Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

107. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, міндеттері, тарихи маңызы.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ. Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.

108. ҚР-ның ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастығы. Еуразиялық Экономикалық Одақтың кызметі.

Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар. Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды. Осы тұрғыда біртіндеп жалпы дүниежүзілік проблемаларды ғаламдық түсіну орнай бастайды. Қазіргі кезеңде жаһандану-жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекеттердің рөлі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің және ғаламдық «желілер» кұрылымының (мысалы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық әртүрлі топтар) рөлі жоғарылаған сатысына өтті. ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды. Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да «Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит» және «Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты» сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т.б.) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды. Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді. Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек. «Дамудың Қазақстандық моделі» казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Еуразиялық экономикалық одаққа дейін бізде Еуразиялық экономикалық қауымдастық болды. Ол қауымдастық өзінің алдына қойған мақсаттарын орындағаннан кейін өз күшін жойды. Ол қауымдастық арқылы біз Кеден одағын құрдық. Одан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруды көздедік. Сол кеңістікті бүгінде құрып отырмыз деуге болады. Кеден одағы жұмыс істеуде. Осы кеден одағында біздің экономикалық шекараларымыз ашылды. Кеден одағында экономиканы дамытып келеміз. Бірақ экономиканың саласы көп. Жалғыз кеден одағымен ол шешілмейді. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ іске қосылмақ. Алғаш тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын. Еуропалық Одақ интеграцаиясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылды. Еуразиялық Экономикалық Комиссия және 2012 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық Экономикалық Кеңістік жұмыс істей бастады. Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылатын экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітуімен, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан Кеден одағы кеңістігінде жұмыс істей бастайды. Экономикалық тұрғыда Еуразиялық экономикалық одақ Еуроодақтың, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның ырғақты экономикаларын байланыстыратын көпір болмақ. Бүгінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы жүзеге асырылуда. Уақыт өте келе осы маршрут бойына Еуропа және Қытай рыноктарына тауарлар жеткізу мерзімін 3,5 еседен астамға қысқартуды қамтамасыз ететін заманауи көліктік-логистикалық жүйе түзілетін болады. Трансеуразиялық жүрдек темір жол желісін құрудың болашағы да зор. Еуразиялық экономикалық одақ экономикамызды алға дамытудың тағы бір серпін беретін тегершігі болмақ. Біз өндіретін тауарлар әзірге Еуроодақ елдері шығарып жатқан тауарға бәсеке бола алмас әрі ол жақта сұраныс бола қоймас. Сондықтан біз өзіміз өндірген затты Еуразиялық экономикалық одақ көлеміне сата аламыз. Өйткені бұл аймақта 170 миллион адам тұрады. Яғни үлкен тұтынушы шоғыры бар деген сөз. Бейбітшіліксіз өркендеу де, экономикалық өсім де болмайды. Қазір әлемде жаһандану процесі жүріп жатыр. Үш ел тең құқылы Еуразиялық экономикалық одақ құру арқылы әлемдік нарықта төл мүдделерін қорғайды. ЕАЭО құрудағы мақсат - тауарлар, экономикалар мен жұмыс күштерінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету. Болашақ одақта барлық мәселе консенсустық негізде шешілетін болады, яғни түпкілікті шешім үшін барлық үш мемлекеттің де келісімі талап етіледі. Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінiң зейнетақы жүйелерiнiң үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында зейнетақымен қамсыздандыру тұжырымдамасы жасалады.