Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

Систематикасы

Кірпікшелілер немесе инфузориялар типі – Ciliophore.

Кірпікшелі инфузориялар класы – Ciliata.

Тең кірпікшелілер отряды– Holotricha.

Өкілі: Кебісше – Paramaecium caudatum.

Әр түрлі кірпікшелілер отряды –Heterotricha.

Өкілі: Балантидий – Balantidium coli

2. Инфузориялар өсірілген судың бір тамшысынан препарат дайындап, туфельканың дене пішіні мен қозғалысына назар аудару керек. Құрылыстарын айқын көру үшін инфузориялардың белсенді қозғалысын сүзгіш қағаздармен тоқтатып қарау керек.

Аз қозғалатын инфузорияны тауып алып, үлкен ұлғайтқышты обьективпен қарап, олардың экто – және эндоплазмаларына, атқыштық трихоцисталарына, екі жиырылғыш вакуольдеріне назар аудару керек. Туфельканың ауыз тесігін тауып, қорегін ұстайтынына, ас қорыту вакуольдерінің пайда болуына және қылаутқышы арқылы қорытылмаған қалдықтарды сыртқы ортаға шығаруына зер салыңыздар.

3. Туфельканың құрылысын: дене пішінін, кірпікшелерін, аузын, жұтқыншағын, ас қорыту вакуольдерін, жиырылғыш вакуольдерін, экто – және эндоплазмаларын, кіші және үлкен ядроларын кестелерден қарап, суретін салыңыздар және белгілеңіздер.

4. Паразиттік балантидияны тұрақты препараттан қарап, құрылыстарын белгілеп, суретін салу керек.

5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттерін талдау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Кебісшенің трихоцисталары қаңдай рөл атқарады?

2. Инфузориялар қалай қоректенеді?

3. Тыныс алу және бөліп шығару процестері қалай жүреді?

4. Макро – және микронуклеустер қаңдай қызметтер атқарады?

5. Инфузорияның жынысты көбеюі – коньюгация қалай өтеді?

6. Инфузориялар жынысты – автогамия жолымен қалай көбейеді?

7. Паразиттік балантидияның құрылысында қаңдай ерекшеліктер бар?

Келесі сабаққа тапсырма: «Губкалар типі» тақырыбы бойынша дайындалып, өкілдерінің құрылыстарындағы ерекшеліктерін оқып келу.

7 – сабақ

Тақырыбы: Губкалар типі-Spongia

Мақсаты: Көп жасушалы губкалар типінің өкілдерінің дене құрылыстарындағы ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал жабдықтар: микроскоптар, губкалардың тұрақты препараттары, коллекциялары, қол лупалары, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жануарлардың бірі. Дене пішіні түбі сүйірлеу келген сопақ қапшық сияқты, түп жағымен субстратқа бекінеді, түсі ақ, сары, қоңыр сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсті болып келуі балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.

Губкалардың денесі сыртқы дермальды – эктодерма және ішкі гастральды – энтодерма жасушалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, қоймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен оскулум деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. Губкаларға тән қасиет – денесінде көптеген саңылауларының (пораларының) болуы. Саңылаулары арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады. (11 – сурет).

11-сурет. Губкалар түрлері

Губкалардың жалпы көрінісі (ішкі құрылысын көрсету үшін денесінің бір бөлігі кесілген). Стрелкалар су ағысының бағытын көрсетеді: А – ізбесті губка, Б – Сикон, В – Веронгия қауымы, Г – туалет губкасы, Д – бадяга: 1 – оскулум, 2 – парагастраль қуысы, 3 – талшықты қалталар, 4 – саңылаулар (поралар).

Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын жалпақ жасушалардан құралған (12 – сурет). Олар эпителийдің жабындық қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта әсерлерінен қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген пороцит жасушалары да дамыған. Олар пинакоцит жасушаларының бір түрі. Эктодерма қабатынан энтодерма қабатына қарай созылып орналасқан. Әрбір пороцит жасушаларының ортасында түтікше болады, сол себептен пороциттер губкалардың денесінде көптеген саңылауларды құрады. Пороциттер жиырылып саңылаулардың ашылып – жабылуына себепкер болады.

Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын талшықты жағалы жасушалардан құралған. (12 – сурет). Хоаноцит жасушаларының талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін қамтамасыз етеді және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді, бактерияларды ұстап жасуша ішінде қорытады немесе ұсталынған қорек заттарды мезоглеядағы амеба тәрізді жасушаларға жеткізеді.

