Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

12. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.

1917 жылы қазанда Петроградта және оның маңайыңда социалистік революцияның жеңіп шығуы үшін партияның басшылығымен Қызыл гвардияшылардың, революцияшыл солдаттар мен матростардың 250 мың жауынгерінен түратын екпінді отряд жасақталды. Осы басты үш күш 24 қазанда таңертең шабуылға шығып, сол күннің кешінде көтерілістің орталығы Смольныйға В.И.Ленин келгеннен кейін, көтеріліс өзінің шешуші кезеңіне көшті. 25 қазанда (қарашаның 7) таңертең Петроград Советі жанындағы Әскери-рев. Комерция-лық комитет В.И.Ленин әзірлеген "Россия азаматтарына" үндеуді жариялады. Онда Уақытша үкіметтің құлатылғаны хабарланды. 25 қазанның кешінде Смольныйда Советтердің Бүкіл россиялық 2-съезі ашылды. Съезд "Жұмысшыларға, солдатгарға және шаруаларға" үңдеудегі бүкіл өкімет билігінің Советтерге көшкенін мәлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын баян етгі. Съезд Бейбітшілік туралы, Жер туралы декретгер қабыддап, БОАК-ті сайлады. Совет үкіметін-Халық Комиссарлары Советін құрды. Оның Председателі болып В.И.Ленин бекітілді. Жаңа заман басталды. Совет үкіметінің алғашқы актілерінщ бірі "Россия халық-тары праволарының Декларациясы" болды. Онда жұмысшы-шаруа мемлекетінің ұлт саясатының негізгі принциптері: Россия халықтарының тендігі мен суверендігі, олардың өзінің мемлекет құрылысын өзі шешу правосы жарияланды. Ұлттық және этникалық азшьшық пен топтардың еркін дамуы, ұлтгық және діни артықшылықтарды жою-Совет өкіметінің ұлт программасы, міне осындай еді. Қарашаның басында Москвада жеңіске жеткен революция бүкіл елде өзінің салтанатты шеруін бастады. Поволжьеде, Уралда, Сібірде Совет өкіметінің орнауы кейбір себептерге байланысты біраз кешеуідцеді. 1917 ж. 30 қазанда Қазақстаңда алғаш рет екімет билігін Перовск (қазіргі Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен гарнизон орналасқан ірі теміржол станциясы болатын. 3 маусымда мұнда дербес большевиктік ұйым құрылып, РСДЖ(б) П ОК-нің Москва бюросымен байланыс орнатқан еді. Түркістан мен Сырдария облысының әкімшілік орталығы Ташкенттегі қарулы көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін Әулиеатада, Шымкентге, Қазалыда т.б. жерлерде бейбіт жолмен Совет өкіметі орнады. Біраз кідірістен кейін — 22 қарашада Петропандца, 27 желтоқсаңца Ақмолада өкімет билігі Советгер қолына көшті. Оның кщіру себебі Сібір казакгарының ауқатгы бөлігіне арқа сүйеген эсерлер мен меньшевиктер белсенді қарсылық көрсетті. Ұсақ буржуазиялық қайрат-керлердің казактардьщ офицер-атаман топтарымен бірііуі оларға кей жерлерде революция күшін уақытша тежеуге мүмкіндік берді. Оралда, Орынборда, Алматыда меньшевиктер мен эсерлердің қатысуымен, "әскери үкімет"құрыдды. Ол Совет екіметімен күреске әзірлік жұмысьш өз қольша алды. Семейде, Павлодарда, Өскеменде үсақ буржуазиялық "делегаттар жиналысының" қолшоқпары басшылық етті. Бұл жерлерде казак полкгерімен, жасақтармен, офицерлік-юнкерлік отрядтармен бірге реакция жергілікті халықтардың буржуазияшыл-дарьшан қолдау тапты. 14 қарашада атаман Дутов Орынборда төңкеріс жасап, Поволжье мен Орал өңірі Қызыл гвардия-шыддармен ашықтан-ашық Қазақставда кеңес үкіметіне қарсы соғыс қимылдарына көшті. Басқа жол, басқа әдісті әлі танып-білмеген қарапайым халықтың басым бөлігі коммунистердің соңына еріп, ал мүвдай әрекетгің арты немен аяқталатынын әуелде жақсы түсіне алмады. Олар өз арасынан комиссарлар сайлап Совет үкіметін қолдады. Бірақ 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге, қазақ қоғамывда ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен өдісіне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлтгық демократиялық интеллигенция қазақ жеріндегі ара салмақтьщ өзгергенін, қарсы тұрған жаудың да күші мен айласы бұрын-ғьщан басқа екеңдігін ескере отырып, күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі ұлтгық саяси тұтастық және негізгі мақсатгар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту екендігін халыққа жеткізуге тырысты. Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезеңцегі ұлт мүддесіне тура келетіңцігш көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман, жаңа өзгерістердің келе жатқавдығын тура түсіне отырып, енді белсенді әрекетке көшті. Оның бұл әрекеті алдымен саяси партия құрудан басталды.

