Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

73. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты: мәселелері мен оны шешу жолдары.

Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған болатын. Бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде түсінідіріледі. КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені шешуі қажеттігін туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны ресімдеу бойынша келіссөздер процесіне белсене кірісті. Делимитация және де­мар­­кация мәселесіне келе­тін бол­­сақ, Қазақстан Рес­пуб­­ли­ка­сы­ның құрлықтағы Мем­лекеттік ше­карасының ұзақтығы 13 380 ша­қырымды құрайды. Ресей Федера­циясымен арадағы шекарамыз делимитация қоры­тындысы бойынша – 7548 ша­қырым. Қазіргі күнге дейін барлығы 3000 шекара бағанасы орнатылды. Сонау 2009 жылы басталған жұмыс қарқынды жүргізілуде. Қа­зіргі уақытта, демаркациялық жұ­мыстар таулы, ну орманды өңірге жақын­дап қалды. Мұндай рельеф де­маркациялық үдеріске өз кедергісін тигізгелі тұр. Осыған байланысты жұмыс қарқыны кішкене баяулап, қосымша мате­риалдық, қаржылық шы­ғындарды қажет ететіндігі сөз­сіз. Дегенмен, бұл мәселелер шешімін тауып, белгіленген міндеттер нақты орындалады деген ойдамыз. Қырғыз Республикасымен ара­­дағы шекараның жайына тоқ­тал­сақ, демар­кацияланған шекара сызығының ұзы­н­дығы 1257 ша­қырымды құрайды. Ше­кара сызы­ғының ұзына бойына 533 шекара бағанасы орнатылды. Далалық демар­кациялық жұмыстар 2008 жылдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде жүргізілді. Ал Түрікменстанмен ара­дағы демар­кацияланған шекара сызығы 459 шақырымды құрайды. Бұл бағыт бойынша барлығы 178 шекара ба­ғаны орнатылды. Тағдыр табыс­тырған тағы бір көршіміз – Өзбекстан Республикасымен арадағы шекарамыз делимитация қорытындылары бойынша 2351 шақырым. Қазіргі уақытта шекараның өн бойына 776 шекара бағанасы қойылды. Қытай Халық Республи­касы­мен арадағы шекарамыздың жө­ні бө­лек. Ол негізінен бұрын­нан-ақ қа­лып­тасқан шекара деуге болады. Де­маркациялық жұ­мыс­тардың қо­рытындысы бойынша оның ұзындығы 1783 шақырымды құрайды. Демар­кация туралы хаттамаға 2002 жылы қол қойылды. Осыған сәйкес 346 шекара бағанасы орнатылды. Қысқаша айтқанда, делимитация және демаркация үдерістері бойынша бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыс ауқымы осындай. Жоғарыда аталған жұмыстар бойын­ша әлі де бірлескен комиссиялар жұмыс істеп, қажетті бекіту құжаттарын дайындайтын болады.

74. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары.

Қазақстан-2030» - Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады. «Қазақстан­2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады: Ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Қазір Үкімет 2020 жылға дейінгі еліміздің дамуы туралы маңызды құжатты әзірледі. 2010 жылдан бастап соның алғашқы бесжылдық жоспарын жүзеге асы­руға кіріспекпіз. Басқа мемлекеттерден біздің ерекше­лігіміз қазіргідей дағдарыспен күрес мәселесімен қатар, еліміз­дің болашағын көксеген осын­дай перс­пективалық мәселелерге мән беруіміз болып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде елдің экономикалық жағдайы ауыр еді, шетелдік инвесторларды жедел тарту үшін мемлекет оларға әртүрлі преференциялар мен жеңілдіктер беруге мәжбүр болды. Иә, шетелдік инвестор­лар Қазақстанға келе отырып, зауыттар, жолдар салды, инфрақұрылымдарды жаңғыртты, өздеріне белгілі бір әлеуметтік жауапкершіліктер алды. Келесі бір көңіл аударарлық мәселе – ол қазақстандық мамандарды даярлау. Өткен жылы жер қойнауын пайдалану­шылар ғана кадрлар даярлауға және қайта даярлауға 140 млн. АҚШ долла­рын жұмсауға міндеттеме алды. Осы жерде неге шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері арасында қазақстан­дық азаматтар жоқ, неліктен біз әлі күнге дейін мыңдап шетелдік жұмыс күшін тартудамыз деген сұрақ туады. Мысалы, өткен жылы Қазақстанға 30 мың шетелдік қызметкер әкелу жоспар­ланған (2009 жылғы 1 жартыжыл­дықтың қорытындысы бойынша Қазақстанға 17 935 шетелдік жұмыскер тартылған, бұл алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40% аз. Бірақ егер жұмыскерлерді санаттары бойынша қарастыратын болсақ, басшылар мен 1-санат жұмыскерлері саны ұлғайғанын көреміз — 12835 адам (71,6%).