Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

  1. Жүйесімен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

Сорғыштар класы – Trematoda

Дигенетикалық сорғыштар класы – Digenea

Өкілдері: бауыр сорғыш – Fasciola hepatica

ланцет тәріздес сорғыш – Dicrocoelium lanceatum

  1. Лупамен бауыр сорғыш пен ланцет тәріздес сорғыштардың ылғалды препараттарынан ауыз және құрсақ сорғыштарын және жыныс тесігін табу керек.

  2. Сорғыштардың тұрақты микропрепараттарын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, ішкі мүшелерін анықтау.

  3. Сорғыштардың ішкі құрылыстарының және даму кезеңдерінің суреттерін кестелерге қарап салып, мүшелерін белгілеңіздер.

  4. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Бауыр және ланцет тәріздес сорғыштардың паразиттік тіршілікке бейімделген қандай белгілері бар?

  2. Сорғыштардың дене пішіні қандай болып келеді?

  3. Ас қорыту мүшелері қандай бөліктерден тұрады? Тамақ қалай сіңіріледі?

  4. Зәр шығару процестері қалай жүреді?

  5. Сорғыштардың қан айналу және тыныс алу жүйелерінің болмауын қалай түсіндіруге болады?

  6. Жүйке жүйесінің құрылысы қандай?

  7. Жыныс жүйесі қандай мүшелерден тұрады?

  8. Сорғыштардың даму кезеңінің негізгі дернәсілдік сатыларын атаңыздар.

  9. Бауыр сорғышы мен ланцет тәріздес сорғыштардың даму кезеңдерінде қандай айырмашылықтар бар?

Келесі сабаққа тапсырма: «Жалпақ құрттар типі. Моногенетикалық сорғыш құрттар» тақырыбы бойынша бақа полистомасының сипаттамасын оқып келу.

11 – сабақ

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Моногенетикалық сорғыш құрттар класы.

Мақсаты: Моногенетикалық сорғыш құрттардың ерекшеліктерімен және бақа полистомасының даму кезеңімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, бақа полистомасының тұрақты микропрепараты,бақа полистомасының ішкі құрылысының кестесі.

Жалпы түсінік

Моногенетикалық сорғыш құрттар жалпақ құрттардың шағын тобын құрайды. Олар көбінесе теңіз және тұщы су балықтарының өте сирек қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың эктопаразиті. Негізінен балықтардың желбезегінде, терісінде тіршілік етеді.

Эктопаразиттік тіршілігімен байланысты ағзада бірсыпыра бейімделушіліктер пайда болған. Мысалы, денесінің артқы бөлімі хитинді ілмек аппараттары бар бекіну мүшесіне айналған. Сонымен қатар денесінің алдыңғы бөлімінде де білік, шұңқыр және жабысқақ сорғыш аппараттары түрінде әр түрлі бейімделушіліктері болады. Ондай бейімделушіліктер паразиттің қоректену кезінде иесіне мықты бекінуіне мүмкіндік береді. Олар өздері паразиттік тіршілік ететін жануарлардың эпителий жасушкаларымен, әр түрлі бездерінен бөлінетін заттарымен, қанымен қоректенеді.

Моногенетикалық сорғыш құрттардың дигенетикалық сорғыш құрттардан ерекшеліктері, біріншіден олардың дернәсілдерінің құйрық бөлімінде ұрықтық ілмекшелері бар өсіндісі болады. Екіншіден, дигенетикалық сорғыш құрттарда зәр шығару жүйесі денесінің артқы бөлімінен сыртқа ашылса, моногенетикалық құрттарда денесінің алдыңғы жағынан ашылады. Үшінші ерекшелігі дигенетикалық құрттардың дамуы иесін ауыстыру және ұрпақ алмасу арқылы орындалса, моногенетикалық сорғыш құрттардың дамуы бір ғана иеде, ұрпақ алмасуы болмай орындалады. Сондықтан оларды бір ғана ұрпағы болатын құрттар немесе моногенетикалық құрттар деп атаған.

