Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

6. Іі Мемлекеттік Думадағы қазақ демутаттарының қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б. Қаратаевтың баяндамасы.

Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.

II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».

Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».

Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.

7.Хх ғ. Басындағы қазақ әдебиеті мен баспасөзі. Оның қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ықпалы. («Айқап», «Қазақ» және т.Б.)

Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның қазақ әдебиеті жағдайына да әсер етті. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үщін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды,білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақ халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделерін қорғауға өз үлесін қосқан қазақ әдебиетінің рөлі соңғы орында қалған жоқ. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялықдәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыққа қарсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби-шығармашылық, қоғамдық-саяси қызметінің революциялық-демократиялық бағытта болғаны айқын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық қызметінде ғана емес, өздерінің қоғамдық-саяси қызметінде де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкіл халықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің (1913-1918) беттерінде нысаналы бағытта дамытуы, сондай-ақ патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын құруға әрекет жасауы айғақ болып табылады. ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Бұл кезендегі жарқын жетістіктердің бірі қазақтың ұлттық баспасөзі қалыптаса бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы бұқаралық басылымдарды отаршыл билік органдары шығарды. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстандағы әкімшілік реформаларын жүзеге асырғаннан кейін халыққа патша үкіметінің қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндіру үшін баспасөз қажет болды. Алғашқы газеттердің бірі — «Түркістан уәлаятының газеті» 1870 жылы Ташкент қаласында қазақ және өзбек тілдерінде шыға бастады, Ол Түркістан генерал-губернаторлығының баспасөз органы еді. 1888 жылы Омбыда Дала генерал-губернаторлығы «Дала уәлаятының газетін» шығара бастады. Бұл газеттер Ресей империясының қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндірумен айналысты. Олар негізінен ақпараттық-анықтамалық сипатта бола тұрса да, оларда қазақ халқының тарихы, этнографиясы және ауыз әдебиеті туралы материалдар жиі жарияланып тұрды. Осы газет беттерінде қазақ зиялыларының көшбасшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М. Көпейұлы және басқалардың алғашқы мақалалары жарияланды. 1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» жарық көрді. Оның баспагері әрі редакторы белгілі ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналды басып шығаруда қазақ халқының көрнекті өкілдері Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Торайғыров және басқалары елеулі рөл атқарды. Журналда жарияланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмір салтына көшуінің, өлкедегі халықтың білім деңгейін көтерудің көкейкесті мәселелері қозғалды. Алайда журнал 1915 жылы жабылып қалды. Соған қарамастан, ол қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда, жаңадан қалыптасып келе жатқан зиялы қауымның басын қосып, топтастыра түсуде орасан зор рөл атқарды. Қазақ басылымдарын қаржыландыруға татар көпестері мен кәсіпкерлері елеулі үлес қосты. 1914 жылдан 1918 жылға дейінгі аралықта Омбы қаласында қазақтардың «Бірлік» атты мәдени-ағарту ұйымы жұмыс істеді. Оның жұмысына ақын, жазушы, ағартушы әрі драматург Қошке Кемеңгеров белсене қатысты. Бұл ұйымның органы 1914—1918 жылдары қолжазба күйінде шығып тұрған «Балапан» журналы болды. Оның бас редакторы Қошке Кемеңгеров еді. Уфа қаласында 1915-1918 жылдар аралығында «Садақ» атты және бір қолжазба журнал да шығып тұрды. 1905 жылы патшаның қол қойған манифесі бойынша елде сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы жарияланды. Мұның өзі Қазақстанда қазақтардың өздері шығаратын демократиялық басылымдарды — газеттер мен журналдарды шығаруына мүмкіндік берді. 1907 жылы Санкт-Петербургте қазақтардың тұңғыш қоғамдық саяси газеті «Серке» жарық көрді. Ол татар тілінде шығатын «Ульфат» газетінің қазақша қосымшасы ретінде шыға бастады. Алайда ол елде саяси реакцияның күшеюіне байланысты жабылып қалды. Содан 1913 жылы ғана жалпыұлттық «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар барша қазақ елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Олар осы газеттің белсенді авторлары болды. Атақты баспагерлер «Қазақ» газетінің төңірегіне Шәкәрім Құдайбердіұлы, Халел Ғаббасов, Хайретдин Болганбаев, Ғұмар Қарашев, Райымжан Мәрсеков, Мұхтар Саматулы сияқты көптеген көрнекті қайраткерлер мен ақындарды топтастыра білді. Газеттің әр нөмірінің таралымы орта есеппен 3 мың данаға, кейде тіпті 8 мың данаға дейін жеткен. «Қазақ» газеті XX ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Газет өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті, газет мұсылман діні мәселесі бойынша, ғылыми негізделген бағыт ұстанды. Газет бетінде жарияланған мақалалардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетілдіруге арналды. «Қазақ» газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінде шығарылды, өз ұлтының көкейтесті мүдделеріне адал қызмет етті. Ол бүкіл қазақ халқын өзінің төңірегіне топтастыра білген ұлттық-саяси және ғылыми-әдеби басылым болды. XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында рухани-діни және зайырлы мазмұндағы кітаптар пайда бола бастады. 1900 жылдан 1917 жылға дейін қазақ тілінде 400-ге жуық кітап басылып шықты, олардың жалпы таралымы 60 мың данаға дейін жетті. Кітаптар Санкт-Петербург, Орынбор, Уфа, Троицк, Орал, Астрахан, Верный, Ташкент қалаларындағы баспаханаларда араб әрпімен шығып тұрды. ХІХ-XX ғасырлар тоғысында шетел тілдеріндегі кітаптарды қазақшаға аудару үрдісі күшейе түсті. Бұл жұмыспен қоғамның неғұрлым сауатты азаматтары айналысты. 1909 жылы Санкт-Петербургте ұлы Абайдың өлеңдері мен А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы жарық көрді. Ал 1909 жылы Қазанда М. Дулатовтың атақты «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы басылып шықты. «Бақытсыз Жамал» романы, «Азамат» және «Терме» атты шығармалары жарық көрді. 1911 жылы ұлы Абайдың шәкірті, данышпан Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деген кітабы жарық көрді. Шәкәрім өз бетімен білім алды, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Ол бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, ойшыл, тарихшы, ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды. 1911 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке кітап болып шықты. Бұл шығарма қазақ халқының құқықсыз мүшкіл халіне арналды. 1912 жылы ол араб графикасы негізінде «Оқу құралы», «Әліпби», «Жаңа әліппе» және «Тіл құралы» деп аталатын әдістемелік оқу құралдарын қазақ тілінде жазып шықты. Мұндай басылымдардың жарық көруі қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес халықтар үшін зор жаңалық саналды. 1912 жылы Мағжан Жұмабаев «Шолпан» атты өлеңдер жинағын жариялады. 1914 жылы «Бірлік» атты ағарту үйірмесінің көмегімен Сәкен Сейфуллин өзінің «Өткен күндер» атты алғашқы кітабын жарыққа шығарды. Қазақ газеттерінің, журналдары мен кітаптарының жарық көруі қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда, қазақ зиялыларының ұлт мүддесі үшін тығыз топтасуында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқы бұл кезде түрлі әдеби шығармаларды тек қазақ тілінде ғана емес, татар және орыс тілдерінде де оқи алатын дәрежеге жетті.