Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

34. Қазақстандық паризандар Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың Қарсыласу қозғалысына қатысуы.

Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды. Партизан қозғалысы да кең еріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды. 1945 жылы Қызыл Армия фашистердің «Висла», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» әскери округтерін жеңді. Германияның көптеген жерін 1945 жылы сәуір айьша дейін КСРО қарулы күштері басып алды. 1945 жылы 16 сәуірде Қызыл Армия шешуші «Берлин» операциясын бастады. Бұл операцияға 3 млн 500000 жауынгер, 10800 әскери үшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды. 1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды. 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.

Қарсыласу қозғалысы – екінші дүниежүзілік соғысжылдарындағы (1939–1945жж.)фашизмгеқарсы бас көтерулер. Қозғалыс фашистік одаққакіретін елдердің (Германия,Италия,Жапония, т.б.)қарулы күштерінеқарсы бағытталды.Екінші дүниежүзілік соғыскезіндегі патриоттық, азаттық, антифашистік қозғалысы.

Жаулап алынған елдерде қарсыласу қозғалысынақатысушылар арасында екіағымболды:

1. Жергілікті коммунистік партиялардыңжетегінде болғанұйымдар;

2. Батыс елдері (АҚШ,Ұлыбритания, т.б.) көмегіне сүйенгенұлттық ұйымдар. Бұл екі ағым фашизмге қарсы күресте түрлі бағыт ұстанды. Мысалы,Франция, Италия,Чехословакия,Бельгия,Дания, т.б. елдерде екі ағым ортақ жауға қарсы күш біріктірсе,Югославия,Албания,Грекия,Польша, т.б. елдерде, керісінше, өзара бәсекелестікке түсті.

Қарсыласу қозғалысы бірнеше кезеңнентұрады.

  1. 1939 ж. қыркүйек – 1941 ж. маусым – күш жинау кезеңі болып, фашизмге қарсы ұйымдар құрыла бастады. Партизантоптары (Польша, Югославия), саясиманифестация,диверсиялар(Чехословакия, Франция,Қытай) ұйымдастырылды.

  2. 1941 ж. маусым – 1942 ж. қараша – неміс фашистерініңМәскеутүбінде жеңілуіне байланысты қарсыласу қозғалысы жалпы ұлттық сипат алды.

  3. 1942 ж. қараша – 1943 ж. соңы – Кеңес әскерлерініңСталинграджәнеКурскшайқастарында жеңіске жетуіне байланыстыГрекия,Албания, Югославия, Қытай, Италия,Вьетнам, т.б. елдерде ұлт-азаттық армиялары құрылып, кейбір аймақтаразат етіле бастады.

  4. 1944 – 1945 ж. қыркүйек – Германия мен Жапонияталқандалып,Батыс ЕуропаменОңтүстік-Шығыс Азияелдері фашизмнен азат етілді.

Қарсыласу қозғалысы интернационалдық сипаттаболды. Тұтқыннан,концлагерьлерденқашып шыққан көптеген кеңес азаматтары жергіліктіпартизан қозғалыстарынақосылды. Олардың арасындақазақстандықтарда болды. Мысалы, cержантБейсен РайысовЮгославия азаттық армиясында батальон командирі болды. ДәрігерАхмет БектасовФранция партизандарынан арнайы топ ұйымдастырды.Қадем ЖұбаниязовИспанияда,Қамкен Жанбеков,Өтеген Абдуллин, т.б.Бельгия,Голландияелдерінде құрылған партизан жасақтарында соғысты. Бұл партизан жасақтарында көптеген қазақтар болды. Мысалы, Райысовтың батальонында 90-ға жуыққазақболған. 1965 ж. Италияақпарат құралдары“Гуидо Боскалия” отрядында 70 қазақ болғанын хабарлады. Дегенмен қарсыласу қозғалысына қатынасқандардың көпшілігінің ерлік қимылдары әділ бағаланбай, тұтқынға түскен адамдар ретінде біржақты қаралып, кеңестік әміршіл жүйе тарапынан қуғынға ұшырады. 1946 ж. қарсыласу қозғалысына қатысып, елдеріне оралған 49 қазақ азаматы тұтқындалып, ату жазасына кесілген, кейіннен үкім өзгертіліп, бәрі де 25 жылға бас бостандықтарынан айрылды.