Моногенетикалық құрттардың барлығының денесі жалпақ, алдыңғы жағы сүйірлеу, артқы бөлімі жалпақтау болып келеді. Дене мөлшері 0,03 – 20 мм-ге дейін болатын ұсақ ағзалар. Денесі кутикуламен жабылған. Оның астында бұлшық ет қабаттары болады. Кутикуламен оның астында жатқан ет қабаттары қосылып тері-ет қапшығын құрайды, дене қуысы паренхимамен толтырылған. Паренхимада ас қорыту, зәр шығару, жүйке және жыныс жүйелері орналасқан (18-сурет).

Нерв жүйесі. Орталық жүйке жүйесі бір жұп ми ганглиясынан, одан кететін үш жұп жүйке сабақтарынан тұрады. Кейбір түрлерінде кішкентай ғана көз дамыған (жиірек бір жұп).

Ас қорыту жүйесі. Денесінің алдыңғы жағындағы ауыздан, оған жалғасатын етті жұтқыншақтан, ол өңешке айналып тұйық бітетін түтікшелермен аяқталады. Ішегі бір немесе екі түтіктен тұрады.

Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару денесінің алдыңғы жағында орналасқан екі зәр шығару тесігі арқылы орындалады. Оны протонефридия жүйесі дейді. Демек бүкіл денесін нефридия түтіктерінің торы алып жатады.

18-сурет. Бақа полистомасы

1 – ауыз тесігі, 2 – жұтқыншақ, 3 – жыныс тесігі, 4 – қынап тесігі, 5 – тұқым жолы, 6 – жатын, 7 – сарыуыз, 8 – ішек, 9 – жұмыртқа безі, 10 – бекінетін диск сорғышы, 11 – бекінетін диск (ілмекшелері).

Жыныс жүйесі және көбеюі. Аталық жыныс жүйесі бір, екі немесе бірнеше тұқым бездерінен тұрады. Олардан кететін тұқым жолдары қосылып бір тұқым жолын құрап, тұқым шашқышпен аяқталады. Ол денесінің алдыңғы ұшынан сыртқа ашылады.

Аналық жыныс жүйесі бір ғана жұмыртқа безінен, одан шығатын жұмыртқа жолынан, сарыуыз безінен, қынаптан тұрады. Жұмыртқа жолы кеңейіп оотипке айналады, оған жұмыртқа қабығы безінің, Мелис денешігінің жолы ашылады.

Моногенетикалық сорғыш құрттардың жұмыртқасының пішіні шар тәрізді, сүйірлеу, пирамида тәрізді болып келеді де, бір ұшында қақпақшасы, екінші ұшында судағы әр түрлі заттарға бекінуге мүмкіндік беретін бейімделушілігі болады.

Ондай жұмыртқадан шыққан дернәсілдін пішіні ұзынша болады, денесінің сыртында кірпікшелері болады. Ол біраз жүргесін иесінің денесіне бекініп, кірпікшелері жойылып, паразиттік тіршілікке көшіп, өсе бастайды да ересек құртқа айналады.

Моногенетикалық сорғыш құрттардың өкілі ретінде бақа полистомасын алатын болсақ, бұл ұзындығы 6 – 8 мм, ені 2 – 4 мм болатын, ересек күйінде бақаның қуығында тіршілік ететін құрт. Көктемде қуықтан клоакаға қарай денесінің жыныс тесігі ашылатын бөлімін шығарып, суға жұмыртқасын салады. Жұмыртқадан денесі кірпікшелермен жабылған, артқы ұшында 16 ілмекшелі жабысқақ аппараты, көзшесі бар дернәсіл шығады. Дернәсіл ары қарай даму үшін 48 сағаттың ішінде жас бақа дернәсілінің желбезегіне бекіну керек. Егер осы уақыт ішінде үлгеріп бекінетін болса, онда қолайлы жағдай туып, ондай дернәсілдер 20-25 күннің ішінде ересек құртқа айналады. Бақа дернәсілінің желбезегі өкпемен алмасқан кезде полистома ішекке, одан клоака арқылы қуыққа түседі. Бұл бақа дернәсілінің бақаға айналу кезеңімен сәйкес келеді. Сөйтіп эктопаразиттік тіршілік ететін полистома дернәсілі ересек ағзаға айналғанда эндопаразиттік тіршілікке көшеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]