Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

Систематикасы

Губкалар типі – Spongia

Ізбесті губкалар класы– Calcispongia

Сикон отряды– Sycon

Өкілі: теңіз сиконы – Sycon raphanus

Кәдімгі губкалар класы–Demospongia

Кремнийлі мүйізді губкалар отряды – Cornacuspongia

Өкілдері: туалет губкасы – Spongia officinalis

бадяга – Spongilla

2. Коллекциялардан лупаның көмегімен губкалардың дене пішініне, жоғарғы жағындағы оскулум тесігінің орналасуына назар аудару керек.

3. Тұрақты препараттан скелет инелерін қарап, олардың қалай орналасқанын, қаңдай өсі болатынын бақылау.

4. Кестеден губкалардың сыртқы құрылыстарының, қабаттарының және аскон, сикон, лейконның суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.

5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттерін талдау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Губкалардың сыртқы құрылыстарында қаңдай ерекшеліктер бар?

2. Экто –, энтодерма және мезоглея қабаттарында қаңдай жасушалар болады?

3. Аскон, сикон және лейконның бір – бірінен айырмашылығы қаңдай?

4. Губкалар қаңқаларының ерекшеліктері қаңдай?

5. Губкалардың жыныссыз көбеюі қалай өтеді?

6. Геммулалардың биологиялық мәні қаңдай?

7. Губкалардың жынысты көбеюі қалай өтеді?

Келесі сабаққа тапсырма: «Ішек қуыстылар типі» тақырыбы бойынша дайындалып, тұщы су гидрасын мысалға алып, оқып білу.

8 – сабақ

Тақырыбы. Ішекқуыстылар типі-Coelenterata

Мақсаты: Тұщы су гидрасын мысалға алып ішекқуыстылардың жүйелік жағдайын, құрылыстарын және көбею ерекшеліктерін оқып білу.

Қажетті құрал – жабдықтар: Гидраның тұтас денесінің және денесінің көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттары, микроскоптар, түрлі – түсті кестелер

Жалпы түсінік

Гидра – қарапайым құрылысты полиптің бірі. Биіктігі 1 см – ге жуық, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табанымен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшық суларда жиі кездесесді.

Гидраның денесі эктодерма және энтодерма қабатынан құралған. Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұқа болады, оны сүйеніш пластинка деп атайды. Денесінің бас жағында (алдыңғы) 6 – 12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесігі орналасқан. Ол, эктодермалық жасушаларымен астарланған гастральдық қуысына ашылады.

14-сурет. Гидра

I – сыртқы көрінісі, II – ұзына бойы кесіндісі, III – көлденең кесіндісі, IV – дене қабырғасының бір бөлігі, V – эпителиальды-бұлшық ет жасушасы.1 – эктодерма, 2 – энтодерма, 3 – сүйеніш пластинка, 4 – ішек (гастральды) қуысы, 5 – эктодермальды эпителиальды бұлшық-ет жасушалары, 6 – интерстициальды жасушалары, 7 – атқыш жасушалары, 8 –жүйке жасушалары, 9 – энтодермальды бұлшық-ет жасушалары, 10 – без жасушалары, 11 – ауыз тесігі, 12 – ауыз конусы, 13 – бүршік, 14 – табан, 15 – аналық жасуша (жұмыртқа), 16 – аталық гонада, 17 – қармалауышы

Гидраның эктодерма қабаты бес түрлі жасушалардан құралған. Олар: эпителиальды – бұлшық ет жасушкалары, интерстициальды немесе аралық, атқыш, жыныс және жүйке жасушалары (14 –сурет).

Эпителиальды – бұлшық ет (мускул) жасушалары цилиндр немесе призма тәрізді, өзінің түбімен мезоглея қабатына бағытталып, сол жерде өскіншелер түрінде созылады. Өскіншенің цитоплазмасы жіңішке жиырылғыш талшығын құрайды. Осындай эпителиальды жасушаларының өскіншелері бірігіп бойлай созылып орналасады, олар жиырылғанда гидраның денесі тартылып қысқарады. Ал жасушалардың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты жабынды эпителийді құрайды. Сонымен эпителиальды бұлшық ет жасушалары жабынды эпителийдің және жиырылу қызметін атқарады.

Эпителиальды – бұлшық ет жасушалардың арасында ұсақ аралық немесе интерстициальды жасушалар орналасқан, олардан жыныс және атқыш жасушалар пайда болады.

Атқыш немесе қалақай жасушалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа толы және оның ішінде, қабықшасының өзгеруінен пайда болған, іші қуыс спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш жасушаның сыртында қылтанақ тәрізді – книдоциль деп аталатын сезгіш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған.

