Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

  1. Жүйесіменмен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

Моногенетикалық сорғыш құрттар класы – Monogenoidea

Сорғыштар отряды – Trematoda

Өкілі: бақа полистомасы – Polystoma integerrimum

  1. Бақа полистомасының тұрақты препаратынан ауыз тесігін, ішкі құрылыстарынан қандай мүшелер көрінетіндігін және бекіну ілмекшелерін (дискасын) бақылау.

  2. Бақа полистомасының ішкі құрылысының суретін салып, тиісті белгілермен белгілеу.

  3. Кестелерден бақа полистомасының даму кезеңінің суретін салып, тиісті белгілермен белгілеу.

  4. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Моногенетикалық сорғыш құрттар қандай белгілермен сипатталады?

  2. Дигенетикалық құрттардан қандай айырмашылықтары бар?

  3. Ас қорыту, жүйке, зәр шығару жүйелері қандай мүшелерден тұрады?

  4. Жыныс жүйесі қандай мүшелерден тұрады? Қалай дамиды?

  5. Моногенетикалық сорғыш құрттардың дамуының дигенетикалық сорғыш құрттардан қандай айырмашылықтары бар?

  6. Бақа полистомасының даму кезеңі қалай өтеді?

  7. Бақа полистомасының жүйелілік жағдайы қандай?

Келесі сабаққа тапсырма: «Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы» тақырыбы бойынша, цепеньдер отрядының өкілдерінің құрылыстарын, даму кезеңдерін оқып келу.

12-сабақ

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы.

Мақсаты: цепеньдер отрядының өкілдері: сиыр, шошқа цепеньдерінің, эхинококктың жүйелілік жағдайлары мен құрылыстары және даму кезеңдерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоптар, лупалар, цепеньдердің ылғалды препараттары, цепеньдердің жетілген сақинасының тұрақты препараттары, сиыр цепенінің модель аппликациясы, және түрлі түсті кестелер.

Жалпы түсінік

Сиыр цепенінің ұзындығы 10 – 12 м-ге дейін жетеді. Денесі өте созылыңқы, таспа тәрізді ұзын және де сақиналарға (бунақтарға) немесе проглоттидтерге бөлінген. Денесінің алдыңғы ұшында кішкене басы бар немесе сколексі, одан соң сақиналарға бөлінбеген қысқа мойны болады. Мойыннан кейін толып жатқан сақиналары орналасқан, олардың жалпы саны 2000-ға дейін жетеді. Бас бөлімінде немесе сколексінде етті төрт сорғышы болады (19-сурет).

19-сурет.

I –шошқа цепенінің сколексі, II – сиыр цепенінің сколексі III – гермафродитті сақина:

1 – несеп жолы, 2 – тұқым бездері, 3 – тұқым түтікшелері, 4 – тұқым жолы, 5 – тұқым шашқыш, 6 – клоака, 7 – қынап, 8 – жатын, 9 – жұмыртқа безі, 10 – сарыуыз, 11 – Мелис денешігі.

Сақиналары немесе проглоттидтері төрт бұрышты пішінді болып, олардың көлемі мен пішіні бастан басталып үзіліп түскенге дейін жалпақтана өзгеріп отырады. Алдыңғы сақиналары өте кішілеу болып, олардың ұзындығы енінен біршама қысқа болады. Ал соңғы сақиналары қарама-қарсы ұзарған. Құрттың тіршілік ету өмірінде денесі өсіп және сақина сандары көбейе ұлғайып отырады. Өсуі мойын айналасынан басталады. Сосын мойын бөлімінің соңғы ұшынан жаңа проглоттидтер бөлінеді. Демек, ең жас сақиналар болып – алдыңғылары саналады. Құрттың барлық денесін стробила деп атайды. Олар жас жетілмеген және жетілген сақиналардың қосындысынан құралған.

Құрттың денесі кутикуламен жабылған, кутикуланың астында эпителий орналасқан. Мускулатурасы сақиналы сыртқы қабаттан және ішкі – ұзын салалы талшықтардан құралған. Осы екі қабатқа тағы тереңдеу үшінші – көлденең етті талшықтар қабаты жалғасқан. Осы қабаттар тері-ет қапшығын түзеді.

Ас қорыту жүйесі болмайды. Қоректенуі осмостық жолмен бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. Бұлар иесінің ащы ішегіндегі қорытылған дайын қоректік заттарды бүкіл денесінің сыртымен сіңіру арқылы қоректенеді.

