Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

2. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбүр етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.

Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың үлесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9%

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.

XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Темір жол.

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.

Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.

XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.

3. Джадидизм және оның қазақ зиялыларының дамуына ықпалы.

ХIХ ғасырдың екінші жартысы-ХХ ғасырдың басы Ресейдің түркі-мұсылман халықтары қоныстанған аймақтары, ел өмірінің әлеуметтік-мәдени және саяси салаларында өзгерісті талап еткен жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуымен ерекшеленді. Өзгерістер негізінен ғылым мен білім салаларын қамтыды. Қалыптасқан жағдайда ұлт зиялылары діннің қоғамдағы алатын орнын бағамдап, жаңашыл өзгерістерді жүзеге асыру керектігін түсінді. Нәтижесінде мұсылмандық білім беру жүйесін реформалау үдерісі жандандырылып, білім беруде дүнияуи ғылымның маңызы артты. Оның үстіне, Ресей империясындағы саяси жағдайлар мен модернизациялық үдерістердің қарқанды дамуы да түркі-мұсылман халықтарына әсер етпей тұрмады. Осындай ортада өздерінің ұлттық және конфессионалдық мәселелерін шешу үшін Ресей мен Еуропа мәдениетінің жетістіктерін игеруге және пайдалануға бағытталған , қоғамды алға жетелейтін күш ретінде Ресей империясының түркі-мұсылман халықтарының қоғамдық дискурсында жаңа идеология – жәдидшілдік қалыптасты. Бұл - ислам өркениетінің адамгершілік негіздері мен рухани құндылықтары мен дәстүрлерін сақтай отырып, мұсылман мәдениетінің жаңаруы және модернизациялауы болып табылады. Жәдидшілдік Ресей империясының түркі-мұсылман халықтары мен қазақ зиялыларының ұлттық-прогрессивтік идеяларының негізінде жүзеге асырылған қозғалыс болып табылады. Қазақ жерінде мұндай жаңашылдыққа ұмтылуды қазақ зиялылыары Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсыновтар жалғастырды.ХIХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында Қазақ даласындағы жәдидшілдіктің қалыптасуы, халықты тоқыраудан алып шығатын әлеуметтік-мәдени, саяси өзгерістерді, интеллектуалдық күшті талап еткен кезең ретінде сипатталды. Осы кезде қазақ зиялылары қазақ даласында мұсылмандық білім беру жүйесін реформалаудың қажеттігін айтты. Реформа бастапқыда сауат ашуды қамтамасыз ететін және ұйымдастыратын бастауыш білім бертін мектептерде жүргізілді. Жаңа әдісті мектеп-медреселердің қалыптасуы қазақ халқының діни көзқарасының ерекшеліктері мен ұлттық танымының оянуына және заман талабына сай зайырлы білім алу қажеттігіне байланысты болды.ХХ ғасырдың басында Қазан, Орынбор, Уфа қалалары жәдидшілдіктің орталығы ретінде түркі-мұсылман халықтарын біріктірді. Осы қалалардағы «Мұхаммадия», «Хусаиния» , «Ғалия» жәдидтік медреселері қазақ жастарын зайырлы біліммен қаруландырып, олардың болашақ ұлт зиялылары ретінде қалыптасуына әсер етті. Жәдидтік мектеп-медреслер патшалы билік тарапынан түркі-мұсылман халықтарын діни және ұлттық ерекшелігі бойынша біріктіретін және орыс мемлекеттілігіне қарсы құрал ретінде қарастырылды. Жәдидшілдердің қызметі қазақ даласының мәдени-ағартушылық салаларын жаңа бағытта дамытуға, мәдениетте, баспа ісінде өзгерістерді жүзеге асыруға және т.б. мәдени мекемелерді ашуға бағытталды. Қазақ даласындағы жәдидшілдік идеясының таралуының мықты құралы мерзімді басылым болып табылды. Жәдидшілдер мерзімді басылымдарды ақпарат таратушы ғана емес, қоғамның осал тұстарын өзгерте алатын құрал ретінде қабылдады. Мерзімді басылымдар қазақ халқының дүние танымы мен ой-өрісінің дамуына айтарлықтай әсер етті. Сонымен, жәдидшілдердің бұл батыстық құндылықтарға негізделген мұсылмандық білім беру саласындағы жүзеге асырған реформасы қазақ халқының және зиялыларының қоғамдық-саяси және рухани өміріне жаңашылдық идеяларымен ықпал етті. Қазақ даласындағы жәдидшілдік ұлттық мәдениетті, идеологияны қалыптастырушы ретінде қазақ халқының ұлттық-тарихи мұраларын сақтаушы, өзіндік танымын қалыптастырушы және әлемдік өркениетпен байланыстырушы феномен болып табылды.

4. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.

ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... . ... енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет—ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды.... .... енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде.... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып—соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде ..." [1, 30 б.] Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды.

5. Ә. Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ да­ласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әле­уметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси бел­сенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қай­раткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерек­ше ықпал етеді. 1905 ж. бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Се­мейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петици­ясын ұйымдастырушылардың бірі болған. 1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә. Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен тараты­лып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә. Н. Бөкейханов да солардың арты­нан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньше­виктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды. 1909–17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911–14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау ке­рек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік ду­масының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды. Алаш Орда

Ә. Бөкейхановтың Жаза кесіміОл Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасы­ның құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдасты­руға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республи­касының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық на­мыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә. Бөкейханов Мәске­уге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы та­мызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі. 1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды