Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

85. Қазақстанның инвестициялық саясаты.Оның қорытындылары.

Инвестиция – кез келген экономика­ның «күретамыры». Тәуелсіздік жыл­дарында Қазақстан тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістікте шетелдік инвестициялар тарту бойынша көшбасшыға айналды. Мәселен, эконо­микасы біздікінен он есе үлкен Ресей 2016 жылы небәрі 19 миллиард доллар ғана тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тарта алыпты. Қазақ елінің бұл көрсеткіші $20 миллиардтан асты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қа­зақстанға келген тікелей шетелдік инвес­тиция­лар ағымы 2015 жылмен салыстыр­ғанда бірден 40%-ға өсіп, 20,6 миллиард долларды құрады. Қазақстанға тікелей инвестицияларын көп құйған елдер арасында Нидерланды, АҚШ, Швейцария көш бастайды, олардың ізінше Франция, Қытай, Ресей, Бельгия, Ұлыбритания келеді.

Қазіргі таңда әлемдік экономикалық жүйенің жандануы жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы және ашық нарықтық экономиканы қалыптастыруымен байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі  себепті  шетелдік инвестицияның рөлі мен мәні арта түсті. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді түрде жүзеге асырды. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел  жетілдіруге және оның өндірістік мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екіншіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар ашумен қатар өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін де ала келеді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және мемлекеттік сыртқы борышты қалыптастырмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 1-ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 19-наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының” міндеттерін  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жыл 30- қазандағы № 1145 қаулысымен “Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама” қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау және әлемдік сауда жүйесіне өңделген тауарлардың экспортын ілгерілету арқылы кірігу болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті барлық құқықтық база жасалған. Мысалы, 2003 жылы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының  заңы қабылданды. Заң тарапынан отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарының толықтай қорғалуы мен жасалған келісімшарттардың тұрақтылығына кепілдік берілген. Сондай-ақ, Заңда Қазақстан экономикасының басым салаларында жүзеге асырылатын инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары анықталған. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары отандық инвесторларға да, сол сияқты шетелдік инвесторларға да тең дәрежеде таралады. Қазіргі таңда өңірлерде инвесторларға қызмет көрсететін 19 сектор жұмыс істеп тұр. 2017 жылдың бірінші жартыжыл­дығының соңына дейін «бір терезе» қыз­меті онлайн-режимде іске қосылатын болады.