Жүйке жүйесі басында орналасқан екі ми ганглиясынан, бірнеше (6-дан 12-ге дейін) жүйке тізбегінен тұрады, бұлар бірімен-бірі комиссуралармен жалғасады.

Сезу мүшелері тері бұдырлары мен шұңқырларында болатын сезгіш клеткалар түрінде болады. Көру мүшелері болмайды.

Қан айналу, тыныс алу жүйелері болмайды. Тыныс алуы анаэробты.

Зәр шығару жүйесі протонефридиальды типті. Паренхимада бытырап жатқан көптеген терминальды жасушалар, олардың қозғалғыш өсінділері болады. Осы жасушалардан өте жіңішке түтікшелер шығып, олар өзара қосылып денесінің артқы ұшынан арқа жағынан басына қарай келетін екі каналды құрайды. Мойын маңына келгенде құрсақ бөліміне қарай алмасып, біршама жуандап артқа қарай кетеді. Құрсақ бөліміндегі каналдар өзара әрбір сақинадағы көлденең каналшалармен жалғасып, денесінің ең соңғы сақинасында бірімен-бірі қосылып, зәр жиналатын қуыққа айналып, бір ғана несеп ағар арқылы сыртқа ашылады. Протонефридиялар зәр шығару процесіне қатысуымен қатар паразиттің ұлпаларындағы гидростатикалық қысымды реттеп отыруға қатысады.

Жыныс жүйесі гермафродитті. Қос жынысты жыныс мүшесі бар сиыр цепенінің бір сақинасын алып қарастырайық (19-сурет, III). Сиыр цепенінің мойын жағындағы жас сақиналарда жыныс мүшелері қалыптасады. Сиыр цепенінде қос жынысты сақиналар шамамен мойыннан кейінгі 200-ші сақинадан басталады.

Аталық жыныс мүшесі сақинаның арқа жағында паренхимада бытырап жатқан көптеген көпіршік тәрізді тұқым бездерінен тұрады. Олардан өте жіңішке тұқым түтікшелері шығып, барлығы өзара қосыла келіп бір тұқым жолына айналады. Ол сақинаның бүйіріне қарай барып, ұрықтандырушы мүше – циррусқа енеді. Тұқым жолының бұл бөлігін тұқым жинағыш канал деп атайды. Ол сақинаның бүйірінде орналасқан жыныс клоакасына ашылады.

Аналық жыныс мүшесі бір жұп жұмыртқа безінен және бір жұп қысқа жұмыртқа жолынан тұрады. Жұмыртқа жолы артқа қарай бағытталып оотиппен жалғасады. Оотипке сарыуыз безінің жолы келіп ашылады. Оотип сорғыш құрттардың Мелис денешігі сияқты ұсақ бездермен қоршалған. Одан кейін жұмыртқа жолы алға қарай бағытталып қынапқа алмасып, кеңейіп – тұқым қабылдағышқа айналады. Тұқым қабылдағыш ары қарай барып жыныс клоакасына ашылады.

Оотиптен жатын басталады. Жатын сиыр цепенінде сақинаның ұзына бойына кететін, паренхиманың ішінде жатқан тұйық түтік. Кейбір таспа құрттардың жатынында ұрықтанған жұмыртқалар шығатын арнайы тесігі болады. Жыныс тесігі әрбір сақинада болады да, әдетте кезектесіп, біресе оң жақ бүйірінен, біресе сол жақ бүйірінен ашылатын болып келеді.

Сиыр, шошқа цепендерінде қос жынысты сақиналар бірін-бірі ұрықтандырады. Егер ішекте екі немесе одан да көп құрттар болса, әр түрлі дарақтардың арасында айқас ұрықтандыру процесі жүреді.

Ұрықтанған жұмыртқалар сарыуызға қоршалып, қабықпен жабылып оотиптен жатынға қарай жылжиды. Сиыр, шошқа цепендерінің жұмыртқаларының пісіп-жетілуі жатында басталады да, оның аяқталуы сыртта – әдетте суда орындалады.

Құрттардың денесінің артқы бөліміндегі ішінде ұрықтанған жұмыртқалары бар сақинаның біреуі немесе бірнешеуі үзіліп, қалдық заттармен бірге адам ағзасынан сыртқа шығарылады. Өйткені сиыр цепендерінің ақырғы иесі адам, ал аралық иесі шошқа цепенінде – шошқа, сиыр цепенінде – сиыр. Сондықтан сыртқа шыққан ұрықтанған жұмыртқа ары қарай даму үшін өздерінің аралық иелеріне түсу керек.

Әр түрлі себептермен аралық иелерінің ішіне түскен жұмыртқалардың ішекке барғасын қабығы еріп кетіп, алты ілмегі бар шар тәрізді дернәсіл – онкосфера шығады (20-сурет). Ол ілмешектерінің жәрдемімен ішек керегесін тесіп, қанға немесе лимфаға өтіп, әр түрлі мүшелерге: бауырға, жүрекке, өкпеге барып, ең соңында қалың етке келіп, басында төрт жабысқақ сорғышы бар, мойны, мойыннан кейінгі бірнеше жас сақиналары бар шар тәрізді көпіршікпен

20-сурет. Шошқа цепенінің даму сатысы

аяқталатын финна деп аталатын дернәсілге айналып, басын шар тәрізді көпіршікке жасырып алып, мал сойғанша еттің арасында жата береді. Мұндай дернәсілдер ары қарай жетіліп ересек құртқа айналу үшін ақырғы иесі адамның ішегіне түсу керек. Ішінде финнасы бар етті шала қуырып, шала пісіріп немесе аз тұздап жесе, етпен бірге адам ішіне финна түседі. Адам соңғы немесе дефинтивті иесі болып табылады. Ас қорыту сөлдерінің әсерінен ет қорытылған кезде, оның ішіндегі финна шығып, басын шығарып ішек керегесіне бекініп, мойыннан кейін әрі қарай сақиналарды өсіріп шығара бастайды. Сөйтіп аз уақыттың ішінде ұзындығы бірнеше метрге жететін ересек құртқа айналып кетеді.

Шошқа цепенінің ұзындығы 1,5 – 6 м. Оның екі қатар болып орналасқан төрт сорғышы және 22-28 ілмекшелері бар басы болады, осындай ілмекшелерінің болуына байланысты қарулы цепень деп атайды, ал сиыр цепенінде мұндай ілмекшелер болмайды, сондықтан оларды қарусыз цепень деп аталынады. Жетілген сақиналарында 7 – 12 бүйір тарамды жатыны екі жағында орналасқан. Нәжіспен бірге сыртқа шығатын жетілген сақиналардың белсенді қозғалысы болмайды және өздігінен адам ішегінен сыртқа шықпайды. Шошқа цепенінде де мойын, жас сақина – гермафродитті сақиналар болады.

Эхинококктың ұзындығы 2 – 6 мм денесі оның сколекстен (бастан) және үш-төрт бунақтардан тұрады (21-сурет,А).

21-сурет. А – эхинококк (таспа құрт), Б – эхинококк (финна)

1 – сколекс, 2 – мойын, 3 – гермафродитті сақина, 4 – жетілген сақина, 5 – көпіршік кутикуласы, 6 – пайда болып келе жатқан қабықша, 7-11 – дамудың әр түрлі сатысындағы ішкі жас көпіршікшелер, 12-15 – дамудың әр түрі сатысындағы сыртқы жас көпіршікшелер.

Соңғы бунағында (сақинасында) жұмыртқаға толы жатыны орналасқан. Басында ауыз тұмсығы және саны 28-ден 50-ге дейін екі қатар орналасқан ілмекшелері болады. Сорғыштары төртеу. Басынан кейінгі бірінші және кейде екінші сақинасы гермафродитті болып келеді. Онда тұқым бездері, тұқым шығарғыш тармақтары, жыныс қапшықтары, жұмыртқа бездері, Мелис денешігі және қынап орналасқан. Ал соңғы жетілген сақинасы жұмыртқаға толы болады.

Эхинококктың ақырғы иесі ит, қасқыр, шибөрі, түлкі – ересек құрттар олардың ішектерінде топтанып тіршілік етеді. Эхинококктың аралық иесі үй малдары (қой, ірі қара, жылқы, түйе, шошқа т.б.), адам да аралық иесі болуы мүмкін. Ит тұқымдастары ұрықтанған жұмыртқаны қалдық заттармен сыртқа шығарады. Одан шыққан жұмыртқалар шөппен, жеммен, сумен бірге жоғарыда аталған аралық иелерінің біреуінің ішіне түссе, одан онкосфера дернәсілі шығып, ішек керегесінен қан тамырына өтіп бауыр мен өкпеге барып орналасады. Осы жерде ол эхинококк көпіршігіне (21-сурет,Б) айналады. Ересек түрлері иттердің ішектерінде 5-6 ай тіршілік етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]