Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

98. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.

Елбасы 2012 жылғы «Әлеуметтік-мәдени жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында  Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері екенін атап көрсетті. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық  жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстандықтар – біртұтас, кемеліне келген және қуатты халық. Алайда біз жаңа қайшылықтар мен қауіп-қатерлерге толы уақытта өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы жаңа сынақтарға дайындау, оның әртараптандыруын жалғастыру. Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді мақсаттарды іске асыруы қажет деп атап көрсетті. Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы Жолдаудың логикалық жалғасы болды. Бұл құжат – әр қазақстандықтың әлеуметтік әл-ауқатына жол ашатын әлеуметтік еңбек қатынастарының  теңгерімді белгісі, еңбекке деген жаңа көзқарас. Еңбек, өнімді еңбек құндылығы  және еңбек адамы ұлықталады, жаппай масылдықпен әлеуметтік бейқамдық  қоғамның әлеуметтік жанғыру жолындағы айтарлықтай кедергі ретінде айыпталады. Президент Н.Ә.Назарбаев 3 қыркүйекте V сайланған  Парламенттің ІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтар әлеуметтік жаңғырту туралы мен қойған мақсаттарды құлшынып қабылдады. Біздің қоғам әлеметтік дамуының нақты бағыттарына ие болды. Бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» - деді. Еңбек идеологиясының мемлекеттік саясат мәртебесін алуы өте маңызды. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы жаппай әлеуметтік масылдық басты себеп болған  жаһандық дағдарыстан өтіп жатқан  дамыған елдер үлгісінде аса өзекті. Сондықтан Президент масылдыққа жол беруге болмайтынын ашық және айқын айтты. Президенттің пікірінше, еліміздің әлеуметтік жаңғыруы бірінші кезекте азаматтардың сана-сезімінің масылдық көңіл күйден белсенді өмірлік ұстанымға нақты трансформациялануын, өзгеруін талап етеді. Негізінде еңбекке деген бұрмаланған уәж «аз жұмыс істеп – көп ақша алу» жатқан әлеуметтік бейқамдық құбылысына біздің қоғамда орын жоқ. Жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің мүмкіндіктерімен әлеуметтік күтулердің арасында теңгерім болуы қажет. Бірақ та мемлекет  бақ берекенің сөзсіз донор емес. Оның миссиясы азаматтардың дәулетін өсіруге жағдай жасап көмектесу. Ал оның іске асыру – ол әр адамның жаупкершілігі. Біздің мақсатымыз – осы өзекті ойды елдің әрбір тұрғынына жеткізу болып табылады. Қоғамдағы масылдық  мінезін жою қажет, өйткені  қазіргі экономикалық жағдай  кез келген адамға  өз күш-қуатын  белгілі бір бағытта жұмсауға мүмкіндік береді. Әрбір азамат  өзінің қолынан келетін істі өзі жасауы керек. Тек еңбек қана  қазақстандықтардың  әл-ауқаты мен  өмір сапасын арттыра алады,  шынайы өнімді еңбек – біздің әлеуметтік саясатымыздың  негізі болуы тиіс. «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламалары  жұмысқа орналасуға не  жаңа кәсіпті игеруге, өз ісін ашуға мүмкіндік береді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру  жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Шағын қалаларды дамыту бағдарламаларын іске асыруға байланысты  жаңа жұмыс орындарын құру бойынша едәуір  перспективалар береді.