Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

4. Мәтін құрамындағы сан есімдерге толық талдау жаса-ңыз. Яғни құрамына, мағынасына, сұрағына, атқаратын қызме-тіне қарай табыңыз.

  1. Сөйлемдерден сан есімдерді тіркескен сөзімен бірге теріп алып, сөзбен жазыңыз.

Қазір бірқатар мемлекеттерде туризмнен түсетін табыс ел экономикасының 20 пайызын құрайды. Ол 1955 жылдың аяғына қарай ашылған болатын. Алматы қаласы өзінің ең алғашқы шетелдік туристерін 1956 жылы қабылдаса, 1974 жылы бұл сан 8 мыңнан асып үлгерді. 1981 жылы Интуристке «Отырар» қонақ үйі пайдалануға берілді. Шетелдіктердің Қазақстанға көп келген кезі 1985-86 жылдар аралығы болатын. Онда Польша, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания елдерінен 42 мыңдай турист келген еді.

6. Қазақстанға шетелден досыңыз (туысыңыз, танысыңыз) келді, қайда апарар едіңіз?

7. Алматыға ауылдан досыңыз келді, саяхатты неден бастайсыз? Сұхбат құрастырыңыз.

8. Мына сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.

  1. 1955 жылы Қазақстанда қандай туристік компания құрылды?

  2. Туризм туралы Заң қай жылы қабылданды?

  3. Туристер Алматы қаласына қай жылдан келе бастады?

  4. Тарихи мекендер мен ескерткіштер қай жерлерде орна-ласқан?

  5. Туризмге шыққанда өзіңді қалай ұстауың керек?

  6. Өздерің тұрған жерде табиғаттың қандай әсем жері бар?

  1. Қазақстан туризмінің болашағы туралы сұхбат құрыңыз-дар?

Тыңдайық!

9. Мәтінді тыңдап, өз пікіріңізді қосыңыз.

Статистика ұйымдарының көрсеткіштері бойынша Қазақ-станға келген туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсету туралы мәлімет жинап, одан түсетін пайда көлемін есептеңіз?

10. Төмендегі кестені толтырыңыз.

Туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілді

2000-2003

2004-2006

Адам саны

жалпы көлемдегі бөлігі %

адам саны

жалпы көлемдегі бөлігі %

Кіру туризмі

Шығу туризмі

Ішкі туризм

Барлығы

Бөж тапсырмасы :

«Қазақстандағы туризм ошағы» тақырыбына шығарма жазыңыз.

VIII апта

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

1-2- сабақ

Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.

1–тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің орысша баламасын табыңыздар, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

Сәндік бұйымдарды зерлеу, айшықтау, кәсіби шеберлік, өз мамандығының данышпаны, ізденушілік, зерттеушілік, ізгілік тұрғысынан, жүрегінен орын алу, тәжірибе жинақтау, машықтану, икемділік, тамақ асырау, күнелту, жеке қасиеттері мен қызығулары, мағлұмат алу, ауып кету.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мамандық иелері атауларының орысша баламасын табыңыздар. Сөйлемдерді түріне қарай ажыратыңыздар. (Жай немесе құрмалас)

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек, Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б. Экономист мамандығы атқарушылық, әкімшілік және қаржылық қызмет түрлеріне жатады. («Алуан-алуан кәсіп бпр, Таңдай біл де талап қыл» Анықтама.)

3–тапсырма. Аталған мамандық иелері қандай істермен айналысады? Олар туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Мысалы: Зергерлік - әшекейлі бұйым жасау өнері, бұл өнер түрімен айналысатын адамдарды зергер деп атайды. Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста.

4– тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Мамандық таңдар кез келді. Сіздің таңдаған мамандығыңызға ата – анаңыз қарсы болды. Мамандықты дұрыс таңдағаныңызды, сол мамандыққа бейіміңіз бар екенін дәлелдеңіз, сұхбаттасыңыз.

5– тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

- Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?

-Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

-Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?

6-тапсырма. Сіз таңдаған мамандық бойынша жұмыс істейтін адамнан интервью алуға қажетті сұрақты ойластырып, жазыңыз.

7 -тапсырма. Оқыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз, дәлелдеңіз.

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние емес. Бұл - өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, жүрісі , көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыру мол білімділікті, ақылдылықты, іскерлікті қажет етеді.

- Ұстаз болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет?

- Сіз таңдаған мамандықты игеру үшін сіздің бойынызда қандай қасиеттер болу керек?

- Қай қасиетті бірінші орынға қояр едіңіз?

8–тапсырма. Құрмалас сөйлемдерді тауып , түріне қарай ажыратыңыз. (салалас, сабақтас) Мәтін бойынша пікірлесіңіз.

