Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

Екінші сабақ. Мемлекетіміздің тілі

Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Н.Назарбаев

Тіл – қандай халықтың болсын тарихымен бірге өмір сүреді. Себебі тіл халықпен бірге жаралған. Халықтың тілінде – оның әдебиеті мен мәдениеті, мінезі мен дәстүрі сақталған. Өйткені, тіл – халықтың жаны, ертеңі, болашағы. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен беріледі. Сондықтан да, тілді кім де болса құрметтеуге тиіс. Адамды жақсылыққа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз. Сондықтан әр елдің мақтанышы – сол елдің ана тілі. Бірақ бүгінде кейбір отандастарымыз өздерінің ана тілін білмейді.

Қазіргі кезде «ана тілі», «жұмыс тілі», «мемлекеттік немесе ресми тіл» деген ұғымдар қалыптасқан. Ана тілі – әрбір халықтың тілі. Жұмыс тілі- белгілі бір ұйымдардың, бірлестіктердің немесе халықаралық конференциялардың, жиындардың тілі. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының алты жұмыс тілі бар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдері. Мемлекеттік немесе ресми тіл – белгілі бір мемлекеттің арнайы бекітілген тілі. Әлемде екі жүзге жуық мемлекет бар. Ал мемлекеттік тілдердің саны жүз жиырмаға жуық екен. Қазақ тілі осындай мәртебелі тілдердің қатарындағы тіл.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы бекітілді. Мемлекеттік тіл дегеніміз – қоғамның барлық саласында қолданылуға тиіс міндетті тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені тілдің жарқын келешегін көрсетеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік елтаңба секілді мемлекеттік маңызы ерекше рәміз. Сондықтан ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Яғни, тіл – әрбір елдің қуатты күші, сонымен бірге мәдениеті, байлығы. Ал мәдени, рухани байлық деген халықтың ақыл-ойының көрінісі. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Ол өзінің лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу нормаларымен танылған тіл. Көрнекті ғалым В. Радлов: «Қазақ тілі – түрік тілдерінің ішіндегі бай, бейнелі тіл» - деп жазған болатын. Бұл тілімізге берілген әділ баға.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеретін жан-жақты ұйымдық- насихаттық жұмыс аса қажет. Қоғамда мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметтеу отаншылдық қасиеттің бөлінбес компоненті деген ұғымды қалыптастыру, мемлекеттік тілді білгісі келгендердің ықыласын бағалап, көтермелеп отыру да маңызды. Сондықтан тілімізді шұбарламай, оның көркемдігін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу – баршамыздың басты парызымыз. Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болмақ.

1- тапсырма. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

  • ...............................................................................?

  • Тіл - халықтың жаны, ертеңі, болашағы.

  • ...............................................................................?

  • Иә, Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз.

  • ...............................................................................?

  • Жоқ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

  • .................................................................................?

  • Дұрыс айтасыз, Мемлекеттік тілдің мәртебесі – ту, әнұран, елтаңба сияқты нышандармен тең дәрежеде деуге болады.

  • ................................................................................?

  • Әрине, тіл - әрбір елдің қуатты күші, сонымен бірге мәдениеті, байлығы.

  • .................................................................................?

- Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбіріміздің басты парызымыз.

  • ..................................................................................?

  • Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен

ынтымағы берік болмақ.

  1. тапсырма. Сөздердің аудармаларын сәйкестендіріңіз.

  1. Бүкілхалықтық күрес многовековая практика

  2. қуатты толқын - исток

  3. сан ғасырлық тәжірибе мощная волна

  4. қайнар көзі сфера употребления

  5. қолданыс аясы национальное сознание

  6. негізін қалау всенародная борьба

  7. ұлттық сана заложить основу

3-тапсырма. Диаграмманы толтырыңыз.

4-тапсырма. Берілген жалғаулықтарды түрлеріне қарай ажыратыңыз

Дегенмен, әрі, да, немесе, де, әйткенде, та, мен, алайда, әйткенмен, сонда да, я, не, болмаса, біресе, сөйтсе де, әлде, және, өйткені, бен,себебі, неге десең, әйтпегенде, бірақ, ал, әйтсе де, егер, егер де, онда сөйткенмен, те, онда да.

5-тапсырма. «Мемлекетіміздің тілі» мәтініндегі сөйлемдерді «себебі, өйткені, бірақ, сондықтан, яғни» жалғаулықтарын қою арқылы сөйлем құраңыз.

6-тапсырма. Төмендегі берілген қанатты сөздерді естеріңізде сақтаңыз.

7-тапсырма. Мәндес сөздерді сәйкестендіріңіз.

  1. Болмыс халық

  2. Абырой өркендеу

  3. Өйткені бітім

  4. Ұлт себебі

  5. Мұрат сапар

  6. Қазына мәртебе

  7. Даму байлық

  8. Жол ақиқат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]