Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.

1988 ж  кеңестік «Кооперация туралы» Заң қабылдады. Дәл осы уақыттан бастап Қазақстандағы банктік жүйе қалыптасуының Бірінші кезеңі басталды. Кооперативтік  қаржылық ұйымдар банктер саласындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуына негіз болды. Кооперативтік деген статус арқылы банктер несиенің уақыты мен шарттарын, пайыздық үстеменің деңгейін анықтауда, банктік қызметтің түрлі формаларын қалыптастыру мен  түскен табысты пайдалануда өзіндік ролге ие болды. Айта кету керек, Кеңес Одағындағы алғашқы кооперативті банк Қазақстанда анығырақ Шымкент қаласында «Союзбанк» деген атаумен пайда болды. 1990 ж  25 қазанда Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік суверинетті туралы Декларация қабылдады. Бұл Тәуелсіздік қарсаңындағы атаулы даталардың бірі болатын. Дәл осы жылы банк жүйесін реформалау үшін негіз болған «ҚазақССР-дегі банк және банк қызметі туралы» атты Заң қабылданды. Бірінші рет коммерциялық банк сөзіне анықтама берілді. Жекеменшік банктер мен шетелдік капиталдың қатысуымен пайда болған банктердің, ломбард, инвестициялық және зейнетақылық қор  тәрізді басқада несиелеу мекемелері қызметтерінің басталу және тоқтатылу тәртібі бекітілді. Осы арқылы бұрынғы екідеңгейлі банктердің консервативтік жүйесіне тоқтау салынып, орталығы Мемлекеттік банк , екінші деңгейде коммерциялық банктер болатын, нарықтық банк жүйесі пайда болды. Мембанктің статусына да қатысты өзгерістер болды. Енді ол респбуликаның барлық банктік жүйесі туралы туралы барлық есепті Жоғары Кеңеске тапсыратын болды.

Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ақша бірлігі қүрайды. Қазақстан ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы «Қазақстан Ұлттық валютасын еңгізу туралы» жарлығы негізінде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға еңгізілді. Сөйтіп Қазақстанның ұлттық ақшасы мен валюталық жүйесі бүрыңғы КСРО республикасының ақшасымен валюталық жүйесінен дараланды. Қазақстан Республикасы ақша бірлігі (ұлттық валюта) болып теңге бекітілді. Ол 100 тиыннан түрады. Қазақстанның айналымдағы ақша белгілері банкноттар мен монеталардан қүралады. ҚР Ұлттық Банкінің айналымға шығарған банкноттары мен монеталары Республиканың бүкіл аумағында барлық төлемдер үшін, есепшотқа салу үшін, сақтау үшін, аудару үшін, акредитивтерге айналдыру үшін ешбір шектеусіз қабылданады. Ақша қаражаттарын шығару, олардың айналымын үйымдастыру және айналымына шек қою тек қана Ұлттық банктің шешімімен жүзеге асады. Банкноттар мен монеталардың қажетті санын анықтаушы, оларды өндіруді қамтамасыз етуші және сақтаушы да Ұлттық Банк болып табылады.

68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздік жүйелерінің қалыптасуы (армия, құқық қорғау органдары).

2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін icкe асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының17-1-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес:  1. Сыртқы барлау саласындағы өкілетті орган функцияларын жүктей отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі құрылсын (бұдан әpі - "Сырбар" қызметі).  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі таратылсын.  3."Сырбар"қызметі:  1) бip ай мерзімде "Сырбар" қызметі туралы ереженің жобасын, оның құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президентіне бекіту үшін ұсынсын;  2) үш ай мерзімде ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін;  3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.  4.Қазақстан Республикасының Үкіметі:  1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша "Сырбар" қызметіне оның міндеттері мен функцияларының көлеміне сәйкес штат санын, ғимараттарды, құжаттарды, қаржылық, материалдық-техникалық құралдар мен өзге де мүлікті, сонымен катар барлау кадрларын дайындау жөніндегі арнайы оқу орнын беруді қамтамасыз етсін;  2) үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе және осы Жарлық ережелерін ескере отырып, "Сыртқы барлау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;  3) "Сырбар" қызметімен бірлесіп Үкіметтің актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;  4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.  6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстанның қауіпсіздік стратегиясы мен әскери доктринасы – ең алдымен бейбіт қарым-қатынасты, халықаралық проблемаларды өркениетті шешуге, қару-жарақпен қорқыту, күш көрсету сияқты зорлық-зомбылықтан бас тартатын бейбіт сүйгіш бағытты қолдау болып табылады. Ол үшін Қазақстан үкіметі әскер жасақтауды қалыптастыру мен тұрақтандыру кезеңінен өте отырып, жаңа форматта Қарулы Күштерді жоспарлы түрде реформалауды қолға алды. Қазіргі таңда елімізде әскери реформалар тұжырымдамасы бірқатар өзгерістерді жүзеге асыруда: Әскери басқарудың барлық жүйесін өзгерген геосаяси, ішкі саяси жағдайларға лайықты етіп қалыптастыру; қарулы күштерді заманауи талаптарға сай етіп қайта құру; әскери бөлімдердегі психологиялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлу; әскери қызметкерлердің әлеуметтік проблемаларын шешу; әскери қызметкерлер мен әскери техник мамандарының білімін арттыру; Әскери бөлімшелердегі Отан алдындағы борышын өтеуші солдаттар мен офицерлерді заманауи әскери дайындықтардан өткізіп отыру, т.б. Бұл тұрғыдағы басты мақсат дүниежүзіне қаауіп төндіріп отырған терроризм мен экстремизмге тойтарыс беру және қарсы күресуде Қарулы күштерді тиімді пайдалану.