(Латын. Professio – өз ісім) – кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде алынатын белгілі бір білімдер мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық , реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орындары мен түрлі мамандық туралы толық ақпарат алулары керек. Сонымен қатар, мамандықты таңдау ережесі жайлы мағлұмат алу, таңдаған болашақ мамандығының ісін анықтап алу да артықтық етпейді. Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер: бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру; достарынан қалмау үшін мамандық таңдау; мамандыққа бағыт – бағдар берушілерге ауып кету; мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі; өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.

9–тапсырма. Құрмалас сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, сөйлемді аяқтаңыздар..

Жастар көбіне өздері қызықпайтын мамандықты таңдайды, себебі ----------- . Мамандық үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет етеді, ол -------------------------- . Мамандықты дұрыс таңдау үшін өзіңнің жеке қасиеттеріңді білу аз, ол үшін ------------------------------ . Егер дұрыс мамандық таңдағыңыз келсе, ----------------- . Сен мамандыққа бағыт – бағдар берушілерді көп тыңдадың, сондықтан ----------- .

10-тапсырма. «Менің болашақ мамандығым» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

Салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Мысалы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.(Л.Толстой) Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты.

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

2-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

3-сабақ

Университет – білім ордасы

Университет – (лат.universitas –жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан – жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік - оқу және ғылыми – зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы университет ХII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет – Мәскеу университеті. (1755ж.) Байырғы университеттерге Львов(1661ж, алғашқыда академия ретінде құрылған), Тарту(1802ж.), Вильнюс (1803ж.), Қазан (1804ж.), Харьков (1805ж.), Санкт –Петербург (1819ж.), Киев (1834ж.), университеттері жатады. Орталық Азияда 1920жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ(1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті(1972ж.) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және көптеген жекеменшік университеттер бар.

3-тапсырма. Оқыңыз. Екі журналистің жауабын салыстырып, әңгімелеңіз.

Олардың мамандығына деген махаббаты мен жалпы журналистиканың бүгінгі беделіне байланысты пікірлерін білу мақсатында төмендегідей сауалдар қойылған:

1. Журналист мамандығын не үшін таңдадың?

2. Қалам ұстаған қауымның қоғамдағы мәртебесі қандай?

3. Қазақ журналистикасына қалдырар қолтаңбаң бар ма?

Максим Рожин, «Жетінші арна» тілшісі:

1. Бір қызығы мен журналист болғаныммен, мамандығым мүлде басқа. Кәдімгі еңбек пәнінің мұғалімімін. Алайда, журналистикаға қазақ тілін жетік меңгергенімнің арқасында келдім. Журналистік қызметімді тележүргізуші болып бастадым.

2. Қоғамда журналистиканың мәртебесі әжептәуір. Әйтсе де, көп жағдайда БАҚ өкілдеріне көзқарас ала –құла. Лайықты деңгейде мойындалмайды. Өйткені жұртты мақтап қана жағасың. Ал, проблема көтерсең, бәлеге қаласың.

3. Өз қолтаңбамды қалдыратын уақыт алда деп есептеймін.

Жәнібек Амангелдіұлы, «Заң және заман» («Закон и время») журналының редакторы:

1. Бала кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Үздік туындыларды оқи отырып, оқиға желісін көркем суреттеген жазушылардың шеберлігіне қызықтым. Осы қызығушылық мені журналистикаға алып келді.

2. Жалпы БАҚ – ты қоғамдағы төртінші билікке балап жатады. Қалам ұстаған қауымға бұл күлкілі естіледі. Көпшілігі журналистиканың өз тұғырына қона алмай жатқандығын тілге тиек етеді. Мұндай пікірмен келісуге болады. Оның бірқатар себептері бар. Бір ұшы кешегі кеңес өкіметі кезіндегі цензураға тиеді. Журналистер еркін шығармашылықпен айналыса алмады. Қоғамдық пікір де тек бір сарынды болды. Айналып келгенде барлығы биліктің қас – қабағына қарады. Осы жалтақтық кейбір БАҚ – та әлі күнге дейін бар. Шындықты шырылдатып жазбаған кейбір басылымдар журналистиканың мәртебесіне кедергісін келтіріп келеді.

3. Қазіргі таңда азаматтық журналистика, жаңа медиа бағыты қарқын алып барады. Жалпы интернетті әлем ақпарат құралы ретінде мойындап қойған. Өйткені, бүгінде жұртшылық БАҚ – қа қарағанда ғаламторды көбірек ақтарады. Блогшылар қауымының жазғаны баспасөзге басылған мақалалардан кем түсіп жатқан жоқ. Мен де «менің қолтаңбам!» деп айтуға тұрарлық дүние қалыптастыру бағытында еңбектеніп жатырмын.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Олар өз таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етіп жүр ме?

- Журналист мамандығы ның мәртебесі туралы көзқарастары қандай?

-Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбалары бар деп есептей ме?

5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша, сарапшылырдың қатал сынынан іріктеліп өткен талапкерлер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай – ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі – ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]