Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать
      1. 1.Төмендегі сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, олармен ауызша сөйлем құраңыз.

Он төрт, қырық, жүз жиырма, бір мың жеті жүз қырық, жиырма жеті, үш мың сегіз жүз, алпыс сегіз, жиырма тоғыз, он сегіз.

      1. 2. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз, мағынасын өз сөзіңізбен айтыңыз. Студенттің бос уақыты

Университетті ересек өмірдің бір үлгісі деп айтуға болады. Қазіргі студенттің, болашақ маманның және азаматтың бағыт-бағдары университет қабырғасында айқындалады.

Студент уақытын шартты түрде оқу уақыты (лекция, семинар, семинарға дайындық, кітапханада өткен уақыт) және сабақтан тыс яғни бос уақыт деп бөлуге болады.

Бұл екеуінің екінші бөлігі маңызды, себебі студенттің белсенділігі, болашақта қандай азамат болатыны осы бос уақытты қалай өткізетініне байланысты.

Осы тақырыпты ашу үшін «Студент және оның бос уақыты» деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Сұралған 100 адамның 67%-ының бос уақыты жеткілікті болып шықты. Алайда олардың 76%-ы бос уақытын қалай өткізетінін ойламаған, ал, 47%-ы бос уақытында ештеңемен айналыспаған болып шықты (яғни достарымен сыра ішеді, ұйықтайды, телевизор қарайды немесе жай қыдырып жүреді).

Мұндай салғырттық жастардың бойында мектеп өмірінен басталады. Университетке осындай салғырт, әрекетсіз болып қалыптасқан студенттер де оқуға түседі және олар тек 5 жыл «отырып» қана шығады.

Студенттің бос уақытта ештеңемен шұғылданбауы мынадай әлеуметтік мәселе тудыруы мүмкін:

  1. Нашақорлық, шылым шегушілік, маскүнемдік жыл сайын көбеюде;

  2. Ұрыс-жанжал, есеп айырысуға құмарлық, бірдеңені қирату, талқандау, т.б.

3.Жаңа сөздермен танысыңыз, олармен сөйлем құрап, жаттығыңыз.

Ересек өмір – взрослая жизнь

Университет қабырғасында – в стенах университета

Айқындалады – определяется

Сауалнама – опрос

Жеткілікті – достаточно

Бос уақытында – в свободное время

Салғырттық – пассивность

Әлеуметтік мәселе – социальные проблемы

Ұрыс-жанжал – «разборки»

Есеп айырысу – «стрелки»

Талқандау - погромы

      1. 4. Сұрақтарға жауап жазыңыз. Сан есімнің түрлерін қолданыңыз.

  1. Сіз өзіңіздің бос уақытыңызды жоспарлайсыз ба?

  2. Сіз бос уақытыңызды неліктен лайықты пайдалана алмайсыз?

  3. Сіз өзіңіздің материалдық жетімсіздігіңізді қалай толықтырасыз?

  4. Университетте сізге ұнайтын үйірме бар ма?

  5. Жеке өзіңіз ғана айналысатын хоббиіңіз бар ма?

6.Сіз өзіңіздің ғана жағдайыңыздың болғанын қалайсыз ба әлде қоғамға пайдалы іс жасағыңыз келе ме?

      1. 5. Жинақтық сан есімдерді табыңыз.

Біздің топтағы студенттердің алтауы қыз да, бесеуі – ұл. Менің ағамның бес баласы бар, олардың үшеуі ұл, екеуі – қыз. Менің қарындастарымның екеуі мектепті үздік бітірді. Түйеқұстың аяғы екеу.Түйенің өркеші екеу, нардың өркеші біреу.

6. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз өзіңіздің анаңызды сағынып жүрсіз. Досыңызға анаңызды қалай сипаттап айтар едіңіз? Соны жазыңыз.

Екінші-үшінші сабақ (2 сағат)

      1. 1. Сөйлесіңіз.

  • Әлия, сен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына қатысасың ба?

  • Ол қашан болады?

  • Ол келесі айдың 7-сінде болады.

  • Жоқ, қатыспаймын. Сен ше?

  • Мен, әрине, қатысамын. Баяндама өткізгенмін. Әлия, сен бос уақытыңда не істейсің?

  • Әр кезде әрқалай. Бөлмедегі қыздармен киноға барамыз. Кейде жай демаламыз. Туыстарымның үйлеріне қыдырып барып келемін.

  • Бос уақытыңда пайдалы істермен шұғылданбайсың ба?

  • Маған ештеңе қызық емес. Не істеу керек?

  • Тым болмаса, спортпен айналыс. Жүр, менімен бірге коньки тебуді үйрен. Керемет жақсы.

  • Ол қайда болады?

  • «Қазақстан» спорт кешенінде. Аптасына екі рет барамыз.

  • Жарайды. Келесі ретте сенімен бірге барып көрейін.

  • Өте жақсы. Келістік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]