13. ІІ Жалпы қазақ съезі. «Алаш» республикасының жариялануы мен Алаш орда үкіметінің қызметі. 1-ші қазақ әскерінің құрылуы.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса ма ңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б.. Бұл съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан т ұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулы қтар басылым ға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылы ғын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатынды. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік -автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ съезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады. Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған. Алаш партиясының жетекшілері 1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен ж әне Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады. XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп д үниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», – деген пікірді айтқан.

Алаш әскерін құру идеясы 1917 жылғы І-ші жалпы қазақ съезінде көтерілген, бірақ ондағы «… анархия болу қаупі бар, сол себепті осы күнгі әскер орнына халық милициясы құрылсын» деген сөздер сол күйінде қалды. Одан кейінгі ІІ-ші жалпы қазақ съезінде «мемлекет халі тайғақ кешуде, тар жолға душар болып тұрғанда жан-жақты қоршаған қалың бәледен сақтану үшін халық әскерін жасау керектігі қайта жаңғырып, милиция құрудың мақсаты анықталды, қазақ милициясын құру жоспары жасалып, бекітілді». Алаш немесе Алашорда әскері бастапқыда «халық милициясы», «халық әскері», «алаш әскері», «қазақ полкі» сияқты әртүрлі атаулармен аталды. Бастапқы қолданыстағы «милиция» сөзінің астарында елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын әскер ұғымы жатқаны анық. Сондықтан, Алаш әскерінің іс-қимылдарын 1917-1919 жылдар аралығында жарияланған материалдар мен солардың негізінде жазылған зерттеулер бойынша талдап көрелік. ІІ-ші жалпы қазақ сьезінде халық әскерінің әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға соғыс өнерін үйрету, қажетті қару-жарақ, қаржы, көлік және тағы басқа заттармен қамтамасыз ету тәртібі анықталып, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құру қажет» деген қаулы қабылданады. Бұл идеяны Жақып Ақбаев ұсынған болатын. Съезд қаулыларында нақты көрсетілгендей, Алаш әскерін құру үшін алдымен милицияға алынатын адам шығынын анықтау, оларды қару-жарақ, ат-көлікпен қамтамасыз ету, әскери мамандар (офицерлер мен инструкторлар) даярлау жұмысын айқындап, оған қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен жинайтын болды. Әрине, пұлсыз Алашорда да, оның комитеттері де ешнәрсе істей алмайтын еді. Сондықтан, «бұл істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы – ақшаны қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу еді. Орданың өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыра бастады». Осылайша Алашорда үкіметі адмирал А.Колчак, атаман Б.Анненков, атаман А.Дутовпен, орталықтағы Халық Комиссарлар Кеңесімен келіссөздер жүргізді. Айталық, Алашорданың батыс бөлімі 1918 жылдың көктемінде Мәскеудегі ХКК-нан сұралған 40 млн. қаражаттың 12 млн.-на қол жеткізген. Жалпы, Алаш әскерінің іс-қимылдары билікке келген большевиктерге қарсы 3 бағытта жүргізілді: 1) оңтүстік-шығыс бөлімі (Жетісу); 2) шығыс бөлімі (Семей); 3) батыс бөлімі (Орал). Ал әскердегі қазақ полктерінің саны шамамен 12-ге жеткен. Олардың ұрыс қимылдары Алашорда үкіметі құрылғаннан кейін күшейді.