Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖ оу ралы 2.doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.59 Mб
Скачать

Корсету

Талықсу кезінде сыркатты оның басын денесінен томенірек етіп жатқызған жөн. Бүл бас миын кан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу кажет (жаганың түймесін агыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауа- ның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатка иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы қүралдар сыркатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.

Өте ауыр жағдайларда жүрек кызметін жаксарту және та- мырлардыд соғысын арттыру үшін сыркаттың терісіне кофе- ин кордиамин енгізеді.

Коллапс — өмір үшін қауіпті жагдай, қан кысымының омірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарла- ған кезінде түсуімен сипатталады. Бүл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяк-колы суынады. Алайда коллапс уланган және ауырған (сүзек, екпе ауруы, кауіпті панкриотит және

тағамнан шықкан аурулар) кезде пайда болады. Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық кысымы сы- нап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара колданбаса адам қаза болады.

Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондыктан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін колданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дүрыс.

Тамырлардың соғысын арттыру үшін теріге 1 % - 1 мл меза- тон, 25 % - 2мл кордиамин, 5% - 1 мл эфедрин, 0,1%-1мл адреналин, 10% -1мл кофеин енгізеді. Осы шаралардың бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты та- рылған сырқаттарды шүғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханага апарады.

Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректід сыртынан ыскылайды (жүрек түсындағы кеуде клеткаларын ырғакпен кысады) және «ауызға-ауыз» төсілімен жасанды ты- ныс алдырады.

Жарақаттан естен тану туралы түсінік

Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану бо- лып табылады.

Естен тану орталық нерв жүйесі қызметінің күрт на- шарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қыз- метінін тоқтауына алып келстін ауыр жагдай.

Естен тану қатгы ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады: сүйектің закымдануынан болған жүмсак үлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қат- ты жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен кезде, дене суынғанда, қорыкканда, шектен тыс ойға шомғанда, сәулеге үшыраған- да, жүқпалы ауруларда жиі кездеседі.

Екі кезеңнеп турады:

1. Бастапқы кезең. Өте кысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы топ, сыркат бір орында түрмайды, айғайлайды, бүл жағдайда сыркаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр согысы жиілейді. Бүл кезең жедел екінші сатыға көшеді.

2. Екінші кезең. Орталык нерв жүйесі кызметінің әлсіреуі

басталады, комек сүрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денссі еуык, беті ағарган, та- мыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінслі, сүрақтарга жауап бермейді.

Бүл кезең клиникалық көріністердің ауырлыгы бойынша үш түрлі дәрежеге бөлінеді.

/ дәреже — жәй естен тану. Ес сақталады, сырқат сүрақта- рга дүрыс жауап бсреді, алайда әңгімегс күлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады. Дене температурасы ка- лыпты немесе сәл төмендейді. Көздің қарашығы үлкеймейді, жарыктан тітіркемсйді.

Тамырдың согысы бір қалыпты, жиілігі минутына 100- 110 соққы. Күре тамырлық кысым сынап бағанасы бойынша 110/65 мм.

Тыныс алу бір қалыпты, терең, кейде жиілейді.

II дәреже қатты естен тану. Жагдай ауыр. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің коршаған ортага күлкы жоқ. Сыр- ткы әлем әсерін әлсіз сезінсді. Көздін карашыгы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенеді. Рефлекстердін барлық түрлері төмендетілген. Тері сүрғылт түске еніп бозарып ақшылдана- яы, үстаған кезде салқын, дене температурасы төмендеген. Тамыр согысы жиі, жүректің ыргағы баяу естіледі. Күре та- мырлык қысым сынап баганасы бойынша 70/40 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі.

III дәрежс — өте ауыр жагдай. Зардап шегушінін мүлдем ссі жоқ. Тері бозарады, суык, салкын тері шып-шып шығады. Көздің қарашыгы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді. Күре тамырлык қан қысымы анықталмайды, тамырдың согы- сы байқалмайды, тыныс алу бір қалыпты емес. Дененің күры- суы мүмкін.