Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

16. Түркістан кеңестік социалистік республикасы. Оның өлке тарихындағы орны.

1918 жылы ақпанда құрамына оңтүстіктегі қазақ аймақтары кіретін Түркістан автономиясы (Қоқан)да большевиктердің қарулы күштерінің арқасында құлатылды. Оның орнына 1918 жылы 1 мамырда РКСФРқұрамындағыТүркістан Автономиялық Кеңестік Республикасы дүниеге келді.Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші съезінде іске асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстарының орталығы Омбы қаласы болған, ол Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясының қарамағына кірді. 1918 жылғы 15 қаңтардағы жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәйкес елде әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар еріктілерден тұрды. Кеңес өкіметінің декреттері негізінде фабрика, зауыт, банктерді национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, орта кәсіпорындары мемлекет меншігіне көшті. Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастрлердің, помещиктердің, бай казак-орыстардың, патша шенеуніктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді. Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды. 1917 жылғы қарашадан – 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. 1918 жылдың жазынан – 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді. 1921–1922 жылдары жер-су реформасы іске асырылды. 1924–1927 жылдары жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Кеңес өкіметі алға қойған маңызды міндеттерді іске асыруда тәжірибенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т. б. себептер негізінде бұл революциялық шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғаны, Кеңес өкіметіне сенімді азайтатын жағдайлар болды. Халықтың өкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Ф. И. Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде – Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 жылы желтоқсанында өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында «Ауылды кеңестендіру туралы» шешім қабылданды. Республикада «Кіші қазан» революциясын өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол қазақ халқын қайғы қасіретке ұшыратты. Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927–1929 жж. әртүрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Атқару Комитетінің Төрағасы Ж. Мыңбаев, Халық ағарту комиссары С. Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кіналанды. 1928 жылдың аяғында «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деп аталғандардың ішінде бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың қатарында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов, Ж. Ақпаев, К. Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 жылы қыркүйек-қазанда ұсталды. Олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937–1938 жж. атылды. Жалпы 1929–1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.