Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

Систематикасы

Ішек қуыстылар типі – Coelenterata

Гидроидтықтар класы – Hydrozoa

Гидралар отряды – Hydrida

Өкілі: Тұщы су гидрасы – Hydra olygactis

2. Гидраның тұрақты микропрепаратынан гидраның құрылысын, яғни қармалауыштарын, ауыз тесігін, ішек қуысын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарау.

3. Гидраның көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепаратынан гидраның көлденең кесіндісі цилиндр пішінді екенін көріп, эктодерма, энтодерма қабаттарын табу.

4. Гидраның сыртқы құрылысының, ұзыннан кесілген ішкі құрылысының және көбею түрлерінің суреттерін салып тиісті белгілермен белгілеу.

5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттерін талдау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Гидралар қаңдай ортада тіршілік етеді?

2. Гидра денесінде қаңдай қабаттар бар?

3. Гидраның қабаттарында қаңдай жасушалар болады?

4. Гидра қорегін қалай ұстайды және ас қорыту процесі қалай орындалады?

5. Гидраның тыныс алуы, зәр шығару қалай жүзеге асады?

6. Атпа жасушалар қаңдай қызмет атқарады?

7. Гидра қалай қозғалады?

8. Гидра қалай көбейеді?

Келесі сабаққа тапсырма: «Жалпақ құрттар типі», «Кірпікшелілер класы» тақырыбы бойынша ақ сұламаның тіршілік ерекшеліктерін оқып келу.

9-сабақ

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі- Plathelminthes. Кірпікшелілер класы-– Turbellaria .

Мақсаты: Ақ сұламаның сыртқы, ішкі құрылыстарымен және жүйелік жағдайымен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Ақ сұламаның ылғалды препараты, қол лупасы, және түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Кірпікшелі құрттардың өкілдері тоспа суларда, баяу ағатын өзендерде, судағы өсімдік жапырақтардың қалтарыстарында тіршілік ететін ақ сұлама. Пішіні жапырақ тәрізді (15-сурет), арқасынан құрсағына қарай жалпақ болып келеді. Оның денесінің алдыңғы ұшында аздап қана байқалатын құлақша деп аталатын екі өсіндісі болады.Ұзындығы 24-26 мм. Денесінің реңі ақ, қара, күлгін жасыл, сары т.б. түрлі түсті болады.

Эпителиальдық жасушалардың арасында жарықты шағылыстыратын және кейін қайтаратын, әрі қауып төнгенде атылып шығып, дененің бетіне шыққан соң улы ерітіндіге айналып, қорғану қызметін атқаратын рабдит жасушалары болады.

Тері эпителий қабатының астында ұзынша, сақина тәрізді және қиғаш салалы ет талшықтары болады.Тері эпителиймен барлық үш ет қабаттары қосылып жалпақ құрттарға тән тері-ет қапшығы денесінің барлық ішкі мүшесін, ішінде ішкі мүшелер орналасқан паренхиманы қаптап тұрады.

Тері-ет қапшығының ішінде орналасқан барлық мүшелердің арасы борпылдақ паренхима жасушаларымен толтырылған. Паренхима - құрттың маңызды мүшесі:

а) Оның ішінде қоректік зат қоры жиналады;

б) Регенерация қайтадан қалпына келу процесіне қатынасады, оның ішінде түрлі икемделген жасушалық элементтер құрылады;

в) тірек қимыл қызметін атқарады;

г) Зат алмасу процесіне қатысады.

Ақ сұламаның денесінің сыртын майда кірпікшелер қаптайды. Кірпікшелердің көмегімен қозғалады.

15-сурет. Ақ планария.

1 – жұтқыншақ, 2 – ішек тармақтары, 3 – ауыз тесігінің орны, 4 – көзі, 5 – құлақша

Жүйке жүйесі. Денесінің алдыңғы бөлімінде жүйке жасушалары шоғырланып ми ганглиясын құрайды. Одан көру мүшелеріне жүйкелер және үш жұп (арқа, құрсақ, бүйір) жүйке тізбектері кетеді. Олардың ішінде өте жақсы жетілгені құрсағына қарай кететін бір жұп жүйке тізбегі. Үш жұп жүйке тізбектері өзара көлденең жүйке сабақтарымен немесе комиссуралармен жалғасып жатады.

