Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

6.Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.

Көркем мінез қалай қалыптасады?

Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты ерекше атаған жөн. Жан жақты дамыған, жарасымды, көркіне ақылы сай жастар арамызда жүр.

Алаштың ардагері Жүсіпбек Аймауытов былай деген: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білім берудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек».

Бала бидің сөзін есте сақтаңыз.

Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым,

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – шәкірттің көңілі.

Егер, шын мәнінде, жас азаматпен үйлесімді жұмыс жүргізілсе, сол тәлім-тәрбие де, білім де нәтижелі болмақ. Бұл - адам бойындағы көркем мінездің қалыптасу жолы.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Көркем мінезге нелер жатады?

    2. Арамызда жарасымды жастар бар ма?

    3. Ж.Аймауытов мектеп тәрбиесіне қандай баға берген?

    4. Бала бидің сөзінен не ұқтыңыз?

    5. Жас азаматпен қалай жұмыс істеген дұрыс деп ойлайсыз?

7.Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.

А) Алыстан әжеңіз келді, ініңіздің мінезі жайлы айтыңыз.

Ә) Әріптесіңізге сипаттама беріңіз..

Б) Курстас құрбыңызды анаңызға таныстырыңыз.

8.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Ұят – адамның рухани өміріндегі реттеуші күш.

Ол ағаттықтан қорғайды,

ізеттілікке жетелейді,

қателікке жол бермейді,

имандылықтың тетігі,

адалдықтың сақшысы.

Ұялу мене ұялту - қосақты ұғым. Бірі – ішкі әсердің қысымы, екіншісі – сыртқы әсердің дүмпуі.

Ұялу – аңғалдықтан, қызбалықтан туған ерсі әрекеттің салдары. Арлы кісі ұятына кешірім сұрап, қайталамауға бекінеді.

Ұялту – ұят қағидасын бұзған, әдептен аттаған, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, өсек таратқан адамды өрескелдігін, жағымсыздығын түсіндіріп, айыбын бетіне басу.

Жәрдем Кейкін

9.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Әдеп жайлы біліп алыңыз.

Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі барлық имандылық анадан тарайды, ал, рухани мінез әдептен туады.

Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Әдеп адамда есі кіргеннен-ақ, жастайынан дариды, ешкімнің ақыл-кеңесінсіз жамандықтан алыс қасиет.

Әдеп – мәдениеттіліктің,

зиялылықтың,

кісіліктің көркі,

әсемдіктің өрнегі,

адамның асқақ абыройы.

Әдептіліктің бір үлгісі – биязы сыпайылық, қарапайымдылық. «Сары майдан қыл суырған» тазалық, пәктік.

«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген» деп аса әдепті адам жайлы айтады.

10.Берілген сөздерді құрамына қарай талдап, жалғанған қосымшаларды атаңыз.

Әдептілік, мәдениеттілік, жамандық, зиялылық, кісілік, әсемдік, сыпайылық, қарапайымдылық, тазалық, пәктік.

Үлгі: әдеп ті лік,

      1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Анадан не тарайды, әдептен не туады?

  2. «Уыз мінез» дегенді қалай түсінесіз?

  3. Әдептілік адамда қай кезден бастап пайда болады?

  4. Әдеп ненің белгісі?

  5. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген» деп қандай адамды айтады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]