Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі. Оның халықаралық сахнадағы Қазақстанның орнын айқындаудағы маңызы.

«Сындарлы он жыл» — Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы жазылған кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Мемлекет басшысы бұл жұмысында қазіргі жаһандануға еніп бара жатқан дүниенің тіршілік үшін маңызды мәселелерін оз көзқарасы тұрғысынан қарастырып, оның жаңа ғасырда Қазақстанның дамуындағы бейнеленуін көрсетеді. Кітап фактілік материалдарға аса бай, соның негізінде автор адамзат қауіпсіздігіне төнетін қауіптерге ашық түрде баға беріп, қазіргі таңдағы мәселелердің шешілу жолдарын ұсынады.

Кітаптың бірінші бөлімі «Қорқыныш империясы және террор риторикасы» деп аталып, мұнда қазіргі замандағы ерекше зор қауіптер - бүкіл өркениет әлеміне соғыс жариялаған халықаралық терроризм жайлы баяндайды. Кітап осы бір өткір мәселе ең алдымен белгілі бір күштер арқылы өзінің нақты саяси мақсаттарына қол жеткізу ретінде қаралады. Соның негізінде автор әскери әсер ету рычагтарынан басқа терроризммен күресте оған түрлі елдер арасындағы экономикалық дамудың теңсіздігін жеңу жөніндегі белсенді қызметті, сондай-ақ қазіргі кедейшілік мәселелерін шешуді, этностар аралық және конфессия аралық диалогтарды шешуді қажет деп есептейді.

Екінші бөлімнің атауы «Дінде экстремизм жоқ» деп аталып, мұнда кейбір адамдардың санасында орнығып қалған «Ислам және терроризм» ұғымдарына түсінік береді. Кітаптың бұл бөлімінде айтылған ойлар қазіргі әлем халықтарының ұлттық ұстанымдарын жоюға алып келетін жаһандану салдарлары сияқты мәселелерді қамтиды. Мұның өзі тіптен де түсінікті, өйткені кейбір жеке елдер үшін дін өзінің этникалық және мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу факторы болып қалуда.

Автор конфессионалдық қауіпсіздікті біржақты түсінбейді, бір жағынан алғанда, ол - халықтар мен ұлттардың рухани күш-қуатын қолдау мен мемлекеттік кепілдік беру жүйесі. Басқа жағынан алғанда, қоғамдағы дінаралық келісім мен дін бостандығына төнген қауіпке қарсы әрекет ретінде ұғынылады. Дүниені қысылтаяңға келтіріп отырған шынайы қауіптер Қазақстаннан алыс жатыр деген ой, шынын айтқанда, аңғал ой деп есептейді автор. Республиканың геосаяси орналасуының өзі құрлық көлемінде болса да, болып жатқан оқиғаларға қатысты екендігіне негіз береді. Сондай-ақ Қазақстан мұнай мен газдың мол қорына ие, ал мұнай қайда болса, саясат пен алдын-ала айтып болмайтын жағдайлардың ықтималдылығы да сонда.

Каспий - әлемдік энергетика үшін ғана маңызды аймақ емес, ол экономикалық және саяси мүдделердің тоғысу аумағы. Нұрсұлтан Назарбаев аймақты тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде бірқатар бастамаларды ұсынады. Олардың қатарында «Каспийдегі тұрақтылық пакті» бар, соның негізінде Каспий жағалауы мемлекеттері арасындағы, Каспийдегі барлық геосаяси ойыншылар арасындағы қатынастардың әскери-саяси, экономикалық және экологиялық аспектілерін реттеуге болады.

«Қауіпсіздік жолдары» деп аталатын қорытынды бөлімінде автор Орталық Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру мәселесіне деген көзқарасын білдіреді. Оны құрудан объективтілік қажеттілігіне қарамай, аймақтық әскери-саяси құрылымдар қызметінің он жылдық тәжірибесі осы міндетті іске асырудың төтенше күрделі екендігін көрсетеді. Автор түрлі тарихи кезеңдер мен қазіргі кезеңдегі аймақтық құрылымдар мен қауіпсіздік жүйелерінің кызметіндегі әлемдік тәжірибеге талдау жасайды.

81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар: жетістіктер мен қиындықтар.

Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері: • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; •  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; •  Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау; •  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту; •  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау. Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Болон декларациясының негізгі қағидалары: Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау; екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту; үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу; төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету; бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру; алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру. Болон процесінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.

82. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқыны жолдауы: «Қазақстан-2050 стратегиясы» қазақстандық даму жолы. Негізігі бағыты, мақсаты мен міндеттері.

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: 1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік 4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.