Губкалардың мезоглея қабатында көптеген әр түрлі жасушалар кездеседі. Колленциттер – жұлдыз тәрізді жасушалар, түрлі бағыттарда айқаса және ұштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы, түйістіруші қызметін

12-сурет. Аскон құрылысты губканың дене қабырғасының кесіндісі. (I): 1 – пинакоцит жасушасы, 2 – талшықты жағалы (хоаноцит) жасушасы, 3 – жұмыртқа жасушасы, 4 – склеробласт жасушасы (ішінде түзілген спикула), 5 – саңылау (пора), 6 – жұлдыз жасушасы, II – губканың әр түрлі спикулдары: А – бір өсті, Б – үш өсті, В – төрт өсті, Г – көп өсті, Д – күрделі үш өсті спикула, Е – қисық өсті

қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт жасушалары әр түрлі инелерді дамытып губканың қаңқасын қалыптастырады. Амебоцит жасушалары еркін қозғалатын, мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап қорытады. Амебоциттердің бір түрі археоциттер – бұлар толық дифференциаланбай резервтағы жасушалар болып саналады, жоғарыда атап кеткен жасушаларға оңай айнала алады, сонымен қатар жыныс жасушаларына да бастама береді.

Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде губкалардың жасушаларының біріне – бірі айналатындығы анықталған. Мысалы, хоаноцит жасушалары талшығын жойып амебоциттерге айналады, ал өз кезегінде амебоциттер хоаноциттерге айнала алады. Бұның барлығы губкалар құрылысының қарапайым екендігін көрсетеді.

Губкаларды, мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты жағалы (хоаноцит) жасушаларының орналасуына және осы жасушалар арқылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық құрылысы жағынан – аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш түрге бөледі. Ең қарапайым құрылысты – аскон. Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы жасушалары бір қатар орналасып парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады (13 – сурет, А).

13-сурет. Губкалардың морфологиялық құрылыс типтері:

А – аскон, Б – сикон, В – лейкон

1 – саңылаулары (поралары), 2 – талшықты камералары, 3 – оскулум, 4 – парагастраль қуысы. Стрелкалар су ағысының бағытын көрсетеді.

Денедегі саңылаулары (поралары) тікелей парагастраль қуысына ашылады. Осы қуысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды талшықты жағалы жасушалары толығымен ұстап ала алмайды.

Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы жасушаларымен астарланған көптеген қалталар түзіледі.Осы қалталарды талшықты қалталар деп атайды (13 – сурет,Б).

Күрделіленген лейконның да мезоглея қабаты әлде қайда қалыңдап, оның ішінде талшықты жағалы жасушалармен астарланған көптеген бірінші, екінші реттегі камералар орналасқан (13 – сурет, В).

Талшықты қалталар мен камералар, сыртқы ортамен және парагастраль қуысымен, су алып келуші және су алып кетуші түтіктері арқылы байланысады. Су арқылы камераларға, қалталарға түскен қоректік заттар толығымен ұсталынып қорытылады.

Губкалардың басым көпшілігінде қаңқалары жақсы дамыған. Олар мезоглея қабатында орналасып, дене пішінінің, тірек қызметін орындап, саңылаулар жүйесінің қабырғасын да құрайды.

Губкалардың қаңқасы минералды заттардан – кремнезем немесе көмір қышқыл кальцийден және органикалық заттардан – спонгиннен немесе кремнезем мен спонгиннің қосындысынан тұрады.

Минералды қаңқа спикула деп аталатын инелерден құралған (12 – сурет,II). Спикулалар мезоглея қабатында орналасқан ерекше қаңқа түзуші жасушалардан – склеробластардан дамиды. Спикулалардың пішіндері әртүрлі болып келеді.

Губкалар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею бүршектену арқылы жүреді. Губкалар жыныссыз көбеюдің белгілі бір сатысында қауым (колония) түзеді, сол кезде сыртында пайда болған бүршіктер аналық губканың денесінде қалады. Ішінде пайда болған бүршіктер (геммулалар) губкалар өлгеннен кейін түсіп қалады да, жаңа қауымның бастамасын береді. Геммулалардың сыртында берік қабығы бар, сондықтан табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді келеді.

Көпшілік губкалар – гермафродитті, дара жынысты түрлері де бар. Гаметалар мезоглея қабатында дамиды. Аталық гамета парагастраль қуысына түсіп, оскулум тесігі арқылы сыртқы су ортасына шығады да, басқа губканың денесіне еніп олардағы аналық гаметаны ұрықтандырады, нәтижесінде зиготалар дамып, планктонды дернәсіл – паренхимулаға айналады. Бір жерде бекініп отырып тіршілік ететін губкалар, осы дернәсілдері арқылы таралады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]