Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

47. 1965 Ж. Экономикалық реформа: себеп, салдары.

1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.

48. ҚазКср-дағы аөк пен төк-нің қалыптасуы: міндеттері, мәселелері, қорытындылары.

АӨК-тің қалыптасуы негізі ауыл шаруашылғымен байланысты. Революциялар мен Азамат соғысының зардаптары ауыл шаруашылығын да кері кетірді. 1913 жылмен салыстырғында 1920 жылы егіс көлемі 20% кеміді, ал астық өнімі үш еседен астам кеміді. Ауыл шаруашылығының құлдырауына қуаңшылық салдарынан егіннің шықпай қалуы және жұт(1921-1922ж. қысы) қатты әсер етті. Мұның өзі аштыққа соқтырды. Кейіннен Кеңес өкіметінің тезірек нақты шаралар қолдануына байланысты 1922 жылдан бастап жағдай түзеле бастады. 1925 жылы астық өнімі 1913-1914 жылдардағымен шамаласып қалды. Кеңес өкіметі жер мәселесін шешу мақсатында 1921-1922жылдары жер реформасын жүргізді. Осыған байланысты, 1921 жылы «Қосшы» одағы құрылды. Ол кедейлерге еңбек артельдерін құруға көмектесті, беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің мәдени деңгейін көтерді. 1926 жылдың көктеміне қарай ауылдағы еңбекшілер 2,5 млн. гектар шабындық және егістік жер алды. Кеңес өкіметінің 20-жылдары ауылдық жерде жүргізілген экономикалық саясаты біраз нәтиже берді. 1927 жылы кооперация шаруашылықтарының 23,1%-ын қамтыды, 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, қашақ ауылдық жерлерде 140 факторий құрылды. Бұл көшпелі халықтың ең оңай, ең қарапайым кооперативтік бірлестіктері болатын. Олар сауда-шаруашылық операцияларын , кедейдің шаруашылықтарына несие беріп отырды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 77артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестік өзара көмек мектебінен өтті. Сөйтіп, жүз мыңдаған көшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруалары біртіндеп отырықшылыққа, ұжымдасып еңбек етуге үйрене бастады.

ТӨК-нің дамуы негізінен жанармай, энергетикалық және шикізат ресурстарына бағыттады. Атап айтқанда, ҚазКСР территориясында негізгі құрылым ретінде Павлодар-Екібастұз ТӨК құрылып, ол қара және таскөмір қоры, ас тұзы мен мыс қорына негізделген болатын. Ал Қаратау ТӨК-і, Жамбыл ТӨК-і ірі фосфорит кенінің негізінде құрылды. Маңғышлақ ТӨК-нің пайда болуында мұнай, газ, қара көмір, мырыш кені, фосфорит қазбалары кеңінен қолданылды. Жеті жылғы соғыстың зардабынан Қазақстан өнеркәсібінің өнімі екі есе азайды. Мұнай өндіру мүлде тоқтатылды. Шетел интервенттері мен ақ гвардияшылар Қазақстан территориясынан шегінетін кезде бірқатар өнеркәсіп орындарын қиратып, бүлдіріп немесе суға батырып кетті. Отынның, шикізаттың жоқтығынан электр станциялары, зауыттар мен фабриктер тоқтап қалды. Отын болмағандықтан, жолдар мен көпірлер бұзылғандықтан, вагондар мен паравоздардың істен шығып, жаңаларының жоқтығынан темір жол мүлде жұмыс істемеген. Алайда, қолданған шаралар нәтижесінде бір-екі жыл шамасында-ақ өнеркәсіпті қалпына келтірудің алғашқы табыстары байқалды. Алдымен, тамақ, жеңіл өнеркәсіптер қалпына келтіріліп, жаңалары салына бастады. Қостанай, Семей, Орал губернияларындағы астық тартатын диірмендер, Солтүстік Қазақстанда май шайқайтын зауыттар, былғары, жүн,мақта-мата кәсіпорындары іске қосылды. Бұлардың артынша ауыр өнеркәсіп орындары іске қосыла бастады. 1925 жылдан бастап Ембі мен Доссор мұнай кәсіпшіліктері, Риддер рудниктері мен Қарсақбай мыс заводы қалпына келіп, жұмысқа кірісті. Темір жолдар да қалпына келтіріліп, жаңа жолдар алдымен астықты аудандармен байланыстыратын Петропавл-Көкшетау, Луговой-Пішпек жолдары т.б. салынды. Қазақстанды өнеркәсібі жөнінен индустриялы ету үшін оның ауыр өнеркәсібін дамыту қажет болды. Бұл бағытта қыруар жұмыстар атқарылды. 1926-1940 жж. Қазақстан өнеркәсібі дамуының жаңа кезеңі болды, мұнай, көмір, түсті металдар өндіруге баса назар аударылды. Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметаллдар комбинаттары салынып, іске қосылды. Текелі полиметалл, Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыты, т.б. ірі өнеркәсіп орындары салынып жатты. 1928-1940 жж. Темір жолдың ұзындығы екі есе өсіп, 6,5 мың км-ден асты. Бұл саладағы аса үлкен құрылыс Түркістан-Сібір теміржол магистралі болды. 1927 жылы басталып, бес жылға жоспарланған, ұзындығы 1500 шақырымдай бұл құрылыс үш жылда аяқталды. Көптеген жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Сөйтіп, Қазақстан 1940 жылғы қарай Кеңес мемлекеті бойынша өнеркәсіптің жалпы өнімінен жетінші, электр қуатын өндіруден алтыншы, тас көмір өндіруден үшінші, мұнай өндіруден үшінші, қорғасын өндіруден бірінші орынға шықты.