Алаш әскерінің оңтүстік-шығыс бөлімі. 1918 жылдың жазында Алаш әскерін құруда ерекше көзге түскен – жетісулық Отыншы Әлжанов болды. «Ол Түркістан Комитеті (бастығы О.Шкапский) арқылы қазақ милициясына 500 мың сом ақша алдырып, оны Лепсі казначействосына салған, бірақ большевиктердің талан-таражына түскен. Көп кешікпей сол үшін «… большевиктер О.Шкапскийді баласымен бірге абақтыда атып өлтірген». О.Әлжанов Отанды Қорғау Комитетінің құрамына кіріп, 300-ден астам адамнан әскер жасақтайды. Ақыры осы істің жолында большевиктер қолынан құрбан болады. Жетісу облыстық қазақ комитетінің төрағасы Ы.Жайнақовтың мәліметтері бойынша Жетісудағы большевиктердің жалпы саны 10 мыңнан асқан. Реті келгенде айта кетейік, 1918 жылдың басында Алаш әскерін жасақтау мақсатында «Жетісу облысындағы қырғыздарды Г.Шахворостов пен Пестов фабрикаларынан шығатын шұға өнімдерімен қамтамасыз ету туралы сұраныс болған». 1918 жылдың басында Зайсанда 15 атты милиция шығарылған. Оның құрамында әскери қызметтен қайтқан ноғай солдаттары болды. Алты айда 30 милицияны құру үшін 22 мың сом ақша бөлу жобасы жасалған. Алаш әскерінің шығыс бөлімі. Азамат соғысы басталғанда Алашорданың орталығы Орынбордан Семейге көшкені белгілі. Сөйтіп, олардың алғаш қолға алған ісі халық әскерін құру болды. Бұл туралы тарихшы Е.Сайлаубайдың жоғарыда аталған мақаласында егжей-тегжейлі жазылған. Семей облысына қарасты 22 болыстың әрқайсысынан 30 адамнан жинау көзделді. Соның нәтижесінде 700-ден астам қазақ милициясы құрылды. «Әйелі жоқ салт жігіттерге айына 60 сом, әйелі барларға 160 сом берілген. Бәрінің киім-тамағы һәм басқа шығындары қазынадан бөлінген». Семейден бастау алған Алаш әскерін құру ісі еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын тапты. Ұлттық мерзімді басылым материалдарында «Қостанайда 2-ші қазақ полкі, Жаманқалада (Орск) – 3-ші, 4-ші, Оралда – 5-ші, 6-шы қазақ полктері жасалатыны» туралы мәліметтер кездеседі. Сондай-ақ, «Өскеменде қазақ капитаны Хамит Тоқтамышев ер көңілді қазақ жігіттерінен 1-ші полк пен офицер шығаратын медресе ашқан». 1918 жылдың 29 желтоқсанында Қостанайдағы 2-ші қазақ полкі Қоңырау станциясына (Орынбор губерниясы) бет алған, оның құрамында Елдес Омаров та болған. Алаш әскерін ұйымдастыруда Х.Ғаббасов, А.Тұрлыбаев, М.Тынышбаев, Б.Мәметов, Х.Тоқтамышев ерекшеленді. «…Әскерге алынған қазақ жігіттерінің көп уақытқа дейін қару-жарақтары болмаса да, ұрыстан беттері қайтпаған… Мысалы, 1918 жылдың наурыз-қазан айларындағы шабуыл кезінде «жүздіктегі» Балтай Бисебеков пен Қағазбек Дашке баласының (Саратовка), Ахметқали Орманбаевтың (Андреевка) және қоршауда қалған 12-ші Алаш полкінің 98 жігітінің ерлігін (Антоновка) бөліп айтуға болады. «1918 жылдың желтоқсан айының ішінде атаман Б.Анненковтың ұйғаруымен тілмаш Жармұхамедов мырзаның Семей мен Алаш қаласынан жинаған 13 800 сом ақшасы 1-ші атты қазақ полкінің пайдасына тапсырылды және Алаш қаласындағы А.Бөкейханова, Г.Тынышбаева бастаған әйелдер қауымы «қазақ һәм ноғай әйелдерінің күшімен қысқа мерзімде 1000 пар көйлек-көпшікті дайындап, қазақ әскерін сүзек ауруынан сақтап қалған». 1918 жылдың 8 маусымында Ә.