Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер: себептері мен салдарлары.

1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей облысының жерінде орналасқан атом полигоныәлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілерінің ішіндегі ең ірілерінің бірі еді. Сондықтан да оның зардаптары да ірі болды. Батыс Қазақстанда Капустин Яр дегн жерде де атом полигоны жұмыс істеп тұрды. КСРО Қорғаныс министрінің хабарлауынша, Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада қуаты әр түрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 килотоннаға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған. Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей

Полигонында өткізілді, қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны 300-ге жетті. Сынақ жарылыстары Қазақстан жері мен халқына аса ауыр зардаптар тигізді. Полигондар ең алдымен өздері орналсқан жерді тоздырды. Ол жердің ауа райы өзгеріп кетті. Суы тартылып, ауасы мен шөбі ластанды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тіршілік үшін өте ауыр болды. Аумақтың флорасы мен фаунасы орны толмас шығынға ұшырады. Әсіресе адамдардың тартқан зардаптары жан түршігерлік болды. Семей өңірінің және іргелес жатқан Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстарының тұрғындары арасында қатерлі ісік, қан ауруларының үлесі көбейіп кетті. Адамдар арасында жүйке дертіне ұшырауы, өзіне –өзі қол жұмсау, шаштың сыпырылып түсіп қалуы, тері аурулары жиілеп, бұрын медициналық іс жүзінде байқалмаған белгісіз індеттер бой көрсете бастады. Балалар өлімі, бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуі, іштен мүгедек болып туу, өлі туу құбылыстары да көбейіп кетті. Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді. Қазақстанның оңтүстігі мен Өзбекстанда суармалы егіс алабының артуына байланысты мелорациялық жұмыстар жүргізілді. Сырдария мен Амудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапқа жол берілді. Соның салдарынан Арал теңізінің суы үш есе азайып, бұрынғы жағалаудан кей жерлерде 80 шақырымға дейін ысырылып, деңгейі 49 метрлік белгіге дейін төмендеді. Теңіздің құрғап қалған табанынан ұшып жатқан тұзды боран мыңдаған шақырымға дейінгі жер бетін басып, қоршаған ортаны әбден бүлдірді, мұздақтарды ерітті, даланың шөбін, егінді тұздандырды. Арал өңірінің шаруашылығы да қатты зардап шекті. Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмыстан айырылды. Елді мекендер қаңырап бос жатты. Халық тұрмысы мейлінше нашарлады. Соның салдарынан адамдардың денсаулығына қатты зиян келді. Өкпе, ентікпе аурулары берден көбейіп, балалар өлімі күрт жоғарылады. Экологиялық дағдарыстың шиеленісуі ірі кәсіпорындар шоғырланған Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Өскемен, Теміртау тәрізді қалаларда да көрініс берді. Оның себебі, зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарында көп жылдар бойы технологиялық үрдістер жаңартылмады, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді. Өндірістік зиянды қалдықтарды суға, ауаға, топыраққа араластыруға тосқауыл қайылмады, қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға көмектесу, оларға қаржы бөлу істері тыңғылықты жүргізілмеді.