Сезім мүшелері. Ақ сұлама өз бетімен қозғалып тіршілік ететіндіктен, сезім мүшелері жақсы дамыған. Бір жұп көздері болады. Олар көру жасушалармен пигмент бокалдарынан тұрады. Кеңістікті бағдарлайтын және денені бір қалыпта тепе теңдікте ұстайтын статоцисталары болады. Құлақшалары химиялық сезу мүшелерінің қызметін атқарады.

Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесі құрсақта орналасқан ауыз тесігінен басталады. Оған эктодермалық алдыңғы ішек немесе жұтқыншақ жалғасады да, ол энтодермалық ортаңғы ішекпен тұйық бітеді. Сөйтіп ауыз арқылы тамақ кіріп, ауыз арқылы қалдық заттары сыртқа шығарылады. Ақ сұламаның ортаңғы ішегі үшке тармақталған. Оның біреуі дененің алдыңғы ұшына, ал екеуі артқы ұшына келіп тұйық бітеді. Оның әрқайсысы өзінен көптеген тұйық тармақтар шығарады.

Тыныс алу бүкіл денесінің сыртымен орындалады.

Қан айналу мүшесі болмайды.

Зәр шығару жүйесі. Кірпікшелі құрттарда ең бірінші рет зәр шығару мүшесі пайда болды. Ол тармақталған түтікшелерден тұрады. Оның өте жіңішке түтікшелері тұйық сақиналармен немесе терминальдық жасушалармен аяқталады. Терминальдық жасушалардың пішіні алмұрт тәрізді болып, жан-жағына жұлдыз тәрізді өсінділер шығарады. Жасушаның іші қуыс, онда ұзын кірпікшелердің шоғы болады. Оңдай кірпікшелер демалыссыз толқынды қозғалыс жасап тұрады. Жасушаның ішіндегі қуыс өсіндісіндегі қуыспен жалғасып жатады. Әрбір жасушадан кететін осындай түтікшелер өзара бірігіп ірі түтікшелерге, олар бір-бірімен қосылып негізгі зәр шығару каналына айналып, бір немесе бірнеше тесік арқылы сыртқа ашылады.

Мұндай мүше арқылы денедегі артық су және зат алмасу нәтежиесінде пайда болатын зәр заттары ағзадан сыртқа шығарылады. Паренхимадағы сұйық ыдырау өнімдері диффузия жолымен жасушаның ішіндегі қуысқа өтіп, қуыстағы кірпікше шоқтары қозғалғанда зәр каналына, одан сыртқа шығарылады. Терминальдық жасушалардан және зәр шығару түтікшелері-нефридиядан тұратын зәр шығару мүшесін протонефридиялық зәр шығару мүшесі деп атайды.

Жыныс жүйесі. Ақ сұлама жынысты жолмен көбейеді, жыныс жүйесі қос жынысты (гермафродитті) болады. Демек, аталық және аналық жыныс жүйесі бір ағзада болады. Аталық жыныс жүйесі көптеген көпіршік тәрізді тұқым бездерінен, тұқым түтікшелерінен, тұқым жолдарынан құрылған. Аналық жыныс жүйесі бір жұп жұмыртқа безінен, одан кететін бір жұп жұмыртқа жолынан және қосымша бездерден құрылған. Жұмыртқа жолының түтікшелері шағылыс мүшесінің қалатасы мен жыныс клоакасына ашылатын тесігі бар ортақ жыныс қынабына қосылады. Ақ сұлама айқаспалы ұрықтанады. Бұл кезеңде екі құрт бір бірімен жыныс тесіктері арқылы жанасады. Жыныс клоакасы арқылы тұқым қалтасы еніп бір-біріне тұқым жасушаларын қалдырады. Жұмыртқаның ұрықтануы жұмыртқа жолына шыға берісте орындалады да, сарыуызбен қоршалып, жыныс клоакасына келеді. Жыныс клоакасында сарыуыз жасушаларынан бөлініп шығатын зат есебінен құрылған қабықпен қоршалады. Ұрықтанған жұмыртқалар денесінің жыртылған тесігі арқылы немесе ауызы арқылы немесе арнаулы түтіктері арқылы сыртқа шығарылады. Содан кейін шүйкелерді су астындағы заттардың үстіне салып кетеді. Оның ішінде 20-дан 40-қа дейін жұмыртқа болады. Ақ сұлама тура дамиды, яғни жұмыртқадан бірден ересектеріне ұқсас ағза дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]