Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

26. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937ж. Конституция.

Алғышарттары:

РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР-і дамыған индустриялы-аграрлы республикаға айналды;

Жұмыс табының көп ұлтты отряды жедел қалыптасты;

Шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгерді;

Халық зиялыларының елеулі тобы құрылды;

Қазақ әйелдері қоғамдық және шаруашылық өмірге белсене араласты. Еңбекке жарамды 3,3 млн. адамның 1 млн. -ға жуығы жұмысшылар мен қызметшілер болды. Олардың 20%-ы – түсті металлургияда, 120 мыңы – тасымал жұмысында, 46 мыңы – құрылыстарда еңбек етті. Осылайша, Қазақстан 15 жыл ішінде кеңестік мемлекетті қалыптастыру жолымен жүріп өтті. 1936 жылғы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше VIII съезінде КСРО Конституциясы қабылданды. Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ КСР-і атанды (барлығы 11 одақтас республика). 1937 жылғы наурыз – Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды. Онда:

Республиканың саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері;

Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. 1937 жылғы желтоқсан — КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Жоғарғы Кеңеске республикадан 44 депутат сайланды. 1938 жылғы маусым – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды:

112-сі – жұмысшы;

116-сы – колхозшы;

152-сі – қазақ;

60-сы әйел, оның 27-сі қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестер сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.

20–30 жылдар кезеңінің қорытындысы:

Тиімді жағы: Қазақ халқының саяси теңдікке, территортялық автономия құқығына қолы жетті. Индустриясы жедел дамыды. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:

Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті; Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты; Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.

Қазақстан тарихындағы алғашқы жазылған ресми конституция КСРО құрылғаннан кейін қабылданды. 1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі В.И. Ленин мен М.И. Калининнің қол қоюымен «Қырғыздың (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданып, оның бірінші тарауында Қазақтың Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы РКФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ АКСР Кеңестерінің ІV съезінде Қазақстанның бірінші Конституциясының жобасы талқыланып, құпталған болатын. Қазақ Орталық Атқару Комитеті 1926 жылдың ақпанында Қазақ АКСР Конституциясын қабылдау туралы қаулы шығарды. Ресей Федерациясының Конституциясы бойынша автономиялық республикалардың конституциялары Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті бекіткеннен кейін ғана заңды күшіне енетін. Қазақ АКСР Конституциясы заңды түрде жоқ сияқты болды, бірақ та Конституцияның нормалары феодализмнен социализмге өтудегі өтпелі кезеңнің міндеттеріне сай еді. 1937 ж. Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл конституция бойынша Қазақстан одақ құрамындағы тәуелсіздігін сақтай отырып, тек сөз жүзінде ғана мемлекеттік билікті өзі жүргізетін мемлекет ретінде бекітті. Бұл Конституцияда біраз маңызды мәселелер қамтылды. Қазақстанның заң жүзінде «Қазақстан» атанғанына бір ғасырдай уақыт болды. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылды. Бірақ соған қарамай Қазақстанның Автономиялы Конституциясы бекітілмеді. Кеңес үкіметі заңы бойынша, Федерацияның орталық органы Конституцияны бекітуі керек еді. Сондықтан 1920 жылдан 1937 жылға дейін Қазақстанда Конституция болған жоқ деуге негіз бар. 1936 жылы КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданды да, ол Конституцияның негізінде Қазақстан Автономиясы субект дәрежесіне көтеріліп, Одақтас Республикаға айналды. Ал одақтас Республиканың Конституциясыз болуы мүмкін емес-ті. Содан, Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Өз кезегінде бұл Конституция 1978 жылға дейін қолданыста болды. Өйткені, сол жылы КСРО-ның үшінші Конституциясы қабылданды. 1936 жылы қабылданған КСРО конституциясының 13 бабына сәйкес Қазақ КСР-ы одақтас республика статусына ие болды. Осыған байланысты 1936 жылғы маусым айында республика Орталық Атқару Комитетінің президиумы Қазақ КСР Конституциясының жобасын дайындау үшін комиссия құрды. 1937 жылдың ақпан айында Қазақстан ОАК-нің президиумы жобаны мақұлдап, республика кеңестерінің төтенше Х съезінің талқылауына ұсынды. 1937 жылдың 9 ақпанында «Социалды Қазақстан» газетінде Қазақ КСР кеңестерінің Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы Ұ. Құлымбетов, Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің хатшысы Т. Жұмабаевтың қатысуымен өткен Х бүкілқазақтық съезінің қарауына беру үшін Қазақ КСР орталық Атқару Комитеті президиумының  Қазақ КСР Конституциясы туралы қаулысы бойынша Қазақтың кеңестік социалистік республикасының конституциясы (негізгі заңы) жобасының мәтіні жарияланды. 1937 жылдың 21-26 наурыз аралығында өткен Кеңестердің Х бүкілқазақтық съезінде, заңды түрде Қазақ КСР-нің нағыз бірінші Конституциясы қабылданды.