Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

83. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.

Елбасының бағдарламалық мақаласы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бағдарын айқындайтын, тұтастай алғанда елді жаңғыртудың өзіндік бір «Жол картасы» болып табылады. Мемлекет басшысы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысты ауқымды дайындық  жұмыстарын дәлме дәл, тыңғылықты әрі ашық түрде түсінікті етіп баяндайды. Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте «Қоғамдық келiсiм» ұйымының директоры Наталья Калашникова осылай деп мәлiмдедi. Оның айтуынша, Президент бұл мақалада қазақстандық арманға апаратын жолдың негiзгi бағыттарын ғана көрсетіп қойған жоқ. Сонымен қатар, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың нақты механизмдерiн атап көрсетті. Ал бағдарламаларды іске асыруда қоғамдық институттардың ролі ерекше. Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы жоспар даярлаған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ассамблея еліміздің түкпір-түкпірінде мыңнан аса іс-шара ұйымдастырмақ. Наталья Калашникова, бұл қазақстандықтардың бiрлігі мен татулығын нығайтуға ықпал етеді.

84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері. Қр-дағы жекешелендірудің 4 және 5 кезеңі.

Қазақстан Республикасы - нарықтық экономикасына жаңадан қадам басушы жас мемлекет. Сондықтан да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму мақсаттары мен жолдары негіздеу ел үшін өте маңызды іс болып табылады. Осы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын басшылық әрдайым халыққа жария етіп, және жаңа мақсаттар мен қол жеткізген нәтижелерді Жолдаулар, Дамудың стратегиялық бағдарламары, халықаралық ұйыдардың қолдауымен жасалынған декларациялар және тағы да басқа жолдармен бекітіп отырады. Солардың бірі Қазақстан Республикаы мыңжылдық даму мақсаттары Декларациясы.  Мыңжылдық даму мақсаттары дамудың кедейлікті қысқарту, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік, ғасыр ауыруларымен күрес, бастапқы білімге және экологиялық тұрақтылыққа көптеп қол жеткізу сияқты маңызды салаларын қамтиды. Қазақстан кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге қол жеткізу және әйелдердің құқығын қозғау сияқты МДМ қойған кейбір бастапқы мақсаттарға әлден-ақ қол жеткізгендіктен,  үкімет «МДМ плюс» шақыру қағазы, демек ұлттық басымдықтарды, ұлттық статистиканы, тиісті мемлекеттік бағдарламаларды талдауға негізделген, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесінің негізінде Қазақстан үшін икемделген қосымша мақсаттар бойынша өзіне міндеттемелер қабылдады. Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ елдік командасымен бірлесе отырып мыңжылдықтың  2002, 2005, 2007 және  2010 жылдары даму мақсаттары туралы төрт есепті дайындады. Мемлекеттің әлеуметтік -экономикалық даму мақсаттарын негіздеу кез келген мемлекет үшін орасан зор маңызы бар екендігіне көз жеткіздік. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін, онда болып жатқан құбылыстар, қарым-қатынастар мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қорғай отырып, сонымен бірге олардың  ұтымдылық пен тиімділік тұрғысынан пайдалануын қадағалайды. Ал даму мақсаттарын бекіту мемлекеттің осы жауапкершілікті орындауды жүзеге асыруға қажет бірден бір функциясы болып табылады. Және де осы мақсаттар мемлекеттердің миллиондаған адамдарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған болып келеді.

Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. ҚазақстанРеспубликасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен,нормативтікактілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. ЖекешелендіруҚазақстандаүш кезеңмен өтті. Соның ішінде 4 және 5 кезеңдерге тоқталсақ, 4-кезең 1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

5-кезең.Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды. 1991-2000 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитеті және оның облыстық бөлімшелері мен мемлекеттік меншік объектілерінің 34,5 мыңы жекешелендірілді.