Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

109. Қр тмд елдерімен мәдени, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы.

Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жүйесінің негізі Достастықтың салалық органдары болып табылады. Олардың құрамында гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес және ТМД мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры бар.

Олардың тікелей көмегінің арқасында 2013 жылы ірі мәдени және қоғамдық іс-шаралар: Шығармашылық және ғылыми зиялы қауымның VIII-Форумы (қыркүйек, Минск қ.), Мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлер съезді, ТМД мүше мемлекеттердің халықаралық спорттық ойындары, ТМД елдерінің Жастар симфониялық оркестрінің гастрольдік-білім беру туры және т.б. өткізілді. Осындай іс-шаралар: халықаралық жастар ынтымақтастығың 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына, Дене шынықтыру және спортты дамыту стратегиясына, Туризм шеңберіндегі ТМД мүше мемлекеттер ынтымақтастығының даму стратегиясына, Мәдениет саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасына, 2013-2014 жылдарға арналған гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. ТМД мүше мемлекеттердің арасындағы мәдени қатынастарды кеңейту және жаңа сапалы мазмұндармен толықтыру мақсатында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшыларының Кеңесі 2014 жылы Алматы қаласы мен Ош қаласын, ал 2015 жылы Воронеж және Куляб қалаларын ТМД-ның мәдени астаналары деп жариялап, 2013 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасында және Түрікменстанда «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады. 2014 жылы 10 қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2015 жылы ТМД-да төрағалық қызметін Қазақстан Республикасы атқаратыны туралы шешім қабылданды. 2015 жылы ТМД-ға төрағалық шеңберінде Қазақстан мынадай бағыттарға күш салды:

-     Достастықтағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту, ТМД кеңістігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдауға бағытталған бастамаларға жәрдем беру;

-         Көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешуде Ұйымның рөлін арттыру;

-     Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, оның ішінде өндіріс, энергетика, көлік пен коммуникация және басқа да салаларда ынтымақтастықты жандандыру;

-      Ғылым, білім, туризм, жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықпен бірге мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту.

ТМД шеңберінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығын бірге атап өту 2015 жылдың негізгі аспектісі болды. Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек. «Дамудың Қазақстандық моделі» казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда.. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын.

110. Егеменді Қазақстандағы мәдениет пен ғылымның дамуы.

Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті. Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды. Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар: • Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету; • этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру; • менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау. Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан: • азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі; •    мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей; •  тарихи-мәдени мұраны қорғау; •    ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту; •    мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау; •    мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау; •    мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану. 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды. Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: •    ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды; •    нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті; •    меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді. Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды. Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды. Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.

XX ғасырдың 90-жылдарындағы республика ғылымының өрісі, оның жаңа технологиялармен жабдықталуы бүгінгі күн талабына жауап бере алмады. Аталған кемшіліктердің орнын толтыру бағытында Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды. Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді.

Олар: 1.    электроника мен байланыс жүйесі бойынша, 2.    ақпаратты және есепті техника бойынша, 3.    биотехнология, 4.    экология, 5.    жаратылыс ғылымдары бойынша, 6.    минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, 7.    жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары. Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994 жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады. 1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты. 1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді. 2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған. Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді. Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді.