Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_UMP_1_kurs.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
40.12 Mб
Скачать

Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

Бұл өздік жұмыстарында студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушының алдын ала берген күнтізбелік тапсырмасына орай, жұмыстар жүргізеді. Осындай тақырыптар шегінде оларға Отан, ел, тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер беріліп, студенттер оларды талдап үйренеді. Соған орай, аталған тапсырмаларды орындау барысында орыстілді студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдылары қалыптастырылады. Сонымен бірге, өздік жұмыста студенттердің дыбыстау дағдыларын қалыптастыру үшін патриоттық тақырыптағы өлеңдер беріледі. Оларды жаттау барысында қазақ тілінде сөйлеу актілері қалыптасса, оған қоса жаңа лексикалық минимумды игеру жұмыстары да қоса жүргізіледі.

Өздік жұмыс барысында, сонымен қатар, оларға жазба жұмыстарын жүргізу де мақсат етілген. Осындай жазба жұмыстарының негізгі түрі – эссе жазғызу. «Менің туған қалам», «Ұлттық дәстүрлер», «Өнер түрлері», «Қазақ өнері», «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері», «Қазақстанның сыртқы саясаты» және тағы да басқа ұсынылған тақырыптар бойынша жазылған эсселер арқылы студенттердің жазылым дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ жазу дағдысымен бірге олардың қазақ тілінде ойлау жүйесі де мейлінше артады. Бұларға қоса олар өз жұмысын жазу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. Соның негізінде, студенттердің мемлекеттік тілдегі сөз қорлары мейлінше еселенеді.

Білім алушыларға арналған өздік жұмыстары студенттердің академиялық сабақтарда алған тілдік дағдылары мен машықтарын бекітуге жәрдем жасайды.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар

Апталар

Тақырып аты

Тапсырма түрі

Сағат саны

1 апта

Өнердің түрлері

Реферат жазу

4 сағ.

2 апта

Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері

Баяндама әзірлеу.

4 сағ.

3 апта

Классик жазушылардың шығармаларымен танысу.

Көркем шығарма оқу

4 сағ.

4 апта

Менің жерімнің табиғаты.

Эссе жазу

4 сағ.

5 апта

Қазақстан экологиясы

Эссе жазу

4 сағ.

6 апта

Әйгілі саяхатшылар

Пікір алмасу.

4 сағ.

7 апта

Туған өлкеңді таны.

Эссе жазу

4 сағ.

8 апта

Мамандық таңдау

Баяндама әзірлеу

4 сағ.

9 апта

Басшы және ұжым

Сипаттама беру

4 сағ.

10 апта

Жастардың қоғамдық ұйымдары

Реферат жазу

4 сағ.

11 апта

Қазақстан және әлемдік ұйымдар

Эссе жазу

4 сағ.

12 апта

Тәуелсіздік жетістіктері

Реферат әзірлеу

4 сағ.

13 апта

Білім беру жүйесіндегі реформалар

ақпараттар әзірлеу

4 сағ.

14 апта

Оқу, білім туралы қанатты сөздер.

«Білім-өмір шырағы» эссе жазу

4 сағ.

15апта

Қазақстандағы белгілі ғалымдар.

Бейне көріністер

4 сағ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]