Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

120. Қр Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы: жағдайы, мәселелері мен жетістіктері.

Орта Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Орта Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынас – біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы. Президент Н.Назарбаев 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз де, дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз сыртқы қатерлеріміз де ортақ» деп атап көрсетті. Президент бұл одаққа Орта Азия мемлекеттерінің, оның ішінде Тәжікстан мен Түрікменстанның кіруін ұсынды. Интеграцияның алғашқы қадамы 1994 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі келісім-шартқа қол қоюдан басталды. 1998 жылдың 26 наурызында оған Тәжікстан енді. Ал 1998 жылы оның Орта Азиялық экономикалық қауымдастық деген жаңа атауы бекітілді. 1991 жылғы 9 қазанда Қазақстан, Қырғызстан,Өзбекстан, Тәжікстан «Әскери қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» келісімге қол қойды. Онда бұл елдерге басты әскери қауіп ретінде бірсыпыра өңірде саяси және әлеуметтік-экуономикалық тұрақсыздықтың болуы, кейбір мемлекеттер тарапынан қуатты әскери күштердің жақын тұруы, жаппай қырып-жоятын қарулардың таруы атап көрсетілді. 1994 жылғы 8 шілдеде Қазқстан, Қырғызстан, Өзбекстан әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 1995 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан БҰҰ-на қарасты ұжымдық бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге келді. 1993 жылғы 26 наурызда және 1997 жылғы 28 ақпанда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан «Арал теңізі және Арал өңіріндегі проблеманы шешу бағытында бірлескен іс-қимыл туралы және Арал аймағының экономикалық дамуын, оның әлеуметтік-экономикалық өркендеуін қамтамасыз ету туралы» келісімдерге қол қойды. 90-жылдарда мемлекетаралық қатынастың нормативтік-құқықтық негіздері жасалды. Қазақстанның, Өзбекстан және Қырғызстанмен «Мәңгілік достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» келісімге, 1998 жылғы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы арасындағы одақтық қатынас туралы келісімге қол қоюы ірі саяси оқиға болды. 1998 жылғы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Мәңгілік достық туралы келісімде» тараптар экономиканың әртүрлі салаларында тығыз ынтымақтастықты нығайтуға жағдай жасалатындықтарына келісті. Сол сияқты аталған үш мемлекет Бірыңғай экономикалық кеңістік құра отырып, капитал мен жұмысшы күшінің еркін қозғалысы, экономиканың түрлі салаларында өзара келісілген саясат жүргізу туралы да шартқа қол қойды. 2002 жылғы желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Алматыда « Орта Азия ынтымақтастық ұйымын» құруға келісті. 2003 жылғы шілде айында ОАЫ Ұйымы мемлекет басшыларының мәлімдемесі жарияланды. Алға қойылған мақсаттар көрсетілді, олар: өңірде тұрақтылықты қамтамасыз ету, өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық интеграцияның орнықты жүйесін қалыптастыру, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, халықаралық лаңкестікті қаржыландыруға кетіп жатқан есірткі трафигінің арналарын анықтау және жабу, транс-шекаралық қылмысқа және жасырын көші-қонға қарсы күрес, шекаралық, кеден және салық қызметтерінің өзара ықпалдастығы. Өңірлік және мемлекетаралық сипатқа ие болып отырған үш жоба аталды. Олар: аймақта су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру және аймақтағы мемлекеттерді азық- түлікпен қамтамасыз ету жөнінде 3 консорциум құру. Сонымен қатар, Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың өңірде жалпы рынок құру ұсынысын жүзеге асыру шешімдері қабылданды. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарт ұйымының Орта Азия аймағындағы жұмысы ең алдымен осы маңда 2001 жылдан бері жайғасқан Шұғыл әрекет ететін ұжымдық күштерді (ШӘҰҚ) нығайта түсуге бағытталып отыр. Бұл күштерге жиыны 1500 адам құрайтын Ресейден, Қазақстаннан, Тәжікстаннан және Қырғызстаннан келген 4 батальон кірді. Бұған қоса Тәжікстанда орналасқан ресейлік 201-мотоатқыштар дивизиясы да осы біріккен күштер қатарында. Бұл аймақта оның қауіпсіздігіне қатер төндіретін ошақ көздері көп. Бұған аймақтың Ауғанстанмен шектесетінін, аймаққа экстремистік топтардың біртіндеп еніп, тіміскі әрекет жүргізуі мүмкін екендігін, кедейшіліктің, жұмыссыздықтың және қоғамдық өмірдегі өзге де теріс ахуалдың салдарынан жасырын көші-қон өршіп кетуі мүмкін әдеуметтік дүрдараздықты және басқаларды қосуға болады. Президент Н.Назарбаевтың Орта Азия мемлекеттері Одағын құру жөніндегі бастамасы қазіргі ғаламдастыру кезінде жалпыға бірдей қауіптің төнуіне байланысты болып отыр.