Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы. Алматы декларациясы.

1 - 21 тамыз күні Ресей үкіметінің жіберген ұшағымен М.С. Горбачев Қырымнан Мәскеуге кайтып келді. Демократиялық күштердің басымдылығы жағдайында ТЖМК-нің әскери күш қолдануға батылдығы жетпеді. Әскерлер казармаларына қайтарылды. Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталды. ТЖМК-нің басшылары тұткындалып, істері сотқа берілді. Бүлікшілердің жеңілуіне бұқара халықтың қолдамауы, Ресей басшылығының табанды қарсылығы, сондай-ақ, одақтас республикалар басшыларының ішкі мәселелерді жаңаша тұрғыда шешуге деген ықыластары себеп болды. Әскери күштердің Ресей басшылығына көрсеткен қолдауының да маңызы зор болды. Б.Н. Ельцин 23 - тамыз күні өзінің жарлығымен КОКП-ның қызметін тоқтатты, ал 6 — қарашадағы Жарлығымен мемлекетті басқару құрылымындағы билік партиясы ретінде, компартияның қызметіне тыйым салынды. ТЖМК бүлігінің басылуы, кеңестік саяси жүйенің «орталық — республикалар» «жоғарғы билігінің» дағдарысын көрсетті. Бұл бұрынғы жүйенін «өзегін» құраған және КОКП мен МҚК сияқты өкімет билігінің серіктігін қолында ұстаған кұрылымның күйреуімен байланысты еді. Бүлік басылған соң, тамыздың 24-і күні республиканың Жоғары Кеңесі «Ағымдағы кезеңді бағалау және егемендікті нығайтуға байланысты шаралар туралы» қаулы қабылдады. Президент «тамыз төңкерісін» қолдаған азаматтарға кешіріммен және түсінушілікпен қарады. Қазақстанда тамыз оқиғаларына байланысты ешқандай сот та, саяси істер де қозғалған жоқ. Бірақ «тамыз бүлігі» республика басшыларын бұдан әрі жауапкершілікті өз мойнына алудын қажеттілігіне көзін жеткізді. Тамыз оқиғаларынан соң тағы да жүз күн М.С. Горбачев КСРО-ның шартты түрде Президенті болып қала бергенімен, ештеңе өзгерте алмады. М.Горбачевтің сөз жүзіңдегі демократиялық қағидасы бұрынғы саяси жүйенің сақталып қалған қайшылықтарын шешпеді. М.С. Горбачев пен Б.Н.Ельциннің жеке келіспеушілігі жағдайды ушықтыра түсті. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1991 жылдың тамыз айында өзінің КОКП ОК Саяси Бюросы құрамынан шығатынын мәлімдеді. Осы жылдың тамыз айында Семей ядролық полигонында болды. Сынақ аймағынан келген соң парламенттің арнайы сессиясын шакырып, жарты ғасырлық тарихы бар Семей полигонын жабу мәселесін қызу талқыға салды. Алғашқы құпиясыздандырылған мәліметтерде полигондағы жарылыстардың жалпы зарядтық күші, Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2.5 мың есе қуатты екендігі айтылады. Сессияның соңғы күні, яғни 29 тамыз күні Президент полигонды жабу туралы мәлімдеме жасады. Қазақстан осындай қару түрлерін өндіретін және сынайтын бүтіндей бір индустрияға ие бола тұра, әлемдегі төртінші арсенал деген қаһарлы дәрежеден өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет болды. Бұл — КСРО-ның бұрынғы басшылығының келісімінсіз жасалды. Ұлт мұратына қызмет етудің жарқын да жасампаз көріністерінің бірі болды. 1991 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының төтенше және кезектен тыс съезі өтіп, онда Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру туралы шешім қабылданды. Делегаттар арасында партияның атауы туралы өткір пікір сайыс туып, бірнеше атау ұсынылды. Делегаттардың көпшілігі «социалистік» атауын қалады. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның халық бірлігі партиясы» атауын ұсынды, бірақ ол депутаттар тарапынан қолдау таппады. Жаңа құрылған партия Қазақстанның Социалистік партиясы (ҚСП) деп аталды. 90-жылдардың бірінші жартысында ҚСП ең ірі партия болып, онын қатарына әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 47 мың адам кірді. Баспасөз органы «Республика» және «Сүхбат» газеттері еді. 1991 жылдың күзінде Компартия мүшелерінің бір бөлігі Қазақстанның Халықтық Конгресс партиясы қатарына өтті. Осы партияға еліміз бен шет елдерге танымал ақын, әрі қоғам қайраткері О.Сүлейменов пен М.Шаханов ұйытқы болды. Партияның негізгі міндеті парламенттік әдістерді пайдалана отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын онан әрі дамыту болатын. Әкімшілік, экономикалық, иерархиялық және басқа байланыстар әлсірей берді. 90-жылдары КСРО-ның дағдарысын әлемдік қауымдастық жіті қадағалап отырды. Сингапурдың негізін салушы, әрі оны отыз жылдан сәл астам уақыт ішінде дамыған мемлекет қатарына жеткізген Ли Куан Ю 1991 жылы мамыр айында Алматыға бейресми салармен келген еді. Ол өзінің оқыған дәрісінде коммунизмнің ешқандай болашағы жоқ екендігін дәлелдеп. КСРО-ның сөзсіз құлайтындығын, Қазақстанның болашағының зор екендігін мәлімдеді. 1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей басшысы Б.Ельцин, Украина басшысы Л. Кравчук, Белоруссия басшысы С. Шушкевич Беловежьеде «Вискули» үкімет резиденциясында кездесіп, КСРО-ның құрылуы туралы 1922 жылдың 30 желтоқсанындағы шартты бұзу жөніндегі келісімге қол қойды. Нәтижесінде КСРО халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде күшін жойды. Құжатта: «КСРО халықаралық саяси құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатты», — деп жазылды. Сол жылдың 13 желтоксанында Ашхабадта өткен Орта Азия және Қазақстан Республикасы басшыларының кездесуі «Беловежье келісімін» қолдады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол жеткізді.

Бұрын КСРО құрамында болған, кейiн өздерiнiң тәуелсiздiктерiн жариялаған республикалар — Армения, Әзiрбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Украина басшылары Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күнi аталған тәуелсiз мемлекеттердiң жетекшiлерi тәуелсiз мемлекеттердiң жаңа ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды. Бұл жолы одақ сөзi достастық сөзiмен алмастырылды.Осылай Алматыдағы кездесудiң нәтижесiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келдi. Алматы кездесуiнен кейiн Кеңес Одағы iс жүзiнде өмiр сүруiн тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай, “Армения Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы (РФ), Тәжiкстан Республикасы, Түрiкменстан Республикасы және Украина теңқұқылы негiзде және жоғары дәрежеде Келiсушi тараптар ретiнде Тәуелсiз Мемлекеттердiң Достастығын құрды”. Хаттамаға жоғарыда аталған республикалардың басшылары Л. ТерПетросян, А. Муталибов, С. Шушкевич, Н. Назарбаев, А. Ақаев, М. Снегур, И. Каримов, Б. Ельцин, Р. Нәбиев, С. Ниязов және Л. Кравчук қол қойды. Алматы кездесуiнде қол жеткiзген уағдаластықтың маңыздыларының бiрi ядролық қаруға байланысты бiрiккен шаралар туралы келiсiм болды. Оған сол кезде аумағында ядролық қаруы болған Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина басшылары қол қойды. Келiсiм бойынша оған мүше мемлекеттер ядролық қару жөнiнде бiрiккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерiнiң ұжымдық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс болды.