Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

115. Егеменді Қазақстандағы Конституциялық реформалар (1195 ж. Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулер).

1995 жылы 11 наурызда Президент демократиялық принциптердегі ұста­нымын бекіту үшін Конститу­циялық соттың шешімін қолдай отырып, «Конституциялық сот қаулысынан туындайтын шаралар туралы» жар­лыққа қол қойды. 1995 жылы Конс­ти­туцияның қабылдану барысында президенттік басқару формасын заң­намалық рәсімдеуді атап өтуге болады, ал 1993 жылы Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратқаннан кейін және Президентке заңнамалық құқықты табыстағаннан кейін ол саяси нақтылыққа айналды. Осы кезде Президент Парламенттен, ал соттық корпус және соттық билік жеке тағайындау жүйесінен соң, өзінің еркіндігін білдіруге мүмкіндік алды. 1993 жылғы Конституция бойынша жоғары атқару билігін бақылау құқығы бар Конституциялық сот 1995 жылғы негізгі заңға сәйкес консуль­тативтік-кеңес беру құқығына ие Конституциялық кеңес болып қайта құрылды. 1998 жылы негізгі заңға түзе­тулер енгізу арқылы прези­денттің айрықша құзыреттілігін кеңейту 7 жылға ұзартылды. Мұны прези­дент­тік биліктің нәтижесін көрсетудің ұлттық моделі және Президенттің тоқ­са­ныншы жылдардағы дағда­рыс­тан елді алып шығуынан деп қоры­тындылауға болады. Демократиялық идеалды ұстану конституциялық реформалар барысында біліне бастады, нақтырақ айтқанда, 2007 жылдың 21 мамырында мемлекет өмірі үшін маңызды «Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен қосым­шалар енгізу туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңы қабылданды. Мұнда мемлекет құрылысының қазақ­стандық моделінің параметрі сақ­талды. Модель шеңберінде конс­ти­ту­циялық реформаның енгізілуі мен айтулы қатынас жүйесінің модернизация­сы қарастырылды. Азаматтық қоғам инс­титут­тарының жан-жақты даму ба­ғытының арқасында мемлекет пен қоғамды үн­дестіру, мемлекеттік және қоғам­дық институттардың белсенді әрекет­тестігінде конституциялық шектеу­лерді алып тастау, жергілікті өзін-өзі басқаруды жаңғырту, бүгінде еліміздің қажеттіліктеріне және ішкі жағдайларға толықтай жауап беру жүзеге асырылды. Конституциялық деңгей сот-құқықтық реформалардың жаңа кезеңіне күш беріп, сот төрелігіне жөнелтіліп, сот тәуелсіздігін бекітуге бағытталды. Жүргізілген реформалар мемле­кеттік және қоғамдық институттарды демократияландыруға күш салды. Конс­титуциялық түзетулер негізінен рес­публика дамуының болашағы үшін ұзақ жылдар талқылауға тартылған мемлекеттік билік тармағының барлық өкілдері, осы комиссия аясында көп жұмыс істеген саяси партия және қоғамдық қайраткерлердің еңбегінің нәтижесі еді. 2011 жылдан бастап Президенттің өкілеттілік мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылды. Президенттің құзырет ету кезеңінде саяси партия құрамында қызмет ету құқығын шектейтін норма жойылды. Парламент депутаттарының бірауызды шешімімен Қазақстан Рес­­публикасының Президенті және жалпыұлттық көшбасшы Н. Назарбаевқа заңнамалық екі рет сайлауға түсу мерзімінен тыс, жанама негізде сайлауға түсуге қосымша құқық пен мүмкіндік берілді. Президент өкілеттілігінің Парламентпен, Үкіметпен, Жоғарғы Сотпен, Орталық сайлау комиссиясымен, Ұлттық банкпен және әкімдер – жергілікті атқару органдарымен қатынасы айқындалды. Президент заңнамалық бастамаларды үлестіру және жекелей Мәжілісті тарату құқығына ие болды, бірақ бүкіл Парламентті емес. Үкіметтің енгізілген жауапкершілігі Президенттің алдында ғана емес, бар­лық Парламенттің, ақиқатында пре­­зи­денттік басқарудан президенттік-пар­ламенттік басқаруға өтуде айтыл­ған. Бұл – мемлекеттің құқықтық, демо­кра­тиялық құрылысын күшейту. Қол­да­ныстағы Конституцияның 40-бабына сәйкес, ҚР Президенті Мем­лекет бас­шысы ретінде ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыт­та­рында оның жоғарғы тұлғалық қызметін көрсетеді. Президент – мем­­лекеттік билік пен халық бірлі­гінің, Конституцияның тұрақ­ты­лығының, адам құқықтары мен бос­тандықтарының кепілі.