Бөкейхановтың басшылығымен өткен Кеңес қаулысында көрсетілгендей, «біріншіден, милиция керек; екіншіден милиция атты болады; үшіншіден милицияға жігіт беру міндетті емес, ұлт үшін тіленіп жазылғандар кім болса міндетті қылып алу Алашордада болсын; төртіншіден милицияға керек ат, ақша жұрттан салықпен алынсын, байдан байша, кедейден кедейше; бесіншіден қанша ат, қанша ақша жинау еркі Облыстық Комитетке берілетін болды». Ең алдымен «… милицияға бөлінетін адамдар мен қаржы дайын болғанша, офицер, инструкторларды дайындау керек-тін. Екіншіден милицияға қажет қару — жарақ атты казактардан сұралды… үшіншіден соңғы кезде юго-восточный союз деп мойын созғанша, Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу атты казактары Алашордасына қараған қырғыз-қазақтармен бірігіп, дербес Шығыс Одағын (Восточный Союз) жасау қолайлы» делінді. Бұл ұсынысты. Орынбор атты казактары да қолдады. Сонда Алаш автономиясына қараған жердің аламайы дөңгеленіп, қазіргісінен гөрі ыңғайлырақ болады және Күнбатыс, Солтүстік, Шығыс – үш жағымыздан атты казактар бізге қорғаныш болмақ». Алаш әскерінің батыс бөлімі. Алаш Орданың батыс бөлімінің жетекшілері Орал облыстық қазақ сьезіне «1918 жылғы (ақпан) Орал казачествосымен одақтасу жөніндегі (кеңес өкіметіне қарсы) келісім шартты заңдық негізде даярлау; Орал казачествосына заттай және қаржылай көмек беру. Әсіресе, оның әскерін ат-көлікпен, жылқымен қамтамасыз ету; Қазақ офицерлерінің басшылығымен Уфадағы әскери үкіметке «Қырғыз милициясының» атын «Қырғыз халық армиясы» деп өзгерту мақсатында жіберілетін адамдарды белгілеу; Жымпитыдан 6 айлық юнкерлік қысқа курс ашу. Төменгі команданың құрамын даярлау үшін сауатты қырғыз жастарын (2 кластық білімі бар гимназистер мен реалистер, мектеп мұғалімдері) және оларды әскер ісіне үйретуге Орал казачествосынан әскери мамандарды шақыру» туралы ұсыныстарын білдірді. Уақытша Ойыл Уалаятынан Орынбор атты казак үкіметіне арнайы жіберілген Облыстық земство мүшесі А.Несіпбаев 1918 жылдың 17 – шілдесінде Орынборда ғаскер үшін қару-құрал табу жайын кеңеспек болды. Азамат соғысы жылдарында Антанта елдерінің қолдауына сүйенген үкіметтер құрылғаны белгілі. Солардың қатарында Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметі, 1918 жылы маусымда Самарада құрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің Комитеті (Комуч) және 1918 жылы қыркүйекте құрылған Уфа директориясы («Уақытша Бүкілресейлік үкімет»), сондай-ақ Башқұрт үкіметі мен Алашорда үкіметі де болды. Алашорда үкіметі азамат соғысы жылдарында аталған Уақытша үкіметтермен тіл табысып, Орал, Сібір, Жетісу, Орынбор атты казактарымен тығыз байланыс орнатты және оларға Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініштер жасады. Сонымен қатар мүмкіндіктеріне қарай көмек беруді сұрады. Осы тұста 1918 жылдың 11 қыркүйегінде Құрылтай мүшелерінің Комитеті Алаш автономиясын танығанын және Самара Комитеті Алашордаға қару-жарақ, киім-кешек жағынан көмек бере бастағанын» айта кеткен жөн. Ал, 1919 жылдың 27 тамызында адмирал А.Колчак Орал әскери үкіметі мен А.Кенжин бастаған қазақ делегациясын қабылдаған кезде қазақтардың мемлекеттік мекемелерін құру жұмысына кеткен қаржының орнын толтыруға 6 млн. сом көлемінде ақша сұралған және оның тезарада талқыланатыны» айтылған. Елде қалыптасқан осындай күрделі жағдайда Алаш әскері іске кірісті және оның ұрыс қимылдарының ауқымы кеңейді. Алашорда әскерінің құрылуы мен қызметінің мерзімдік шеңбері 1918 жылдың басынан бастап 1919 жылдың аяғына дейінгі аралықты толық қамтиды».