Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесі (1992-2000жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.

Тәуелсіздік қарсаңында ,яғни , 1989 жылғы санақ бойынша,қазақтар республика халқының 39,7 % ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны 16 млн 475 мың болса , оның 6 млн 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш елімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90-жылдардан бастап жаппай миграция мен туу үдерісінің күрт төмендеуінен 2-млн-ға жуық халқымыздан айырылдық. 1991 жылдан бастап миграция жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991 жылы Моңғолиядан -41 мың қазақ келді. 1993 жылы алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген. Ресейден, Прибалтикадан, Украинадан, Закавказьеден , Тәжікістаннан 50 мыңға жуық қазақ еоге оралды. Осы жылдары Қазақстанға көшіп келгендердің саны 2240,8 мың адам болса,кеткендері 32 210,3-тен асып кетті. Республика халқының саны -1992 жылдың аяғында 17 млн болды.Оның 9,8 млн адамы қалалық жерлерде,7,2 млн ауылдық жерлерде тұрды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шетелден келген дарынды ақын -жазушыларға қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған. “Нұрлы көш” ұлттық жобасы әзірленді. Жобада “қазағым, Қазақстаным” деп келген оралмандар мен отандастарымызды және тоқырау өңірлерінен ауысатын жерлестерімізді баспанасыз қалдырмау. “Нұрлы көш” бағдарламасы 2008 жылдың 2 желтоқсаны күні үкімет қаулысымен бекітіліп,үш жылдық бюджеттің есебіне енгізілді. Оның мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды, отандастарымызды қабылдау, орналастыру, депрессивті аудандарда тұратын Қазақстан азаматтарын ерікті негізде көшіру, облыс аумағында рационалды орналастыру. Бағдарламадағы мәліметтер бойынша, өткен жылдары Қазақстанға 53,4 мың адам келген,бұл 2006 жылғы денгейден 20,0 % төмен.

70. Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайы. Оның егеменді Қазақстанның тарихындағы орны.

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды. 4-құрылтай 2011 ж. 25-27 мамырда Астана қаласында өтті. Соның нәтижесінде, мынадай шешім шықты: «Нұрлы көш» бағдарламасының 2-кезеңінің жобасын қолға алу. Шетелден келген құрылтай қонақтарының басым көпшілігі - 60%-ы жастар. Қазақстанда әлемдегі барша қазақ жастарының сапалы білім алуына тиісті жағдай жасалуы қажет. 5-құрылтай 2017 ж. 23-25 мамырда Астанада өтті. «Халифа Алтай және тарихтың оралуы» тақырыбында халықаралық конференциясы өтеді, делегаттар Елорданың көрікті жерлеріне, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, «Этно-ауыл» кешеніне саяхаттар ұйымдастырылды. Бірқатар министрліктерде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өтті.