады. Оларды балалардың төсек орнынан, іш киімдерінен, парталарынан, еденнен тауып алуға болады. Жұмыртқаларының эмбриональдық дамуы аналық ағзаның денесінде өтеді де, салынған жұмыртқадан 6 сағаттан соң дернәсіл пайда болады. Сондықтан мұндай жұмыртқаны инвазийлі жұмыртқа деп атайды. Егер лас қолмен бірге осындай жұмыртқалар ауызға, одан ас қорыту жолдарына түссе, одан ересек острица пайда болады.

Ішінде острицасы бар адамдар 2-3 күн, күніне екі таблеткадан биомицин (ертеңгісін, кешкісін) ішсе, острицалардан арылуға болады. Өйткені острица ток ішектегі бактериялармен қоректенеді. Биомицин ішектегі бактерияларды жойып жібереді де, острица қоректенетін ешнәрсе болмайды. Соның нәтижесінде острицалар қырылып қалады. Острицадан сақтану үшін гигиеналық ережелерді, жеке бастың гигиенасын сақтау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]