Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

92. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" атты Ұлт жоспарының "Бірегейлік пен бірлік" атты институттық реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеялар құндылықтары негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту болып табылады. Дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның берік әлеуметтік ұйысуына, болашағы бір ұлтты қалыптастыруға ықпал ететін перспективалы алаңдардың бірі ретінде қызмет атқарады. Қазіргі заманғы әлемде спорт пен саламатты өмір салты экономикалық дамумен бірге, азаматтардың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштері қатарынан орын алады және халықтың әлеуметтік жұмыспен қамтылуының маңызды аспектісі ретінде қарастырылады әрі солай болып табылады. Түптеп келгенде, спорт жалпыұлттық бірліктің, ынтымақтың нышанына айналып, жаңа қазақстандық патриотизмнің, мақтаныш сезімнің және өз елімен ынтымақтастықтың негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі болып отыр. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану халықты сауықтыру, олардың өзін-өзі танытуы мен дамуының неғұрлым қолжетімді және тиімді тетігі, бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрес құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) елдерінің экономикалық өсім мен ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатына, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағдарланған саясатты ілгерілетуге бағытталған тәжірибесі пайдаланылды. Қоғамдық дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуы спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым бағыттар спектрін айқындайды, мұндай бағыттардың ең маңыздылары - жетекші әлемдік тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен қағидаттарды, инновацияларды кеңінен енгізу және т.б. болып табылады. Тұжырымдама мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ саланы дамытудың өзекті міндеттерін ескере отырып, оларды іске асыру тетіктерін айқындауға бағытталған.

93. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017  көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті. 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017  көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.  2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.

94. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.

2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек. Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу. Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. «Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі. Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу. Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Интеллектуалды ұлт пен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың маңызды міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының стратегиялық жоспары шешуші рөл атқаруы тиіс. Мұндай негізгі бағдарламалық құжаттарға: «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген), «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген) жатады.

95. ХХІ ғасыр үндеулері қарсаңында қазіргі Қазақстандағы ғылымның даму бағыттары және ҒТП-ті басқару.

Қазіргі кезде экономикалық өсудің төмен  сапасынан және экономикаға теріс әсер етуші тенденциялардың  күшеюінен туындайтын  Қазақстанның даму бағыты жайлы мәселе туындап отыр. Экономикалық өсудің жоғары сапасы ғылыми-техникалық прогресс, негізгі және адамдық капиталға салынытын инвестициялар мен ақпараттық технологияларды қамтитын өсу факторларының құрылымына байланысты. Экономика, сұраныс және бәсекелестік динамикасы басқару, сапаны қамтамасыз ету, өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігі, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өнімділігі және өндіріс тиімділігіне деген қалыптасқан көзқарасты қайта бағалауды талап етеді. Жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде, экономикалық өсудің негізгі белгілерін айқындауға болады: 1) Ұлттық өнімнің тұрақты өсуі, сәйкесінше  халықтың  қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаруашылықтар  қабілеттілігінің өсуі; 2) Экономикалық өсудің негізі және оның қажетті шарттарының бірі болып табылатын техникалық прогресс; 3) Жаңа технологияларды игеру барысында институционалдық және идеологиялық өзгерістерді қолдану керек. Оларды қолданбаған жағдайда,  жаңа технологиялар тиімсіз болып танылады. Экономикалық өсу мақсатына жету барысында халық шаруашылығының   өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру, яғни ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру  қажет. Техникалық прогресс негізінде өндірістік факторлардың тиімділігін жоғарлату  экономикалық өсудің  интенсивтік типінің маңызды ерекшелігі болып табылады.   Интенсификациялау  халық шаруашылығы құрылымының  өзгеруіне, талапты және жоғары мамандандырылған  жұмысшы күшінің дайындауына байланысты. Өндірістің нақты көлемінің өсу қарқынында ғылыми-техникалық прогресс әсерінен жұмыссыздық мәселесі туындауы мүмкін. Кеңейтілген өндіріс жағдайындағы экономикалық өсудің өте жоғары қарқынының    байқалмауы  өсудің интенсивтік типінің ерекшелігі болып табылады.