Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

118. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік саясаты.

Әлеуметтік саясат минималды кіріс кепілдігін беруге  халықты аурудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға негізделген. Осыған байланысты мемлекеттің минималды өмір жағдайларын қамтамасыз етуі тек қана өз бетімен жасай алмайтын халық тобына арналады.

Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың  әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің  тұтынушыға бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Сондықтан адам үшін экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып табылады. Мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет. ..

 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат.

ҚР «Күнкөріс минимумы туралы» Заңында «кедейшілік шегі» ұғымына анықтама беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы «кедейшілік шегі» аз қамтамасыздандырғандарға яғни табысы аздарға мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.

Нарыққа көшу үрдістері бірқатар мемлекеттік кәсіпорындардың тоқтауы мен жабылуы сияқты құбылыстармен қатар жүрді және соның нәтижесі ретінде – жұмыссыздықтың күрделі ауқымдары пайда болды. Жұмыстың болмауы Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептерінің біріне айналды. Әсіресе ауылдық жердегі жұмыссыздық проблемасы шиелене түсті.

Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі туралы айғақтайтын көптеген әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер, өтпелі кезеңнің адамдардың әл – ауқатына ықпалын жеңілдету бойынша Үкіметтің тұрақтандыру саясатын жүргізгеніне қарамастан, күрделі өзгерістерге ұшырады. Жұмыссыздық едәуір өсіп, халықтың нақты табыстары төмендеді, өмір сүру ұзақтығы кеміп, денсаулық көрсеткіштері нашарлады және транзитті елдердегі сияқты өткір де өзекті мәселеге айналды. Инфляцияның елеулі қарқындары жағдайында алдыңғы жылдарда кедей тұрмысты халық жіктерінің әлеуметтік жағдайын шиеленістірген  мәселе жалақы, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың төлемі бойынша берешектер болды.

Бұл бағытта Қазақстанда да, әсіресе, соңғы бірнеше жылда аз жұмыс істеліп жатқан жоқ. Енді қазір мемлекет пен қоғам ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша нақты шешімдер қабылдауға әзір болып, проблемаларды сезінуде сапалы секіріс жасайтын кез келді.  Біздің еліміз ана мен баланы қорғау жөніндегі халықаралық актілердің және декларациялардың қатысушысы болып келеді, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 1-тармағында неке және отбасы, аналық, әкелік, балалық мемлекеттің қорғауында деп жазылған. 2012 жылғы қаңтарда Қазақстан "Ана мен баланы қорғау туралы" халықаралық конвенцияны ратификациялады. Әрине, мемлекеттік қолдау шараларының маңызы зор, дегенмен, қоғамда отбасына, отбасылық құндылықтар дәстүріне көзқарасты өзгертудің маңызы да аз емес. Бұған адамның өзінің ізгі еркі мен елеулі рухани күш-жігері қажет. Біздің қоғамымыз үшін бұл қаншалықты күрделі міндет екендігін 2012 жылы жарияланған «Save the Children» тәуелсіз британдық ұйымының жүргізген зерттеулерінің нәтижесінен байқауға болады. Бұл ұйым әлемнің 173 еліндегі әйелдер мен балалардың жағдайларына зерттеулер жүргізді. Рейтингіні құрастыруда елдегі әйелдер мен балалардың денсаулық деңгейі, медицинамен қамтамасыз етудің қолжетімдігі, халықтың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері ескерілді. Осы рейтингіге сәйкес Қазақстан барлық елдердің ішінде 51-ші орынға және дамушы елдердің тізімінде - 8 орынға шығып отыр. Рейтингі көшбасшыларының үштігіне Норвегия мен Австралия және үшінші орынды өзара бөліскен Исландия мен Швеция кіріп отыр. ТМД-ның барлық елдері ішінде Беларусьтің көрсеткіштері жоғары, ол дамыған елдердің арасында 33 орында тұр. Салыстыратын болсақ, Ресей - 38-ші, Украина - 39-шы орында. Яғни, Қазақстанның елдің болашағы үшін оснау маңызды салада әлі де көп жұмыс атқаруына тура келеді.     Бүгінде, бұдан бірнеше жыл бұрынғыдай, Қазақстанда ана мен бала өлімі ең өткір проблемалардың бірі болып қалып отыр. Бұған фактілер дәлел: сәби өлімінің коэффициенті 1000 туылған балаға 14,8-ді құрайды. Бала денсаулығының өте маңызды көрсеткіші 5 жасқа дейінгі балалардың өлімі коэффициенті болып табылады. Бұл қоғамның әл-ауқатының негізгі көрсеткіштерінің бірі, өйткені бала өліміне биологиялық факторлардың ықпалымен қатар олардың әлеуметтік хал-жағдайының деңгейін де көрсетеді. 2008 жылмен салыстырғанда, 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің коэффициенті туылған 1000 балаға шаққанда  20,7-ден 17,9-ға дейін төмендеді, соған сәйкес ол ТМД елдері арасындағы жоғары көрсеткіштердің бірі болып қалып отыр. Мәселен, Беларусь Республикасында бұл көрсеткіш 2011 жылы туылған 1000 балаға шаққанда 5,0 адамды құрайды. Біздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, елде ана өлімінің көрсеткіштері 22,4 пайызға және сәбилер өлімі - 9 пайызға төмендеген. Алайда ауылдық жерлерде медициналық қызметтер сапасы қалаларға қарағанда едәуір төмен, ал ауылдарда ел халқының шамамен 45 пайызы тұрып жатыр. Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің географиялық қолжетімділігін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейін арттыру қажеттігі көзге ұрып тұр. Жаңа шынайы әлеуметтік стандарттар қажет. Осы арада медициналық жоғары  оқу орындарында педиатрлар даярлау жүйесіндегі өзгерістерге байланысты педиатрлардың жетіспейтіндігін еске сала кеткім келеді. Елде әмбебап-дәрігерлер жоқ, ал педиатрлар қазірдің өзінде тапшы болып отыр. Бұдан әрі не болмақ? Тағы бір проблема - мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жетіспеушілігі. 325 мың жас өскін балабақшаларда өз кезегін күтуде. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысындағы кезек 55,3 мыңға, Алматыда - 41 мыңға және Астанада 49 мыңға жетіп отыр. Оның үстіне, мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу көлемі төмен болып қалуда.