Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

90. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты. Оның Қазақстанның дамуы үшін маңызы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда. Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған. 1) Көліктік-логистикалық инфра­құрылымдарды дамыту.  2) Индустриялық инфра­құры­­­лымдарды дамыту. 3) Энергетикалық инфра­құры­лымдарды дамыту. 4) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұ­рылымдарын жаңғырту.  5) Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.  6) Әлеуметтік инфрақұрылым­дарды дамыту.  7) Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.  Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.  Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.

91. ҚР-дағы республика азаматтарның әл-ауқатын арттыру бойынша саясаты. 2008 ж. 6 ақпандағы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл — денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды. Біздің азаматтарымыз үшін, әсіресе, жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы – мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына мына бағыттар бойынша өзгерістер енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді. Бірінші. Мемлекеттік қызметкерлерге және бюджеттік саланың еңбеккерлеріне тұрғын үй құрылысының жинақ жүйелері арқылы жылдық мөлшері 4 пайыздан аспайтын алдын ала тұрғын үй займдарын беруді жүзеге асыру керек. Екінші. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала еңбеккерлері үшін салынатын үйлерге екпін түсірген жөн. Өзінің жеке меншік тұрғын үйлерін салғысы келетін азаматтар үшін мемлекет жеке меншік құрылысына арналған инфрақұрылымдар қалыптастырады. Бағдарлама аясында бұл үдеріске ӘКК-лер белсенді қатысуы керек. Үшінші. Құрылыс компанияларының қызметінде мөлдірлікті және саладағы бәсекелестікті арттыру дәрежесін заңды түрде қамтамасыз ету керек. Тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің құқықтарын қорғауды арттыру қажет. Жеке меншік тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру телімдерін беру және тіркеу ережелерін мейлінше жеңілдеткен дұрыс. Төртінші. Жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру басымдыққа ие болуға тиіс. Шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін кеңінен қолдану керек. Бесінші. Биылғы жылы өзінің 10 жылдығын атап өткелі отырған біздің елордамыз Астананы одан әрі дамыту маңызды міндет болып саналады. Елордадағы энергия көздерінің, инженерлік инфрақұрылымдардың және бүгінгі озық көлік жүйесінің құрылысын одан әрі жалғастыру қажет. Қаланы энергия қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ЖЭО-3 құрылысымен қоса, энергетикалық кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру керек. Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық сенемін.

Мәні: Ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындау.

Мақсаты: 1) Саяси: Біртұтастық пен жалпы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.  Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу.

2) Экономикалық: Елді индустрияландыру. Халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайту.

3) Әлеуметтік: Денсаулық сақтау саласын дамыту. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту.

Қысқыша мазмұны:

Нәтижесі:

Мемлекетті басқару жүйесінде жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсібіи ұйытқысын қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы қағидаттарды әзірлеу («Болашақ»).

2015 жылы 9 тамызда «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Бауыржан Байбек Қыдырғалиұлы Алматы қаласының әкімі болып тағайындайлды.

Қаржылық бақылау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту. ҚБА және Ұлттық банк рисктарға икемді, әрі дайын болуы. Салық жүйесін Қазақстанда жаңа сатыдағы дауының міндеттерімен сәйкестендіру. Мұнай бағасының түсуіне, елдің резервтік қорының дайын болуы.

2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің “серіппелі тобына” жаттық. 

Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері 50 миллиард доллардан асып түсті. Ішкі  жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пай­­­ыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өң­деу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.

Денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту. “Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамыту. Медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даяр­лау.

2010 жылғы 29 қаңтар бойынша: 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. Әлемдік деңгейдегі медициналық орталықтар – Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты ашылды.

Электор энергия тасымал жүйесін дамыту. «Бейнеу-Шімкент» газ кұбырын бастау керек. Теміржол және автомобиль жолдарын дамыту ( Батыс Еуропа – Батыс Қытай ). Отандық көлік саласына көңіл бөлу. Жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамыту.

32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделді. Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар жөнделді.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске асыру. Тұрғын үй займдарын беру. Тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің құқықтарын қорғау. Жұмыспен қамтамасыз ету.

Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасау. Халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз ету.

2011 жылғы 28 қаңтар бойынша: Осы жылдары 750 жаңа мектеп са­лын­ды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.