Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

89. 2011 Ж. 28 қаңтардағы Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!».

Жұмыстың атауы

Мәні

Мақсаты

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Жеделдетілген экономикалық жаң­ғырту – Үдемелі инновациялық ин­дустрияландыру бағдарламасы­ның жалғасы.

Халықтың әл - ауқатын нығайту, ғылым мен білімді, денсаулық сақтау салаларын дамыту.

Қысқаша мазмұны

Нәтижесі

Инновациялық - индустриалды даму дегеніміз - жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты.

1. Жеделдетілген экономикалық жаңғырту - Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы

  • «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаным іске асыру.

  • «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу

  • Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын әзірлеу және бекіту

  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын әзірлеу және бекіту

  • Жүзеге асырылуы тиіс негізгі жаңа бағдарламалар:

  • жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту

  • халықтысапалыауызсуменқамтамасызету

2. Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат

2.1. Білім беру бойынша:

  • Жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке көшуін қамтамасыз ету

  • 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен 200 мектеп және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен 200 мектеп салу

  • Кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес құру

2.2. Денсаулық сақтау бойынша:

  • «Денсаулық» бір қосымша емдеу-диагностикалық поезын қалыптастыру

  • 2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар мен емханаларды көбейту

2.3. Тілдерді дамыту бойынша:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын ҚР Парламентіне енгізу

2.4. Жұмыс пен қамтудың жаңа стратегиясы

  • Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын әзірлеу және бекіту

  • Халыққа микрокредиттік құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік жасау

2.5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын әзірлеу және бекіту

  • Жинақтауды ынталандыру және халық пен жеке инвесторлардың тұрғын үйлер мен коммуналдық объектілерді жөндеуді және қайта жаңартуды қоса қаржыландыру тетігін енгізу

2.6. Сапалы ауыз су

  • Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және бекіту

3. Сыртқы саясат

  • Қырғызстанға көмек көрсетудің мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу және қабылдау

  • ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитін дайындау және өткізу

  • Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінде төрағалық етуге дайындық және іске асыру

  • Алматыда өтетін Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференцияға бастамашылық жасау

  • Жаhандық ядролық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылықты қамтамасыз ету

4. Ақпараттық-насихаттау жұмысын қамтамасыз ету

  • Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын іске асыру

Жолдаудың орындалу нәтижесі:

Бүгінгі күнде 4 мемлекеттік бағдарлама:

  1. Үдемелі индустриялық –инновациялық даму;

  2. Білім беруді дамыту;

  3. Денсаулық сақтауда стратегиялық жоспарлар қабылданды.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы келесі жағымды нәтижелерге қол жеткізді:

  • Көптеген нормативті құқықтық актілерді қабылдаумен өндірістік саясаттың негізі салынды;

  • Қазақстан өндірісінің әртараптануына негіз салынды: шикізатті емес экспорт, шикізатты емес сектор инвестициялары;

  • 500-ге жуық жаңа өнеркәсіп ашылды, олардың өңдеуші өнекәсіптегі бөлігі 9,4% құрады;

  • Индустриядағы жұмыспен қамтамасыз ету осы 4 жыл ішінде 9%-ға өсіп, 1млн-нан астам адам құрады;

  • Еңбек өнімділігі өсті;

  • Тура шетелдік инвестициялардың 90 млрд доллары жұмылдырылды;

  • Өнекәсіпті дамыту институттарының жүйесі жасалды.

Білім беру бойынша қол жеткізген нәтижелер:

  • "Балапан" бағдарламасын іске асыру арқылы мектепке дейінгі балаларды білім берумен қамтыды.

  • Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың  94,7%-ын қамтыды

  • Республика бойынша 942 мектеп нысандары ашылды.

  • Әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін дамытты.

  • «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық

  • Астанада  халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды. 

Денсаулық сақтау бойынша қол жеткізген нәтижелер:

  • Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі:

  1. Балаларды оңалту орталығы

  2. Ана мен бала орталығы

  3. Нейрохирургия

  4. Шұғыл медициналық көмек

  5. Кардиология орталықтарына кіретін медициналық кластер құрылды.

  • Еліміздің ең шалғай аудандарын  медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамытты.

  • Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді.

  • Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды.

  • Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.

Тілдерді дамыту бойынша қол жеткізген нәтижелер:

  • Бірқатар тележобалар, реалити-шоулар, қазақ тілін оқыту сабақтары, анимациялық фильмдер іске асырылды.

  •  168 баспа жобасы, оның ішінде 48 оқу-әдістемелік құрал, балаларға арналған 35 кітап, 36 салалық сөздік және танымдық, ғылыми, публицистикалық 49 кітап жарық көрді.

  • "Қазақ сөздігі" қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі, инновациялық негізде әзірленген "Даналық әліппесі" оқыту кешені жарық көрді.

  • Қазақ тілді интернет-ресурстарды, контенттерді дамыту мақсатында тілді қашықтықтан оқыту курстарының саны ұлғайды.

Жұмыс пен қамтудың жаңа стратегиясының қол жеткізген нәтижелері:

  • Жұмыссыздық деңгейі 12,8 % - дан 5,3 % - ға төмендеді.

  • Жұмыспен қамтылған халықтың саны 6698,8 мың адамнан 8507,2 мың адамға дейін көбейді.

  • Өзін - өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартты.

  • Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдірді.

  • Ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орынарын құрды.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтың қол жеткізген нәтижелері:

  • Коммуналдық желілер мен обьектілер жүйесін дамытты

  • Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласын шикізат базасымен қамтамасыз етті.

  • Электр энергиясын беру және тарату секторында 24 базалық инвестициялық тарифтер бойынша жұмыс істеуде.

  • Жылу энергиясы секторында 18 базалық субъект инвестициялық тарифтер бойынша жұмыстар жасауда.

  •   Газбен жабдықтау секторында 2011 - 2020 жылдардың ішінде тарифтердің есебінен шамамен 41 млрд. теңгені инвестициялау жоспарланды.

Сапалы ауыз су бағдарламасының нәтижесі:

  • Сумен жабдықтау құрылыстарын, жер асты суларының кен көздерін және су жинағыштарды түгендеуден өткізді.

  • Астана, Алматы, Атырау және басқа қалалардың қалалық тораптарын қайта жаңартты.

  • Жаңа жергілікті сумен жабдықтау жүйелерін құрды.

  • Қалалық су құбырлары жүйелерін қайта жаңарту, жаңа технологияларды ескере отырып, жер үсті және жер асты суларын пайдалану жөніндегі іс-шараларды іске асырды.

Сыртқы саясат бағдарламасының нәтижесі:

  • Дамыған 50 елдің қатарына кірдік.