Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының агралық саясаты(2002-2017жж.)

Елбасының әлемдік дағдарысқа қарсы бес шараның бірі ретінде ауыл шаруашылығын атауы тегін емес. Дүниежүзілік банк мәліметіне сүйенсек, Республиканың аграрлық секторының әлеуеті инвестиция құю тиімділігі жағынан мұнай өндірісінен кейінгі екінші орынға шығып келеді. Бірақ ел экономикасының аграрлық саласы ауқымды мемлекеттік реттеуге түспей, әлі де жан-жақты қолға алына қоймаған салаға жатады. Өз кезегінде Қазақстанның осынау аграрлы ауыл-шаруашылық саясатын қалыптастырудағы басты басымдықтарына қатысты айтулы ғалымдар «өндірісті шоғырландыру, агротехнологияға өзгерістер енгізу, агробанк құру сияқты ауқымы тар мәселелердің төңірегінде ғана дамып жатыр» деген де ұшқары пікірлерлер айтады. Аграрлық саясат тек қана ауыл шаруашылығын, оның өнімдерін және агробизнестің түрлі салаларын дамытатын саясат емес. Ол сонымен қатар халық санының өсуіне, инфрақұрылымның дамуына және тағы басқа көптеген маңызды тетіктермен бірге елдің қоғамдық өміріне әсерін тигізетін елеулі факторлардың бірі саналады. Аграрлық саясаттың жалпы елдің экономикалық саясатынан бөлек болуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік ерекшеліктерінің болуында, аграрлық қоғамдастықтар мамандануының бақылауында өркендеуіне байланысты. Аграрлық саясат ауыл шаруашылығына және бүкіл агробизнеске, өнімнің бірқалыпты өсуіне, оның әлеуметтік және өзіндік дамуына, болашақта үлкен өнім жетістіктеріне жетуді көздейді. Біріншіден, ол мол әрі сапалы және арзан өнім өсіру, екіншіден, оны дайындау, сақтау, өңдеу және сауда орындары арқылы халықты жоғары сапалы азық-түлік өнімдері мен талаптарын қамтамасыз ету. Яғни азық-түлік қауіпсіздігі деген ұғымға, ауыл шаруашылығы, дайындау, сақтау, тамақ өнеркәсібі мен сауда-саттық нысандары кіреді. Демек, аграрлық саясат деген түсінік, ол ауыл шаруашылығына керекті техникалар, тағы басқа жарақтар, өнімдер өндіретін өндіріс саласын, ауыл шаруашылығының өзін, өндірілген азық-түлік өнімдерін дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, тұтынуға жеткізетін, тамақ индустриясын және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен жағдайларын қамтиды. Қалай дегенмен, біз аграрлы ел бола тұрып, ет өнiмдерiнiң үштен бiрiн шеттен әкелемiз. Бидай, ұн, сүт өнiмдерiнiң де елеулi бөлiгi сырттан тасымалданады. Ал бұл байтағымыздың мүмкіндіктеріне керағар құбылыс деп бағалауға тұрады. Шынтуайтына келсек, Қазақстанның аграрлық кешенінің қуаты азық-түлікпен ішкі нарығымызбен қатар, сыртқы нарықтарды да қамтамасыз етуге әбден жетеді. Осы жерде бір айта кетерлігі, Еуропа елдерінің жерінің құнарлылығы бізден 2-2,5 есе жоғары болса да 1 га айдалатын жерге 1110 АҚШ доллары көлемінде салым салып, біздегіден 20-30 есе көп қолдау көрсетеді екен. Бізге де осындай шетел тәжірибесінен тәлім алып, қайсыбір экономистер айтқандай, еліміздің кең-байтақ егістік алқаптары мен жайылымдарын тиімді пайдалану арқылы мал шаруашылығын дамытып, ет өндіруді көбейтіп, Оңтүстік Америкадан ет тасып отырған көршіміз Ресей мен миллиардтан астам халқы бар Қытайға ет экспорттап пайда табуымыз керек. Әйтсе де, «сабақты ине сәтімен» демекші, биыл Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасында агроөнеркәсіп саласына ерекше көңіл бөлінді. Серпінді болмаса да, айтарлықтай дәрежеде еліміздің барлық аймақтарында агробизнес ерекше қарқынмен дамып келеді.Оның өзінде агробизнес өзін әр салада әр түрлі көрсетуде. Атап айтқанда, ол АОК-да аграрлық салаға қызмет көрсетеді, экономика саласында АОК қаржы капиталына қызмет етеді. Жалпы, әр мемлекеттің өз аграрлық саясатын өз мақсаттарына қарай қолданатын әдістеріне қарай жүргізетінін ескерсек, өзіндік ерекшеліктерге де ие емес деп айта алмаймыз. Біріккен аграрлық саясат көбіне баға құндарын бақылау сияқты құралдар қолданады, басқа елдермен саудаласқанда кеден протекционизмін қолданады. Ал бұл бастама еліміздің аграрлық платформадағы жаңа саясатқа көшуінің алғашқы жоралғысы іспеттес.