Егер сезгіш талшыққа бір дене тиіп кетсе, онда ол ауытқып, жасушаны қоздырады да, капсула ішіндегі спираль тәрізді жіпше атылып денеге шаншылады. Жіпшемен бірге капсуланың ішіндегі күйдіргіш немесе улы сұйық зат та қоса бүркіледі. Атқыш жасушалар қорғаныш және қорегін аулау қызметін атқарады. Атқыш жасушалар көбінесе қармалауыштарда және ауыз тесігінің айналасында шоғырланып орналасады.

Жыныс жасушалары аралық (интерстициальды) жасушалардан қалыптасып, аталық жасушалары – сперматозоидтары гидра денесінің алдыңғы жағында, ал аналық – жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара және қос (гермафродиттер) жыныстылар.

Гидраның эпителиальды – бұлшық ет жасушаларының астында жұлдыз пішінді жүйке жасушалары (нейрондар) жатады. Олар өздерінің тармақ ұштары арқылы бір– бірімен сабақтасып жүйке торын түзеді. Осындай құрылысты жүйені диффузия типті жүйке жүйесі деп атайды. Гидраларда екі жүйке шоғырын байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны тітіркендірсе денесі түгелімен жиырылады.

Гидраның энтодерма жасушалары ауыз шетінен бастап гастральды қуысын түгел іштей астарлап жатады. Энтодерманың негізін үш түрлі жасушалар түзейді, олар эпителиальды – бұлшық ет, талшықты және без жасушалары. Эпителиальды – бұлшық ет жасушаларының құрылысы эктодерма қабатындағы эпителиальды – бұлшық ет жасушаларына ұқсас, тек олардың жиырылғыш өскіншелері сақина тәрізді көлденең орналасқан, олар жиырылғанда гидраның денесі жіңішкеріп созылады. Эпителиальды – бұлшық ет жасушаларының призмалық немесе цилиндрлік бөлігі гастральды қуысына бағытталып, жалған аяқтарының немесе 2 – 3 талшығының жәрдемімен гастраль қуысына түскен ұсақ жәндіктерді ұстап, жасушаның ішінде қорытады.

Гастраль қуысына түскен ірі қоректер (дафния, циклоп, балықтардың шабағы) энтодерманың безді жасушаларынан бөлініп шыққан ас қорыту сөлдерінің әсерінен қорытылып, қортылмаған қалдықтар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып отырады. Сонымен гидраның ас қорытуы жасуша ішілік және жасушадан тыс немесе қуыс ішілік болып келеді. Осыған байланысты гидраның ішкі қуысы гастраль немесе ішек қуысы деп аталады.

Гидра эпителиальды – бұлшық етті жасушалардың жиырылуы салдарынан бір орнынан екінші орынға баяу, табанымен, біресе қармалағыштарымен кезекпе – кезек «адымдап» қозғалады.

Гидрада арнайы тыныс алу мүшесі болмайды. Ол үнемі сумен шайылып тұратын сыртқы қабаты арқылы тыныс алады.

Диссимиляция қалдықтары дененің сыртқы беті арқылы шығарылады.

Гидраларда регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған.

Гидралар жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жазды күні қорек мол кезде гидраның екі қабат жасушаларында кішкене бүршіктер пайда болады. Бүршіктер келешекте бірте – бірте үлкейіп, аналықтың денесінен бөліне бастайды. Осы кезде оның денесінің жоғары ұшында айналасы қармалағыштармен қоршалған ауыз тесігі пайда болады да бүршік одан әрі өсіп, жаңа жас гидраға айналады. Күзге қарай су салқындай бастағанда, гидраның қорегі азайып, тіршілік ету жағдайы нашарлай бастайды. Бұл кезде гидра денесінің сыртқы қабатында бүршіктер пайда болады. Олардың біреулерінде ірі аналық жыныс жасушасы – жұмыртқа, екіншілерінде – көптеген ұсақ аталық жыныс жасушалары – сперматозоидтар дамиды. Өсіп жетілген сперматозоидтар қозғалғыш келеді. Сондықтан олар суға шығып, басқа гидраның аналық жыныс жасушасына қосылып, оны ұрықтандырады. Нәтижесінде бір – бірімен қосылған осы екі жасушадан зигота пайда болады. Күзде ересек гидралар өледі, бірақ олардың ұрықтанған жұмыртқаларының сыртында тығыз қабығы болғандықтан, олар өлмей тоғандардың түбінде қыстап шығады.

Ұрықтанған жұмыртқа қабықтың ішінде жатқан кезде екіге, төртке, сегізге, он алтыға т.б. бөлініп, көп жасушалы ұрық түзіледі. Келесі жылы жазғытұрым бөліну мен ұрықтың даму процесі одан әрі жүріп, нәтижесінде көп жасушалы ағза жас гидра пайда болады.

Гидраның зиготадан, яғни бастапқы бір жасушадан дамып жетілуі – көп жасушалы ағзалардың бір жасушалармен тектес екендігін айқын дәлелдейді. Гидраның дамуы тура дамуға жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]