Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

75. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы. Оның Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны.

Целиноград қаласына Ақмола деген ежелгі атауы қайтарылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және парламенттік Қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.1998жылы егемен Қазақстан мемелекетінің астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды.Оның өзіндік себептері бар.Бастысы- солтүстік аймақтада инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту көзделді.Сондай-ақ, Астана тоғыз жолдың торабы, оның экономикалық мәні зор.Демографияғада тиімді әсерін тигізеді, сонымен қатар солтүстік аймақта жергілікті ұлт өкілдерінің санын көбейтуде назардан тыс қалған жоқ.Жаңа қаланың бой көтеруі мыңдаған жұмыс орнын берді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этнткааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразиялияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әртүрлі 12 қаласын басып озды.1997 жылдан бері Астана қаласы ҚР-ның саяси орталығы болды. Астана- әлемдегі ең жас астана, қаланың геосаяси орналасуы, коммуникациялық даму мен көліктік инфраструктурасы мен шалғайда жатқан бос жерлер бұл шешімді қабылдауда негізгі ықпал етті. Астананың сапалы әрі аумақты дамуы ең алдымен шығыстық дәстүрлер мен беделді батыстық сәулетші қиялдарының шарықтауы, қаланың сәулеттік келбетімен тығыз байланыты. Қаланың бас жоспары елбасы Назарбаевтың жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кише Курокаваның өнері арқылы қалаға евразиялық келбет келтіре отырып, іске асты. «Бейбітшілік пен келісім сарайының» және «Хан шатыры» ғимараттарының бірегей сәулеттік жобалары итальяндық Манфреди Николетти өнерпаздың жобасымен салынды. Астан қазіргі Қазақстан экономикасындағы серпінді өзгерістер бейнесіне айналды. Бүгінгі күні республикамыздың елордасы – өзінің экономикалық, іскерлік әлеуеті арқылы ең бір асқақ жобаларды жүзеге асыруға шексіз мүмкіндік беретін болашақтың қаласы.

76. Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық үрдістер. (1191 ж.-қазірге дейін).

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Республикада халықтың табиғи қозғалыс процесін бейнелейтін көрсеткіштердің жалпы деңгейі артуда. Соңғы халық санағының мәліметтеріне қарағанда, елдегі тұрғындар саны 1 миллион 246 мың адамға, 7,7 процентке азайған. 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7 % ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны 16 млн 475 мың болса, оның 6 млн 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш елімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Халық санының өсуі өте баяу жүрді. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90- жылдардан бастап жаппай миграция мен туу үдерісінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық. 1991 жылдан бастап миграция жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991 ж. Моңғолиядан 41 мың қазақ келді. 1993 ж. алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген. Ресейден, Прибалтикадан, Украинадан, Закавказьеден, Тәжікстаннан 50 мыңға жуық қазақ елге оралды. Осы жылдары Қазақстанға көшіп келгендердің саны 2240,8 мың адам болса, кеткендері 32210,3-тен асып кетті. Республика халқының саны – 1992 жылдың аяғында 17 млн болды. Оның 9,8 млн адамы қалалық жерлерде, 7,2 млн ауылдық жерлерде тұрды. Жерді алыпжатқан Қазақстанның әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келеді. Бұл Қазақстанның әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін оңғартады. Тұрғындар санының күрт кемуі Қарағанды (335210 адамға немесе 19,1 пайыз) Шығыс Қазақстан (236201 адамға немесе 13,4 пайыз), Ақмола (228135 адамға немесе 21,5 пайыз), Қостанай (206115 адамға немесе 16,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (186085 адамға немесе 20,4 пайыз), Павлодар облыстарында (135330 адамға немесе 14,5 пайыз) анық байқалуда. Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімінің төмен деңгейде болуынан туындауда. Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, өлім-жітім, ажырасу секілді, т.б. теріс көрсеткіштер, көші – қондық процестердегі теріс сальдо бәсеңдеді. Бұл – елдегі демографиялық ахуалдың жақсарып келе жатқандығын айғағы. Үкіметтің осы бағыттағы қызметіне үлкен үмітпен қарауға болады. Ең бастысы, қазіргі демографиялық мәселедегі басым бағыттарды дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білу керек. Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдығы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.

77. ҚР-ның «Жемқорлықпен күрес туралы» заңы: өзектілігі және нәтижелері.

Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Жемқорлық – қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті және тәлімді қалыптастырудың нәтижесі мынандай болмақ:

– сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке төнетін қатер екенін азаматтардың сезінуі;

– жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру және жемқорлыққа жақындықты аластату;

– пара беруді өз мәселелерін шешудің әдісі деп қарайтын халықтың үлесін түбегейлі азайту;

– халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін 2025 жылға қарай 60%-ға дейін көтеру.